Микроэкономика



бет7/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63

деген сұранысқа өсері

Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін жоғарылағанда, оған деген сұраныс келемі 40 л-ден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда (2.3а-сурет) сұраныс көлемі өзгереді және өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады (2.3 ә-сурет), басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автомобильге деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды.

37

2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының ...

Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан

автомобильдің бағасы өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды. 2.3а-суретте көрсетілгендей сұраныс қисығы түгелімен солға D1-ден D2 дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі А' нүктесіндегі 100 бірліктен В' нүктесіндегі 50 автомобильге дейін кемиді.

Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз.

Бірін-бірі толықтыратын тауарларға төмендегідей мысалдар келтіруге болады: автомобилъ мен бензин, теннис ракеткасы мен добы және т.б.

Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды төмендегідей екі түрге бөлеміз: 1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар.

Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды (табыстан басқа факторлар тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.

Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын сиыр етіне деген сұранысы көбейеді. Себебі сиыр еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан тұтынушы-лардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды (бағасы өзгермеген жағдайда).

2.4-суреттен көріп отырғанымыз табыс өзгергенде сиыр етіне деген сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1 -ден D2 -ге дейін оңға қарай жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес 20 кг сиыр етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне сәйкес 40 кг ет алады. Суретген көріп отырғанымыздай сиыр етінің бағасы А және В нүктелерінде тұрақты 200 теңге қалпында қалады.

38

2.2. Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі





Сиыр етінің мөлшері, кг

2.4-сурет. Тұтынушылар табысы

өсуінің сиыр етіне деген сұранысқа

тигізетін ықпалы.

Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарларға деген сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы солға жылжиды.





2.5-сурет. Тұтынушы табысы

азаюының сиыр етіне деген

сұранысқа тигізетін өсері.

39


2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теорыясының ...

Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.





Тауардың мөлшері, кг

2.6-сурепг. Табыс өскен уақытта

сапасы төмен тауарға деген

сұраныс өзгеруі.

Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады. Талғам - сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.

40

2.3. Ұсыныс туралы түсініктер

Талгам өзгеруі - бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ). Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе,

онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.



Бағаның өзгеруін күту - бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тау-ардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.

2.3. Ұсыныс туралы түсініктер



Ұсыныс деп - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардың бағасы мен сатушылар Ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бей-нелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегенеміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.



2.2-кесте

Шұжықты үсыну көлемі



1 кг-ның бағасы (теңгемен)

Ұсыныс көлемі (1 айға, тонна)

900

8

800

7

700

6

600

5

500

4

400

3

300

2

100

1

41

2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының ...

2.2-кестедегі мәліметтер ұсыныс заңын бейнелейді, шұжықты ұсыну көлемі оның бағасы өскен сайын көбейіп тұр. Енді осы көрсеткіштің арасындағы байланысты кестедегі берілген деректер арқылы график түрінде көрсетуге болады.



0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 (т, анына)



2.7-сурет. Ұсыныс қисыны.

Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 300 теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болды, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарылағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемін көбейтеді.

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады:

42

2.3. Ұсыныс туралы түсініктер

ОS=f (p).

OS — ұсыныс көлемі, (т, кг);

Р - тауардың бағасы, теңге.

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

Мысалы, жанармайға бағаның өсуі таксидің шығынын жоғарылатады, нәтижесінде бұл такси иелерінің өз қызметін ұсынуын төмендетеді.

Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді. Технологиядағы жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетгі еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса,

онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.

Мысалы, ет өндейтін технологияның жақсаруы шұжықтың әрбір кг-ын өндірудегі шығынды төмендетеді.

Бірдей ресурстардың көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы өзгеруінің ұсынысы, талданатын тауар өндірісінің балама (альтернативті) құнына әсер етеді.

Мысалы, жүгеріге деген бағаның жоғарылауы фер-мерлердің нарықта бидайды ұсынуын азайтады. Өйткені, олар жер бөлігінің көбіне жүгері егіп, аз бөлігіне бидай егуге бейімделеді.

43

2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының ...

Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ұсыныс функциясының жалпы түрін былай жазуға болады:

Оп =f(Р,РАВ,-Рп,Т,К,Ғ),

мұнда, ОS — ұсыныс көлемі;



Р — зерттеліп отырған тауардың бағасы;

Ра, Рв ~ осы тауарды өндіруде қолданылатын

материалдар мен шикізаттар бағасы;



Рп - бірдей ресурстар көмегімен өндіруге бола-

тын тауардың бағасы;



Т - салық мөлшері; К - қолданылатын технологая тәсілі;

Ғ - нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет