Микроэкономика



бет27/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




Сұрақ

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Жауабы

ә

б

ә

б

а

ә

б

а

ә

б




Сұрақ

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Жауабы

ә

ә

ә

в

6

а

ә

ә

а

ә




Сұрақ

31

32

33

34




Жауабы

б

а

а

а




166

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ

5 ТАРАУ

5.1. ӨНДІРІСТІК ФУНКЦИЯНЫҢ КЕЙБІР ЖАЛПЫ

ҚАСИЕТТЕРІ 169

5.2. ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ӨНІМДЕРДІҢ

ТҮСІНІГІ 171

5.3. ОРТАША ЖӘНЕ ШЕКТІ ӨНІМДЕРДІҢ

АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС 174

5.4. ФАКТОРЛАР ИКЕМДІЛІП 174

5.5. ИЗОКВАНТА. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРДЫҢ ӨЗАРА

АЛМАСУЫ 175

5.6. ӨНДІРІС АУҚЫМЫНЫҢ ӨСУ ТИІМДІЛІП 177

5.7. ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 180 167

168 5-тарау. Өндіріс теорпясы





Өндіріс теориясы

“Микроэкономика” курсының бұл тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді. Өндірілетін тауарлар-дың саны әндірістегі технологиялық әдістердің ерек-шеліктеріне байланысты.



Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізатгар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын әнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бәледі:

1) шикізаттар мен материалдар;

2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;

3) еңбек күші;

4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар).

Нақты әмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Өндірістік процесте п өндірістік факторлары қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін:



X =(х12,...,хп)

168


5.1. Өндірістік функцияның кейбір жалпы...

Мұнда, хгі — факторларының саны. Бұл факторлар п - түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:



У = (У12->Уп)-

Мүнда, уj — өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады.



V=(Х,У).

Егер барлық өндіріс факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:

У =f(х12....хп)

Өндірісті үйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп айтады. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшін, өндіріс шығындары тек қана L -еңбек және К - капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:

y=f (K.L)

Мүнда, у - өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.



5.1. Өндірістік функцияның кейбір

жалпы қасиеттері

Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тон жаллы қасиеттері төмендегідей болады.

169

5-тарау. Өпдіріс теориясы

I. Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен колдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны математика тілімен былай өпнектеуге болады.



2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір фак-тордың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни ай-нымалы фактордың өнімділігінін төмендеу заңы орын алады.



Бұл екі қасиет өндірістік функцияның бір фактор-



лық графигін алуға мүмкін береді.

5.1-сурет. Өндірістік функция

Зерттеліп отырған тәуелділік төмендегіндей болған уақытта,

У =f(х),

оның жазықтықтағы графигі 5.1-суретте көрсетілгендей бо-луы мүмкін.

3. Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.

Өндірістік процесті зерттеген кезде уакыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді.

1) қысқа мерзімді кезең - бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;

170


5.2. тарау. Жалпы, орташа және шекпгі өнімдердің...

2) ұзақ мерзімді кезең - бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.

5.2. Жалпы, орташа және шекті

өнімдердің түсінігі

Жалпы өнім — басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор деп те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.

Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.

Айнымалы өндіріс факторының орташа өнімі жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.

Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі:

Берілген көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуыньщ тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.

Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірісгік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың

171


5-тарау. Өидіріс теориясы

санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнімі былай есептеледі:



Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы әнім шығарғанда шекті әнім азаяды. Бұл жағдай шекті енімділіктің азаюы заңын көрсетеді.

Енді осы айтылғандарды кесте түрінде кәрсетейік. Қысқа мерзімді кезенде капитал тұрақты, ал еңбек (жұмысшылар саны) айнымалы фактор деп ұйғарайық:

5.1-кесте



Өнім шығару көлемі, дана

ТР1



Жұмысшылар саны, адам

L


Орташа өнім-ділік, дана

АР1



Шекті өнім-ділік, дана

МР1



0

1

3



7

10

12



13

13


0

2

3



4

5

6



7

8


0

0,5


1

1,75


2

2

1,85



1,65

0,5

2

4



3

2

1



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет