Микроэкономика



бет40/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63

б) ТР, АР^ және МР^ қисықтарын сыз;

в) ТС, ТУС және ТҒС қисықтарын сыз;

г) АТС,АУС,АҒС және МС қисықтарын сыз;

ғ) өнімнің қандай деңгейінде еңбектің шекті өнімі өседі? Тұрақты деңгейде қалады? Төмендейді?

2.Төменде көрсетілген суретті пайдаланып мына

сұрақтарға жауап беріңіз:



а) Q>2 өніміне сәйкес келетін орташа айнымалы шығындарды анықтаңыз;



6.1-сурет. Орташа және шекті шығындар қисығы.

226


ә) Q1 өніміне сәйкес келетін жалпы айнымалы шығындардың ауданын табыңыз;

б) Q0 өніміне сәйкес келетін орташа жалпы шығындарды табыңыз;

в) Q2 өніміне сәйкес келетін жалпы шығындардың ауданын табыңыз;

г) жалпы тұрақты шығынның ауданын тап.

ЕСЕПТЕР

1-есеп. “Мерей” фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындарының негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз. Бұл жағдайда айқынсыз шығындардың қайсысы орын алады?

2-есеп. Шолпан теріден жасалатын заттарды тігумен айналысатын кішігірім шеберхананың иесі. Шолпанмен бірге шеберханада Мақпал мен Айман жұмыс істейді.

Ай сайын Шолпан оларға 8000 теңге төлейді. Жұмыс орнын жалға алғаны үшін Шолпан жылына 20000 теңге төлейді. Одан басқа, Шолпан 40000 теңгеге арнайы жабдықтар сатып алды. Егер ол өзінің ақшалай қаржысын қолданудың басқа бір жолын тапқанда, Шолпан 80000 теңге жылдық табыс алатын еді. Шолпан өз бизнесін ұйымдастырғанға дейін өзіне пайдалы, айлық жалақысы 12000 теңге жұмыстан бас тартты. Егер жоғарыда аталған шығындардан басқа, Шолпан әр түрлі салықтар төлесе, ол салықтар Шолпанның жалпы жылдық шығындарының жуық шамамен алғанда 40%-ін құраса, онда Шолпанның экономикалық және бухгалтерлік шығындарының көлемі қандай болады?



3-есеп. Жалпы шығындар мен өндіріс көлемінің арасындағы тәуелділік мына ТС = 30 + 100 формуламен анықталады. Өнім көлемінің әр түрлі деңгейіндегі

жалпы тұрақты, орташа айнымалы және шекті шығындарын табыңыздар.



227

6-тарау. Өндірістік шығындар

4-есеп. Аяқ киім жөндеу шеберханасының иесі Меруерттің өзі. Шеберхана ғимараты да оның толық меншігінде және оны өз еңбегімен ақшалай қар-жыландырады. Бұндай кәсіпорынның айнымалы шы-ғындары неден құралады? Егер оның шеберханасының орнына төлейтін жалақысы айына 1500 теңге болса, ал оның бұл жұмысқа салған капиталының балама (альтернативті) бағасы 5000 теңгеге жетсе, оның тұрақты шығындарының көлемі қандай болады?

5-есеп. Ұзақ уақыт кезеңінде өндірісте өсу ауқымының тиімділігі тұрақты делік. Өнім шығару көлеміне байланысты ресурстардың бағасы өзгермейді деп ұйғарсақ, онда бұл фирманың ұзақ кезеңіндегі орташа және

шекті шығындар қисығына қалай әсер етеді?



6-есеп. Өндірістік ресурстардьтң құрамына кіретін келесі өзгерістердің қайсылары қысқа мерзім кезеңіне, ал қайсылары ұзақ мерзім кезеңіне жатады:

а) “Меруерт” атты АҚ жұмсақ жиһаз өндірумен

айналысатын жаңа шеберхана салуда;

ә) “АIетsіstет” корпорациясы қосымша 50 жұмысшы

жалдады;

б) фермер Наурызбай өзінің жерінде қолданатын

тыңайтқыштардың санын ұлғайтты;

в) “АХБК” АҚ жүмысқа жаңа станоктарды қосты,

сондықтан үш ауысым жұмыс ретінен 2 ауы-

сымдық жұмыс ретіне көшеді;

г) шикізаттың жоқтығынан “Поршень” зауыты өз

жұмысшыларын мәжбүрлі демалысқа шығарды,

д) теледидар шығару зауытының жинау цехының

біреуі апатқа ұшырағандықтан қатардан шықты;

е) еңбекақының жаңа жүйесін енгізгеннен кейін

әрбір өндірістік жүмысшы бір ауысым ішінде

1,2 есе көп бұйым жасайтын болды.

Өз жауабынды түсіндіріп беріңіз.



229

7-есеп. Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысының сағаттық тарифі өзгермейді деп ұйғарып, жеке басқарудың жалақысы көтерілді деп жорамалдайық. Бұл жағдай орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындардың мөлшеріне қалай әсер ететінін түсіндіріп беріңіз.

8-есеп. Үкімет занды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирма үшін орташа айнымалы шығындардың мөлшері мен тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?

9-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда оның шекті шығындарының мөлшері өзгере ме?

10-есеп. “Алтын” фирмасы силикаттік кірпіш өндірумен айналысады. Өндіріске қажетті шикі затты фирма 5 шақырым қашықтықтағы карьерден әкеледі. Бензиннің бағасы 2 есе көтерілді деп жорамалдайық. Айнымалы шығындардың құрамында, бензин шығындардың 50%-ін құраса, айнымалы шығындар мөлшері неше есе өзгереді.

11-есеп. Жаңашылдық ұсынысты енгізгеннен кейін фрезерлік станоктардың өндірістік қуаты 2 есе көбейді. Егер жалпы шығындардың мөлшері өзгермеді десек, онда орташа тұрақты, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындардың мөлшерінде қандай өзгерістер болатынын бағалаңыз.

12-есеп. Суретте берілгенді пайдаланып мына сұрақ-тарға жауап беріңіз:

а) егер құрал-жабдық жұмысының 1 сағатының бағасы 200 теңге, ал еңбектің 1 сағатының бағасы 20 теңге болса, онда А нүктесінде орташа тұрақты шығындар мен орташа айнымалы шығындардың мөлшері қандай болады?



229

6-тарау. Өндірістік шығындар





6.1-сурет.

ә) А нүктесіндегі жалпы шығындардың мөлшері қандай?

б) орташа тұрақты, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындардың ең биік деңгейі қандай нүктеде болады? немесе С);

в) капиталдың шекті өнімен еңбектің шекті өнімі А нүктесінде неше есе төмен?



13-есеп. Төменде берілген график бойынша өнім көлемі 25 данаға тең болғандағы өндірістің жалпы шығындарының мөлшерін анықтаңыз және өнім көлемі 20 данаға тең болатын айнымалы шығындардың мөлшерін есептеңіз.

Егер өнім көлемі 15 данаға тең болғанда орташа тұрақты шығындар 14 теңге болса, онда өнім көлемі 25 данаға тең болғандағы орташа айнымалы шығындары қандай болады, сонымен қатар өнім көлемі 20 данаға тең болса, жалпы шығындар нешеге тең болады?



230


14-есеп. Өнім көлемінің 100-ден 200-ге көбейген-дігінен жалпы айнымалы шығындар 3 есе ұлғайды. Орташа айнымалы шығындардың мөлшері бұл жағдайда неше есе көбейеді?

15-есеп. Фирманың шекті шығындары мына формуламен берілген МС = (0 - 7)2 +6. Егер тұрақты шығын 20 теңге болса, өнім көлемі 10-ға тең болса, жалпы шығындар неге тең болады?

16-есеп. Егер орташа шығындар келесі функциямен АС - (0 -6)2 + 8 сипатталса, онда өнім шығару көлемі 5 болғандағы жалпы шығындардың мөлшері қандай болады? Өнім шығару көлемі 10-ға тең болғандағы шекті шығындарды анықтаңыз.

17-есеп. Орташа айнымалы шығындар мына АУС = 20 + 6 формуламен берілген. Өнім шығару көлемі 30-ға

тең болғанда жалпы шығындардың мөлшері қандай болады, егер тұрақты шығындар 200-ге тең болса? Өнім шығару көлемі 20 болғандағы жалпы айнымалы шығындарды анықтаңыз.



18-есеп. Фирма күнделікті 50 дана өнім өндіреді, оның 15 данасы қосымша уақытта өндіріледі. Күнделікті материалдық шығындар 4000 теңге қүрайды. Еңбекақы қоры күніне 10000 теңгелік тарифтен құралады және бұған қосымша уақытқа төленетін қосымша 6000 теңге күнделікті қосылады. Орташа жалпы шығындарды анықтап беріңіз?

19-есеп. Келесі кестеде өнім көлемі мен айнымалы шығындар туралы мәліметтер берілген.

6.1-кесте

Q

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



0

50

78

98

112

130

150

175

204

242

300

385

Егер өнім көлемі 10 өлшем болғанда, орташа тұрақты шығын 50 тенге болса, онда өнім көлемі 2-ге тең болғанда орташа шығындар қандай болады? Өнім

231


6-тарау. Өндірістік шығындар

көлемі 5-ке тең болғандағы (МС) шекті шығындарды анықтаңыз?



20-есеп. Тігін өндірісінде капиталды еңбекпен технологиялық ауыстырудың шекті нормасы кейбір өнім көлемдері үшін 0,02-ге тең. Бүл салада құрал-жабдықтың жалақысы сағатына 5000 теңге, еңбектің әр сағаттық бағасы 100 теңге. Берілген өнім көлемі үшін жалпы шығын қандай болады? Егер фирма 1-ауысымда жүмыс істеп, айына 2000 жейде шығарса, оның орташа тұрақты шығындарының мөлшерін анықтаңыз.

21-есеп. Кестеде автомобиль өндірісінің шекті шығьшдары берілген:

6.2-кесте

Автомобильдер саны

1

2

3

4

5

Шекті шығындар, мың тг.

200

180

160

150

125

4 автомобиль өндірудің жалпы шығындарын анықтаңыз, 3 автомобильдің орташа жалпы шығындарын анықтаңыз.

Егер тұрақты шығьгадардың мөлшері 100 мың теңгеге тең болса, онда 5 автомобиль шығарудың жалпы айнымалы шығындары неге тең?





6.3-сурет.

22-есеп. Фирманың жалпы тұрақты шығындары 300-ге тең. Графикте көрсетілген деректерді пайдаланып, өнім көлемі 15-ке тең болғандағы орташа айнымалы шығындардың мөлшерін анықтаңыз.

232




6.4-сурет.

23-есеп. Үзақ мерзімді кезеңнің шығындарының қисығы төмендегідей.

Егер өндіріс кө-лемі 20 мың дана болса, онда өндіруші өнім көлемін 30 мың данаға дейін өсіре ме? Өнім көлемі 25 бол- 20 ғандағы үзақ мерзімді 10 кезендегі шекті шы-ғындар неге тең бо-лады? Өнім көлемдері 25 мың дана және 30 мың дана болғанда, үзақ мерзімді ке-зендегі шекті

шығындар көлемі қандай қатынаста болады?

24-есеп. Келесі кестені толтырыңыз:

6.3-кесте

Өнім шығару көлемі (Q)

ТС

MC

АС

10

-

Белгісіз

44

15

-

20



25

750

-



30

-

30



50

-

-

35

25-есеп. Фирманың орташа жалпы шығындарының функциясы төмендегідей:

AC=(5/Q) +2Q

Мұнда, АС - орташа жалпы шығындар.

а) жалпы шығындарының функциясын анықтаңыз;

ә) фирманың тұрақты шығындары неге тең?


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет