Микроэкономика



бет4/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

а) берілгендерді графикте көрсетіндер;

ә) тоңазытқыш өндіру технологиясы жетілдіріліп, ал бронетранспортерлер технологиясы өзгеріссіз сол қалпында қалды дейік. Бұның графикте қалай көрінетінін анықта. Ал енді ғылым мен техника жетістіктері тек қана бронетранспортерлер өндірісінде ендірілді дейік, онда қандай өзгерістер болады?

в) егер берілген кезенде өндіріс В вариантымен жұмыс істесе, қосымша 1 мың бронетранспортерлер шығарудың балама шығындары қандай болады? Ал қосымша мың тоңазытқыш шығарудың баламалық шығындары қанша болады?

22

ЕСЕПТЕР

Майра ханым өзінің шеберханасы болуын армандайды. Шеберхананы ұстап тұру үшін арнайы шығындар кететіні белгілі. Олардың құрамына төмендегідей қаражаттар кіреді: құралдар сатып алуға (5 жылда тозады) - 100 мың теңге, жұмысшылар жалақысына 200 мың теңге, шикізаттарға —жылына 700 мың теңге.

Қазіргі уақытта Майраның жылдық жалақысы 60 000 теңге құрайды (ол өзінің шеберханасындағы жұмысын және қызметін тастағысы келеді). Ол құралдар сатып алуға жылына 6% пайда әкелетін өзінің жинаған қорын қолданғысы келеді. Майра жыл сайын 985 000 теңге түсім алуды күтеді. Шеберхана ашу бұл жағдайда пайда әкеле ме жоқ па? Осы қызметті істеу керек пе?

СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН

ТАБЫҢЫЗ


1Микроэкономика нені оқытады:

а) оңтайлы экономикалық шешімдерді;

ә) баға белгілеуді;

б) ресурстарды тиімді орналастыруды;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрін.

2. Микроэкономика макроэкономикаға қарағанда мынаны оқытады:

а) жеке тұтынушының іс-әрекетін;

ә) бір аумақтың экономикасын;

б) қысқа уақыт аралығындағы экономикалық

құбылысты;

в) әрбір экономикалық көрсеткіштің өзгеруін;

г) экономика қүрылымы бірліктерінің өзара байланы-

сын.

23

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе



3. Төмендегілердің қайсысы микроэкономикалық

үлгі (модель) болмайды:

а) фирманың моделі

ә) инфляцияның үлгісі

б) тұтынушылардың үлгісі

в) нарықтың тепе-тендік үлгісі

г) сала үлгісі.

4. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы экономикалық

үлгі болады:

а) жұмыссыздықтың өсуі инфляцияның төмендеуіне

ықпал етеді;

ә) реформаның нәтижесінде, Қазақстан тұрғындары

жинақтарынан айырылды;

б) 2000 жылы Қазақстан өнеркәсібінің құлдырауы

болмайды;

в) жұмыссыздықтың өсуі өндірістің төмендеуіне бай-

ланысты емес;

г) Қазақстандағы ақша өлшемі - теңге.

5. Білім алудың баламалық шығындарына төмен-

дегілердің қайсысы кірмейді:

а) егер сіз мектепке бармай, жұмыс істегендегі жа-

лақыңыз;

ә) кітапқа жұмсаған ақша;

б) тамаққа жұмсаған ақша;

в) оқуға төленетін ақша.

6. Егер мемлекет барлық сатушыларға тауарларды арзан

бағамен сатуды міндеттесе, онда бұл балама

шығындардың мөлшерінің аз болуына әкеліп

соқтырады:

а) барлық уақытта;

ә) кейбір жағдайларда;

б) ешқашан;

в) осы талап орындалса.

24

7. Егер адам сағатына 120-140 теңге жалақы алатын

жұмыс табатын болса, онда оның баламалық шығыны

неге тең?

а) 120 теңге; б) 140 теңге;

ә) 130 теңге; в) 150 теңге.

8. Ең жақсы экономикалық үлгі мынаны қарастырады:

а) модельдің сұрағына жауап беруге қажетті стати-

стикалық ақпараттың өте кішкене бөлігін;

ә) бар ақпаратгардың мүмкіндігінше көп болуын;

б) барлық экономикалық сұрақтарға жүйелі жауап

береді.

9. Шекті шығындарды және шекті пайданы ескере оты-



рып ұтымды экономикалық таңдау төмендегіні бол-

жайды:


а) шекті шығындар, шекті пайдадан көп;

ә) шекті шығын, шекті пайдаға тең;

б) шекті шығын, шекті пайдадан аз;

в) бүндай жағдайда тандауды қоя тұру қажет.

10. Айналым үлгісінде:

а) кәсіпкерлер әрдайым тауарды ақшаға айырбас-

тайды;

ә) үй шаруашылықтары әрдайым ақшаға тауарды



айырбастайды;

б) үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сату-

шы болады, ал тауарлар нарығында сатып алушы

болады;


в) кәсіпкерлер тауар нарығында сатып алушы және

ресурстар нарығында сатушы болады.

25

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе

ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ЖАУАБЫ

1. а) өндірістік мүмкіндіктердің қисығы төмендегідей

болады — 1-қисық жұмыртқа;

ә) жаңа технология банан жинау мөлшерін көбейтеді,

бірақ жұмыртқа санын азайтпайды -2-қисық.



Жұмыртқа

2. а) графикті қарандар;

ә) 1-жаттығудың ә пунктіне қарап гарфик тұр-

ғызыңдар.





Бро нетранс портер

26

В нүктесінде тоңазытқыштар саны 400 мың дана, ал бронетранспортлер - 21 мың дана болды. Қосымша 1 мың дана бронетранспортерлер шығарған кезде тоңазытқыштар саны азаяды.



В, нүктесін қараңыз. Баламалық шығын штрихпен көрсетілген.



Бронетранспортер

ЕСЕПТЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Шеберхананы құрып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарын анықтаймыз. Экономикалық қызметтегі әр гүрлі нұсқаларды салыстыру үшін, оның баламалық шығындарын есептеу қажет. Сондықтан, шеберхана ашқанда пайдаланылмайтын мүмкіндіктердің бәрін есеп-тейміз.

Ең алдымен олар айқын шығындар:

Құралдың тозуы (100000/5=)20000 + жұмысшылар жа-лақысы 200000 + шикізат шығыны 700000 = 920000 тенге.

Кәсіпкердің айқынсыз шығындары:

60000 + (50000 0,06) = 63000 теңге.

27

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе

Баламальтқ шығындардың жалпы сомасы:

920000 + 63000 = 9830000.

Шеберхананың жылдық түсімінен шығын аз. Сон-дықтан екі баламаны салыстырғанда шеберхана ашуға тоқталу керек.

СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ



Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауабы

в

г

ә

ә

в

б

6

а

ә

б

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет