МҰнайлы ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы мұнайлы ауданы, 2015 жыл Мазмұны



бет4/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,54 Mb.
#34808
1   2   3   4   5   6   7   8   9

SWOT- жұмыспен қамту анализі

Күшті жағы

Әлсіз жағы

1.Жаңа жұмыс орындарының ашылуы.

2. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шарасында.

3.Әлеуметтік нысаналы топтарға субъсидия беру арқылы жұмыс орындарын ұстап қалу.


1.Тұрақты жұмыс орындарының болмауы

2. Жұмыс орындарының қысқаруы

3. Жасырын жұмыссыздықтың болуы.

4.Мамандардың жетіспеу салдары.




Мүмкіндіктер

Қатерлер

1.Тұрақты жұмыс орындарының ашылуы

2.Жұмыс берушінің жоғары деңгейде жауапкершілікте болуы.

3.Сырттан келетін шет ел жұмысшыларының деңгейін төмендету.

4.Жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттыру.



1. Жұмыс орындарының қысқарулары салдарынан жұмыссыздық деңгейінің өсуі.

2. Еңбек ақылардың уақытылы төленбеу қаупі.


Жұмыспен қамтудағы туындайтын мәселелердің себептері: Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмыс орындарының қысқартылуы, сұраныстарға байланысты жұмыссыз болып тіркелгендердің мамандықтарының сәйкес болмауы.


Халықты әлеуметтік қорғау

«Атаулы әлеуметтік көмек» алушылар саны 2012 жылдан қарағанда 2014 жылда 35 пайызға азайды.

2012 жылы 160 отбасының- 710 мүшесіне 18 862,3 млн.теңге, 2013 жыл 121отбасының 531 мүшесіне 15774,6 млн.теңге, 2014 жыл 104 отбасының 478 мүшесіне 11926,3 млн.теңге.тағайындалды.

«18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына» 2012 жылы 234 отбасы 689 балаға -7454,8 млн теңге, 2013 жыл 219 отбасының 646 баласына 7164,5 млн теңге, 2014 жыл 217 отбасының 677 баласына 7671,0 млн теңге тағайындалған.

Бір жолғы материалдық көмек 2012 жылда 95 адамға -1159,8 теңге, 2013 жылда 134 адамға-2743,1теңге және 2014 жылда 122 адамға-2019,0 теңге берілді.
4-кесте. Аз қамтылған, кедейшілік деңгейінен төмен және өмірлік қиын жағдай туындаған отбасыларға берілетін көмектер 2012-2014 жылдар арасы.

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

саны

сомасы

саны

сомасы

саны

сомасы

Атаулы әлеуметтік көмек

710

18862,3

531

15774,6

478

11926,3

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы

689

7454,8

646

7164,5

677

7671,0

Бір жолғы материалдық көмек

95

1159,8

134

2743,1

122

2019,0

Мүмкіндігі шектеулі жандар міндетті гигиеналық және сурдо-тифло құралдармен және емдеу-сауықтыру орындарымен қамтамасыз етіледі.

Мектеп жасындағы «мүмкіндігі шектеулі балаларды» үйден оқыту үшін 2012 жылы-51 балаға 2507,9 мың теңге, 2013 жылы - 36 балаға 3903,4 млн теңге, 2014 жылы- 50 балаға 4537,4 млн.теңге төленді.

Бөлімде мүгедектерге «Инватакси» қызмет көрсетеді және І- топтағы «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға» «Жеке оңалту бағдарламалары» арқылы жеке көмекшілер қарастырылған.

Бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларды қарайтын 17 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Мүгедек балаларды үйден оқытуға және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.




Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл




саны

сомасы

саны

сомасы

саны

сомасы

Гигиена құралдары

164

3854,7

212

5246,9

262

6636,7

Балаларды үйден оқыту

51

2507,9

36

3903,4

50

4537,4

Ауылдық, елді-мекендерде бюджеттік салада жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек



Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл




саны

сомасы

саны

сомасы

саны

сомасы

Мамандарға отын сатып алу

1618

19577,8

2118

25627,8

2405

29100,5


SWOT- Халықты әлеуметтік қорғаудың анализі

Күшті жағы

Әлсіз жағы

«Аз қамтылған отбасыларға» берілетін көмектер.

Арбадағы мүгедектер кіретін пандустардың болуы.

«Инватаксидің» жұмыс жасауы. «Жеке көмекшілердің» болуы.

Мүгедектерге беретін гигиеналық құралдар санының өсуі.



Күнкөріс деңгейінің жоғары болуы.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар санының өсуі, ішкі және сыртқы халық санының көбеюінен.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға «оңалту орталықтарын» және спорт кешенін болмауы.


Мүмкіндіктер

Қатерлер

«Оңалту орталықтарының» ашылуы.

Мүгедектерге спорт кешенінің ашылуы.



Жұмыс орындарының қысқаруына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасылардың көбеюі.


Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері;

Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптің тапқан табысымен бюджеттік салада жасайтындардың табысының үлкен айырмашылығынан аймақта күнкөріс деңгейінің жоғары болуы.



Әлеуметтік қолдау Мұнайлы ауданы мәслихатының шешіміне сәйкес, табысы есептеліп өмірлік қиын жағдайдағы 82 адамға 1165,0 мың теңге, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған 42 адамға 2081,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді. Бұл көмек «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында атап көрсетілгендей әлеуметтік көмекке шын зәру азаматтарға ғана төленіп келеді.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай - 314 адамға облыстық бюджеттен 28 898 мың теңге және республикалық бюджеттен 113 адамға 3 050 мың мың теңге, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушы 3 адамға 594,6 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында оқып жатырған әкім гранты иегерлеріне, яғни 72 студентке және табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж 14 студентке оқу ақысы, сондай-ақ, ай сайын 9 910 теңге көлемінде шәкіртақы төленуде.

2015 жылы шілде айында аудан аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 276 әлеуметтік сала мамандарына 38 292 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдем ақы, тұрғын үй сатып алу үшін 111 маманға 330 003 мың теңге бюджеттік несие берілді.


3-кесте. 2013-2015 жылдардағы еңбек нарығындағы индикаторлар

Еңбек нарығындағы индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Халықтың экономикалық белсенділігіне ШК үлесі %

%

12,6

12,68

15,64

Жұмыссыздық деңгейі

%

0,4

0,4

0,4

Кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар адам саны

адам

531

440

292

Құрылған жаңа жұмыс орындары, саны

адам

1599

817

1179


Әлеуметтік қолдау бойынша SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

тұрғындардың еңбекке қабілетті санының, оның ішінде жалдамалы

жұмысшылардың өсуі;

өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың көбеюі;

халықты кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыратын шаралар алынуы.



жұмыссыздардың көбеюі;

кедейшілік шегінен төмен тұратын тұрғындар санының өсуі;

аз қамтылған отбасылар санының көбеюі.


Мүмкіндіктер

Қатерлер

жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;

әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты қажет ететін санаттарына беру;

арқылы нәтижелілігін арттыру.


экономикадағы дағдарыстық құбылыстар;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.



2.3.4. Мәдениет.

Мұнайлы ауданы бойынша қазіргі уақытта 6 мәдениет мекемесі (1 мәдениет үйі, 1 ауыл клубы) және 4 орталық кітапханасы мәдени көпшілік шарамен қызмет көрсетеді. 2012 жылы 60 шара, 2013 жылы 60 шара, 2014 жылы 9 айда 65 шара өтті.




Атаулары

2012

2013

2014

Мерекелік іс-шаралар

60

60

65

Көрермен саны

16100

19211

89797

Өнерпаздар саны

1270

1585

3626

Клубтық құрылым

12

12

15

Ақылы қызмет




-

-


Мәдени мекемелердің басты міндеті: атқарылатын жұмыстардың сан қырлы түрлерін дамыта отырып, халыққа мәдени қызмет көрсетуіне жалпы деңгейін көтеру, еліміздің саяси тұрғыдан өркендеуін, жас ұрпақтың сапалы да саналы өсуіне ықпал ету және ел арасынан таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету.

Мәдениет саласын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың аудан бойынша жалпы көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 49,8 пайызға өсіп (2012 жылы 58253,0 мың.т) , 2014 жылы 87301, 0 м.теңгені құрайды.

Аудандағы мәдениет мекмелерінде өткен іс-шаралар 2012 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке өсіп (2012 ж жылы 60 шара), 171 бірлікті құраса, 2012 жылмен салыстырғанда 9806 бірлікке артып ( 2012 жылы 55 754 көрермен) , 65560 көрерменді қамтыды.

Аудан бойынша клубтық құрылымдар 3 бірлікке кеңейді және 2015 жылдың 10 ай бойынша 18 бірлікті құрады. Оған қатысушылардың саны 1296. Аудандағы кітапханалар саны 4, сондай-ақ кітап қоры 2012 жылмен салыстырғанда жарамсыз деп танылған кітаптарды есептен шығару барысында 1066 бірлікке дейін кеміп ( 2012 жылы 102 888 ), 2014 жылы 101 822 бірлікті құрады.

Тарихи-мәдени ескерткіштің саны 2015 жылдың 1 қаңтарында 26 бірлікті құрады.

Жыл сайын мамандар білімдерін жетілдіріп келеді, мысалға 2014 жылы Республикалық деңгейдегі семинарларға «Әдістемелік ортықтың өңіріндегі мәдениет кеңстігінің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбындағы семинарға 3 мәдениет қызметкері қатысса, «Клуб мекемелеріндегі әдістемелік қызмет-нәтижелікке ықпал ету компоненттерінің бірі» тақырыбында Шымкент қаласында өткен семинарға 1 қызметкер қатысты.

Ауданда мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы тепе-теңсіздікке байланысты, мәдениет ұйымдарына қолжетімділіктің теңсіздігі. Мәселен, Маңғыстау, Басқұдық, Атамекен, Дәулет, Батыр аулдарында мәдениет мекемелері жоқ болуына байланысты, мәдениет саласын әртараптандыру, тұрғындардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында, сонымен қатар би үйірмелерін жандандыру, театр жанырын дамыту, арнайы студия жасақтау, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға лайық типтік мәдениет үйін аталған елді мекенде салу қажеттілігі туындап отыр.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

аудандық тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары бір жүйеге келтірілді





мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген аудан тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi;

ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің әлсіздігі, мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктер

Қатерлер

Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.


Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы, әсіресе ауылдық жерде


2.3.5. Үш тілділікті дамыту

Мұнайлы ауданында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2015 жылға арналған жоспары бойынша аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдарының дұрыс жазылуына мониторинг аудан көлемінде көрнекі ақпараттық жарнамалар, сауда орталықтары мен дүкендер т.б. нысандар қамтылды. Бұл жұмыс барысында көрнекі ақпарат құралдарының жоғары пайызы заңдылыққа сәйкес келетіндігі белгілі болды. Ал кемшілік байқалған орындарда ҚР тіл туралы заңының VI тарауы 21 бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарға сәйкес, бөлімнің ұйымдастыруымен М.Мақатаев шығармашылығынан «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» (батагөй ақсақалдар сайысы), «Тіл шебері» (Үш тілді меңгерген адамды анықтау), «Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Абай оқулары», «Тіл барлық білімнің кілті», «ана тілім – ардағым!» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында байқаулар өткізіліп, облыс көлемінде жалғасын тапқан байқауларға жеңімпаздар жіберіліп отырды.

Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын табады.

Үш тілді дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;

өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалды;

мемлекеттік тілді меңгерген халық санының артуы;



мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;

тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;

қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;

мораторийге байланысты жеке кәсіпкерлер объектлерінің көрнекі ақпаратына тексеру жүргізуге мүмкіндіктің болмауы



ҚАТЕРЛЕР:

МҮМКІНДІКТЕР:

жоғары көші-қон қозғалысы, аудан халқы санының соңғы жылдарда күрт өсуі, ауданға оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп келуі, жан-жақты экономикалық және әлеуметтік саясат болмаған кезде тіл саясатының әсерін төмендетуі мүмкін

қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің көтерілуі;

тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу;





2.3.6. Дене шынықтыру және спорт

«Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, мемлекеттік және өндірістік мекеме қызметкерлері арасында спортты насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, талантты спортшыларды айқындау бағытында көптеген спорттық шаралар өткізілді.

Бүгінгі таңда ауданымызда үш «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда»

Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың 21 наурыз күні Басқұдық ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Қазіргі таңда мектепте 8 спорт тұрі бар: Еркін күрес, грек рим күресі, қазақша күрес, тоғызқұмалақ , жеңіл атлетика, қол күрес, гір тасын көтеру және волейбол. 12-жаттықтырушы мен 452 жасөспірімдері бар. Осы аралыкта Қазақстан Республикасы Чемпионаты жасөспірімдер арасында: 5 бала жұлделі орындармен Ал ашық облыстықтан турнирлерден 18 бала орын алып келді.



Маңғыстау ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2004 жылдың ақпан айында ашылған болатын. БЖСМ-нің негізгі мақсаты: балалар - жасөспірімдер арасында, олардың денсаулығын нығайтуға және жан- жақты дене дамуына бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын іске асыру.

Жалпы мектепте 2015 жылғы есеппен 18 бапкер-жаттықтырушы 8 спорт түрінен 40 топқа жаттығу (бокс, каратэ-до, волейбол, баскетбол футбол, қазақ күрес, еркін күрес, дзюдо, пауэрлифтинг ) жүргізеді. 2015 -2016 о.ж. 516 оқушы жаттығады. Мектептің он бір жыл ішінде жеткен жетістіктері мен бағындырған бақтары көп болмаса аз болмады. Мектепте спорттың шеберлігін шыңдаған спортшылар қызмет атқарады.

Мектептің жұмыс атқарған жылдары ішінде 4 спорт шеберін дайындаса, 30 астан Спорт Шеберлігіне Үміткер спортшыларды дайындап, жоғары мамандандырылған спорт мектептер мен клубтарға жіберді. Бұл біздің аудан үшін үлкен мақтаныш және дәреже! Мектептің өз ішінде жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық, мектеп аралық, облыстық жарыстар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының облыстық жарыстарға игерілген қаражат 7 млн 600 мың теңге.

Дәулет ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2011 жылдың маусым айында ашылған болатын. БЖСМ-нің негізгі мақсаты: балалар - жасөспірімдер арасында, олардың денсаулығын нығайтуға және оқушының бос уақытын тйімді пайдалану болып табылады.

Жалпы мектепте 2015 жылғы есеппен 13 бапкер-жаттықтырушы 7 спорт түрінен 25 топқа жаттығу (каратэ-до, волейбол, баскетбол футбол, қазақ күрес, дзюдо, бокс ) жүргізеді. 2015 -2016 о.ж. 368 оқушы жаттығады. Мектепте 6 спорт шеберіне үміткер спортшыларды дайындап, жоғары мамандандырылған спорт мектептер мен клубтарға жіберді. Бұл біздің аудан үшін үлкен дәреже! Мектептің өз ішінде жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық, мектеп аралық, облыстық жарыстарға бөлінген қаражат шығыны 7 млн 126 мың теңге бөлінді.

«Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2013 жылда 7 аудандық деңгейде спорттық іс-шараларалар ұйымдастырылған, оған 730 спортшы қатысты, Ал облыстық 6 жарысқа, 121 спортшы іс-сапарға жіберілсе, 2014 жылда 159 аудандық деңгейде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған, оған 10 328 спортшы қатысты. Облыстық 30 жарысқа, 424 спортшы қатысты. Осы 2015 жылы 113 аудандық іс-шаралар ұйымдастырылған, оған 6571 спортшы қатыстып, оған жүмсалған қаражат саны - 7 млн 400 мың теңге. Облыстық 36 жарысқа, 656 спортшы қатысты. Оған жалпы ашық облыстық жарыстарға кеткен шығын 6 млн 200 мың теңгені құрады.

Спорттық шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты - жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтын насихаттау. Ең алдымен дені де, жаны да сау адами қасиеттері жоғары ұрпақ тәрбиелеу ең басты мәселе екендігі ақиқат. Ортақ бағыт - салауатты өмір заңын меңгерген ұрпақ, ертеңгі еліміздің көшбасшыларын шығару.


1-кесте. Спорттық шаралар

Атаулары

2013

2014

2015

шара саны

қатысқан спортшы

шара саны

қатысқан спортшы

шара саны

қатысқан спортшы

Аудандық спорттық іс-шара




7


730


159


10 328


113


6571

Облыстық спорттық іс-шара


6


121


30


424


36


656


Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;

жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;

Олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды


спорт инфрақұрылымының нашар дамуы;

спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;

жаттықтырушылардың төмен жалақысы


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту


спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;

спорт құрылыстарының жеткілікті саны жоқ, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін



2.3.7. Ішкі саясат

Ауданда ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытында үйлесімді жұмыс жүргізіліп келеді. Ішкі саясат саласындағы қоғамдық-саяси ахуал есеп беру кезеңінде тұрақты болды. Ішкі саясатта саяси партиялар филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік қарым-қатынас қалыптасып, бірлескен шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылды.

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы аудан әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Маңғыстау облысындағы Мұнайлы аудандық филиалы, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктерінің Мұнайлы аудандық филиалы, Мұнайлы ауданының интернационалист-сарбаздарының «Жауынгер Туыстық» қоғамдық бірлестігі, «Асылмұра» ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнерлерді насихаттау» қоғамдық қоры, «Өркениет» қоғамдық бірлестігі, «Жігер» патриоттық тәрбие беру» қоғамдық қоры, «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры, жастар ресурстық орталығы, әкім жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істейді.

Ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыты жыл сайынғы Елбасының Жолдауын зерделеуге, жергілікті халыққа насихаттау, түсіндіру және жүзеге асыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын және 100 нақты қадам – Ұлт жоспары 5 институтционалдық реформасын халық арасында түсіндіру жөнінде ақпараттық топ  құрылып,  ауыл және ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Аудандық ақпараттық топ мүшелері қажетті ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Елбасы Жолдауын ақпараттық қамтамасыз етуге арналған медиа жоспар әзірленіп, аудандық «Мұнайлы» газетінде мақалалар жарияланды.

Ақпараттандыру саясаты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты республикалық, облыстық, жергілікті газеттер, интернет ресурстарға және телеарнаға жарияланған материалдарға шолу жасалып отырылады.

Жыл сайын мемлекеттік ақпаратты жүзеге асыру халықпен ақпараттық топтың, БАҚ-дың қарым-қатынас бағыттары бойынша (пресс-конференция, онлаин-конференция т.б.) жүргізіледі. Бүгінгі таңда аудандық «Мұнайлы» газеті жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 2015 жылы облыстық «Қазақстан Ақтау» телеарнасымен ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін 4 млн. 540 мың теңге бөлініп, келісім-шарт жасалды. Бұл жұмыстар 2016 жылы да жалғасатын болады.

Елбасы Жолдауына байланысты арнайы дайындалған билбордтар ауданның орталық көшелеріне (12 билборд пен 3 керме) орналастырылды. Сонымен қатар, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары тақырыбында 7 билборд пен 2 керме ілінді.

Саяси партиялармен қарым – қатынас. Ауданда 2 саяси партия: «Нұр Отан» партиясының филиалы және Ауыл халықтық-демократиялық патриоттар партиясының филиалы жұмыс жасайды.

«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының қазіргі таңда 1890 партия мүшесі бар. «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ғимаратында аудандық филиал төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері қоғамдық қабылдаулар өткізеді және әр аптаның 3-ші күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық қабылдау ашық есік күні ұйымдастырылып келеді. Облыстық мәслихат депутаттары 9 рет, аудандық мәслихат депутаттары 129 рет, мемлекеттік мекеме басшылары 55 рет қоғамдық қабылдаулар өткізді. Акциялық қабылдау 9 рет («Әділет кеңес береді», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жолда қабылдау»), тематикалық қабылдау 29 рет өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық ақпараттық тобының мүшелігіне «Нұр Отан» партиясының мүшелері енгізілген.

«Ауыл» ХДПП Мұнайлы аудандық филиалы өз жұмысын 2015 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келеді.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. Ауданда азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған жағдай жасау үшін әлеуметтік мәселелерді шешуде жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ауданның үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді түрде тартылып келеді.

2015 жылы «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша лотты жеңіп алып, ауданда түрлі шаралар ұйымдастырды. «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры облыстық білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жұмыстар жүргізді.

2016 жылға 4 лот тақырыбы бойынша әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс үшін 12 млн. теңге көлемінде бюджеттік өтінімге ұсыныс берілді.

ҚР мемлекеттік рәміздері. Мұнайлы ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану, бағытында 2016 жылға арналған аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. 2015 жылы жылына 2 рет комиссия отырысы өткзіліп, мекеме басшыларына әдістемелік көмектер көрсетілді.

Аудан бойынша мемлекеттік мекемелерге бақылау жүргізілуде. Мемлекеттік рәміздердің барлық мемлекеттік мерекелердегі салтанатты шараларда Ережеге сай орнатылуы қадағаланып келеді. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауда, патриоттық тәрбие беруде білім беру ұйымдарында жоспарлары жасақталып, олар аудандық қорғаныс істері бөлімі, жастар саясаты орталығы, спорт және дене шынықтыру бөлімімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылады.

Азаматтардың патриоттық сезімін нығайту және еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын арттыру үшін жыл сайын 4 маусым күні мемлекеттік мекемелерде патриоттық дәрістер жүргізіледі.

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссия әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеудің және шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде гендерлік сезімталдықтың артуына қол жеткізу мақсатында әйелдердің саяси ілгерлеуіне мән береді. Комиссияның жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы өткізіліп тұрады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсына ауданның белсенді отбасылары қатысып келеді. 2015 жылғы «Мерейлі отбасы» конкурсына Мұнайлы ауданынан 3 отбасы қатысып, облыстық іріктеуден Алдабергеновтер отбасы жүлделі І орынды иемденді.

Аудан бойынша бүгінгі таңда 136500 мың халық бар, оның 72965-і әйелдер болып табылады. Мұнайлы ауданында мемлекеттік қызмет саласында 27 мекеме болса, оның 8-ін әйел азаматшалар басқарып келеді.

Мұнайлы ауданында нәтижелі жұмыс жүргізіп жүрген іскер әйел азаматшаларымызбен тығыз байланыс орнатылған. Олар: Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, кәсіби халық емшісі А.Оспанова, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Б.Қондыбай, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Дәрібаева, «Асыл мұра» салт дәстүрлерді насихаттау қоғамдық қорының төрайымы, ақын А.Рамазанова, «Тілек» әйелдер қоғамдық қорының төрайымы Ұ.Тілеумағанбетова.
Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;

аудандық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру қамтамасыз етілген;

ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың санын арттыру көзделген.


Қазіргі замандағы ақпараттық талаптарына сай келетін кәсіби мамандар жеткіліксіз;

ауданда жастар инфрақұрылымы (кинотеатр, ойын-сауық кешені) жеткілікті дамымаған




Қатерлер:

Мүмкіндіктер:

өңірге теріс діни ағымдардың енуі және таралу мүмкіндіктері;

жастар арасында жұмыссыздықтың өсуі.





Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» жобасы аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;





2.4. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі қылмыспен күрес, құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел-қызмет жұмысының нәтижелерін қарау және алдағы кезеңде атқарылатын негізгі бағыттар.

Елбасының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидаларының орындалуын қатаң бақылауда ұстауда. Осыған қарамастан 2015 жылдың 1-қараша жағдайына аудан көлемінде 656 қылмыстық оқиға тіркелді, 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (513) 0,9 есеге көбейіп отыр:оның ішінде, ұрлық – 290, бұзақылық – 85, басқа да қылмыстар 281.

Қылмыстық ахуалды азайту мақсатында, ауданның 8 елді мекендерінен (Атамекен, Баянды, Басқұдық, Дәулет, Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Маңғыстау-1,5 е.м) полиция тірек пунктері ғимаратының құрылысына 156,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.


Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

аудан бойынша тіркелген қылмыстар санының азаюы;

қылмыстардың ашылу көрсеткішінің артуы.




жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың артуы;

есірткімен байланысты қылмыстардың көбеюі, нашақорлықтың таралуы



Мүмкіндіктер

Қатерлер

заңды білу және орындау, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру, саламатты өмір салтын насихаттау арқылы жастар арасындағы қылмысты төмендету;

құқық қорғау органдарын жаңа үлгідегі техникамен, құралдармен жабдықтау қылмыстың ашылу деңгейін көтереді.




аудандағы қылмыстық ахуалдың нашарлауы, жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуы.



2.5. Инфрақұрылым

2.5.1. Байланыс.

Байланысты және аймақты дамыту үшін байланыс инфрақұрылымы маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Елдің барлық аумағында қазіргі заманғы байланыстың қол жетімділігі көптеп қарағанда экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың өмір сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, тәртіпті қорғай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді анықтайды.

Соңғы жылдары Қазақстанда елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің дамуы бойынша бірқатар шаралар қолданылып жатыр. Қазақстанда коммуникацияның аса кең таратылған түрі ол телефонды байланыс болып табылады.
Байланыс бойынша SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

ауданның Ақтау қаласына жақын орналасуы, тұрғындардың интернет желісі, телефон, сымсыз телефон нүктелерін қондыруда қол жетімділігі;

байланыс қызметіне шағын және орта кәсіпкерлердің тартылуы;

мемлекеттік бағдарламалар арқылы елді мекендерді телефон нүктелерімен қамту.


жаңадан іске қосылған елді мекендердегі байланыс саласының төмен дамуы;

ауданның шалғай елді мекендерінде электронды терминалдар мен интернет серіктерінің жоқтығы,




Мүмкіндіктер

Қатерлер

аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кадр мамандарын тарту;

қызмет көрсету номенклатурасын кеңейту;

әр түрлі қызмет көрсетуші мекемелердің филиалдарын аудан көлемінде ұлғайту.


ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы


2.5.2. Жолдар және көлік

Автомобиль жолдарын дамыту бойынша Маңғыстау ауылында автожолдардың 3000м² болатын бөлігіне жол шұңқырларын жамау жұмыстары жүргізілді. 300 дана жол белгісі және 4 бағдаршам орнатылды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында: 40,5 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылуда, атап айтар болсақ: Маңғыстау ауылындағы №2 балабақша ғимаратының шатырын жөндеу, Қызылтөбе ауылының көше жарығын монтаждау, аудан көлеміндегі автокөлік жолдарына бағдаршам орнату, №5 орта мектептердің ғимаратын ағымдағы жөндеу.

Мұнайлы ауданы бойынша 636 шақырым жол бар, оның ішінде аудандық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолының ұзындығы 70,9 шақырымды құрайды, оның 52,6 шақырымы асфальтталған, 18,3 шақырымы грейдер жол. Қазіргі уақытты 84,4 шақырым болатын ауылішілік автомобиль жолдары құрылысының ЖСҚ жасақталуда.

Атап айтар болсақ:


  • Баянды ауылындағы №3 орта мектепке дейін 2,2 шақырым;

  • Басқұдық ауылдық округіне 1,7 шақырым айналма жолы;

  • Басқұдық ауылдық округіне 2,2 шақырым;

  • Қызылтөбе-2 – Батыр автожолы 4 шақырым;

  • Ақтау-Маңғыстау-Гранит-Ақтау 2,4 шақырым;

  • Жаңа Дәулет тұрғын массивінде 15-шақырым;

  • Маңғыстау ауылы Маңғыстау-4 тұрғын үй массивінде №11 мектепке дейін 2,2 шақырым;

  • Атамекен ауылында ауыл ішілік 3,6 шақырым;

  • Маңғыстау ауылы Маңғыстау-4 тұрғын үй массивінде 15 шақырым;

  • Баянды ауылында 15 шақырым;


Көлік бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

қанағаттанарлықсыз жай күйдегі автомобиль жолдарының қысқаруы;


темір жол қатынасының болмауы;

автомобиль жолдарының тозуы;

Аудан аумағын жолаушылар бағытындағы қатынаспен толық қамтылмауы;


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

«Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;

транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;




көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі



2.5.3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Аудан аумағындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысан құрылыстарын және инженерлік инфрақұрылым желілерін дамыту бойынша:

Облыстық даму бюджеті есебінен Батыр ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Маңғыстау ауылындағы Жеңіс паркін қайта жарақтандыру жұмыстары басталды.

Баянды ауылынан қатты қалдықтарды көму полигоны құрылысының 2 кезеңіне, яғни полигонға дейінгі автомобиль жолын салуға 259,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Батыр ауылдық округінің инженерлік инфрақұрылым коммуникациялар құрылысы, яғни электрмен қамту жұмысының жалпы құны 1 655,4 млн. теңгені құрап, есепті кезеңге 1 188 млн. теңгесі бөлінді. Аталған қаржыға Батыр ауылдық округінің 7 елді мекенін электр жарығымен қамтамасыз ету жалғасуда. Қазіргі таңда 651 үйге тоқ көзі жеткізілді.

Маңғыстау ауылындағы темір жол вокзал жанының аумағын аббаттандыру үлкейту бойынша ЖСҚ жасақталуда.

Батыр ауылдық округінің инженерлік инфрақұрылымын дамыту құрылысының 1 кезеңі төмен қысымды газбен қамту жобасының жалпы құны 1292,4 млн. теңгені құрайды, өткен жылы газдандыру жұмыстарын бастауға 130 млн. теңге бөлінсе, ағымдағы жылы оны жалғастыруға 70 млн. теңге бөлініп отыр.

Газдандыру жұмыстарының 2 кезеңінің құны 1 464,6 млн. теңге. 1 кезеңінің қалған жұмыс көлемімен 2 кезеңі «КазтрансгазАймақ» АҚ-ның инвестициялық жобасына енгізілді. Конкурс өткізіліп, мердігер мекеме анықталды. Жеңімпаз мекеме «АБТМ» ЖШС-і. Қазіргі уақытта аталған мекеме келісім-шарт жасақтауда.

«МАЭК Казатомпром» ЖШС-нің ЦУВС-2 нысанынан Батыр ауылдық округіне дейін ұзындығы 13,5 шақырым болатын ауыз су құбыры тартылды және Хазар шағын ауданынан сыйымдылығы әрқайсысы 2 400 шаршы метр құрайтын 2 резервуары бар су сорғы стансасы салынды. Жалпы құны 436 млн. теңге құрайтын жоба жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қаржысы есебінен салынды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

жеке меншік тұрғын үйлер құрылысының дамуы;

жер қойнауын пайдалаушылар есебінен әлеуметтік жобалардың іске асырылуы.




Батыр ауылының толық газге қосылмауы,елді мекендердің құбыр суымен қамтылмауы;

су тапшылығы, сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барынша тозуы;

жылу энергиясының жоғары ысыраптары;

электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі.




Мүмкіндіктер

Қатерлер

Болашақтағы аудан орталығы– Батыр ауылын дамыту;

жаңа автомобиль жолдарын салу;

«Жол картасы» бойынша ауданды көркейтуді жалғастыру.


адамның өмір сүруіне қажетті тұрғын үй, жол, газбен қамту, сумен қамту бойынша төмен дәреженің сақталуы;

халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы.





2.6. Экология және ауылдық аумақтар

Экология. Климаты – континенттік және жазда өте құрғақ, созылмалы ыстық болатын, қыста желді және аз мөлшерде қар жауатын, ауа райы өте қолайсыз аймаққа жатады. Қоршаған орта компоненттеріне теріс әсер ететін ауа райы жағдайының ерекшеліктері: күн радиациясының жоғарылығы, шаңды борандар, тәуліктік және жылдық температураның қауырт өзгеріп отыруы, жауын-шашын мөлшерінің аздығы

Маңғыстау облысы бойынша сумен қамтамасыз етудің басты көздері: теңіз суын термикалық тұшыту принципімен жұмыс жасайтын, ішетін сапалы су дайындайтын «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін «Құйлыс-Меловое» жерасты сулары, сонымен қатар Астрахань-Манғышлак су жүйесінен Волга өзенінің суы қолданылады.

Мұнайлы ауданының жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды тазарту жұмыстарымен Мұнайлы-қызмет ЖШС-гі айналысады. Аудан бойынша көлемі 6640 м³ жерді тазалайды. Тазалауға 17 техника жұмылдырылған.
Экология және ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы;

қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендету үшін қажетті зерттеулердің жүргізілуі;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;


қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;

су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;

өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы;


Мүмкіндіктер

Қатерлер

қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың барабарлығын қамтамасыз ету, өзекті табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлеміне бақылауды арттыру;

экологиялық міндеттерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың ақшалай қаражаты мен технологияларын тарту.


атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;

стационарлық және жылжымалы ластаушы көздерден атмосфераға шығарылудың артуы.





Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі проблемалар:

атмосфералық ауаның ластануы;

қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттерінің жоқтығы;

коммуналдық қалдықтар көлемін дәлме-дәл есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы, ауылдық елді мекендерде ТҚҚ-ды (тұрмыстық қатты қалдықтар) жинау мен шығарудың тұрақты жүзеге асырылмауы; ТҚҚ-ды жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;



ТҚҚ-ды қайта өңдеудің, ТҚҚ-дағы пайдалы компонентттердің айтарлықтай мөлшерін қайтадан пайдаланудың болмауы;
Ауылдық аумақтар. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мұнайлы ауданында 135,6 мың адам тұратын 7 елді мекен бар. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9 мың адамға өскен, соның ішінде ішкі және сыртқы демографияның есебінен-3 592 адам; (Түркменстан-973, Өзбекстан- 795, 1824 адам ішкі демография есебінен).
Кесте-1. Ауылдық аумақтар бойынша мәлімет



Ауылдық аумақтар

Құрылған жылы

Халық саны

Халықтың жұмыспен қамтылуы, (%)

1

Маңғыстау

2005ж.

26 000

62

2

Атамекен

2007ж. қазан

37 500

63

3

Басқұдық

2007ж.

26 700

60

4

Баянды

1999ж. тамыз

4 700

54

5

Батыр

2011ж қараша

950

59

6

Дәулет

2007ж. желтоқсан

11 100

77

7

Қызылтөбе

2005ж. сәуір

27 750

61

8

Барлығы




134 700



Ауданда 12 жалпы білім беру мектебі, 1 – лицей, 11 – мемлекеттік балабақша, 4 - мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар және 16 жекеменшік мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 – үйлестіру орталығы, 1-оқушылар орталығы, 1-өнер мектебі және 6- аула клубтары жұмысын жүргізуде. Аудан мектептерінде 22 664 бала білім алады.

Денсаулық сақтау саласында 14 медициналық мекемелер жұмыс жасауда, оның ішінде 1 – орталық аурухана, 1 – орталық емхана, 3 – бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 7 – дәрігерлік амбулатория, 1 – жедел жәрдем және 1 – тубдиспансер бар.

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 2015 жылы шілде айында аудан аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 276 әлеуметтік сала мамандарына 38 292 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдем ақы, тұрғын үй сатып алу үшін 111 маманға 330 003 мың теңге бюджеттік несие берілді.



Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

аудан бойынша көші-қон есебінен ауыл халқы үлесінің артуы.

Білім беру мектептерінің, балабақшалардың көптеп салынуы.




Батыр ауылында газ, судың жетіспеушілігі;

ауыз судың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың қиындықтары;

ауылдық аудандарда өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы


Мүмкіндіктер

Қатерлер

елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;

ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету.


өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;

қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашылықтың күшеюі





Негізгі проблемалар:

білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарындағы мамандардың жетіспеушілігі;

облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдықтаумен төмен қамтамасыз етілуі;

аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жаңа жолдар салу қажеттілігі;

ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі;
2.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

2015 жылғы барлық мемлекеттік қызметкерлер штат саны 150 бірлікті құрап, басқа да қызметшілер 107 бірлік.

Ауданда 1 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. 2015 жылы 45 452 құжат қабылданып, оның 41 444 орындалды (97,6%). 2014 жылы 42 113 құжат қабылданып, оның 41 181 орындалды (96,3%)

Мұнайлы ауданында бірнеше қоғамдық ұйымдар мен өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың саны тұрғындардың әлеуметтік және саяси ой-өрісінің жоғарылағанын көрсетеді. Мұнайлы ауданында жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалар өзін-өзі басқару ұйымдарының қатысуымен жүргізілуде.

Мұнайлы ауданының аумағында ветерандардың құқықтарын қорғауға бағытталған 7 үкіметтік емес ұйым қызмет етеді, ұлттық салт-дәстүріміз бен қолөнерді, патриоттық тәрбиені насихаттайтын, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді дамыту және тұрғындардың белсенділігін арттыру, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыратын және ауған ветерандарын қорғайтын, кейбір әлеуметтік топтарға көмек көрсету және т.б. Сонымен қатар аудан аумағында 1 саяси партия, 1 діни ұйым, 1 кәсіподақ ұйымы қызмет етеді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне» өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 9 ақпандағы №45 қаулысымен барлығы 79 мемлекеттік қызметтік тізілімі бекітіліп, оның жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетіндігі айқындалған. Бұрын мемлекеттік қызметті 9 мемлекеттік мекеме, 77 қызметтерді көрсететін болса, қазіргі таңда 9 мемлекеттік мекемелер және ауыл және ауылдық округ әкімдері барлығы 79 мемлекеттік қызметтерді көрсететін болады. Атап айтқанда, ауыл мен ауылдық округ әкімдіктері - 3, аудандық экономика және қаржы бөлімі-1, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі-4, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі -5, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-19, аудандық білім бөлімі-22, аудандық жер қатынастыр бөлімі-5, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі-10, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт-1, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі-9. Ағымдағы жылдың желтоқсанына Мұнайлы ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-59116. Соның ішінде:



  1. мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-10438;

  2. «ЭҮП (электрондық үкімет порталы)» және (немесе) ХҚКО арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген саны-39318;

  3. ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8160;

  4. Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 1200.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша құрылымдық бөлімшесінің ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) қабылданған шаралардың саны-3. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және тағы басқа шаралардың саны-16.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер SWOT-талдау:

Мықты жағы

Әлсіз жағы

халыққа қызмет көрсету сапасының жоғарылауы;

мемлекеттік органдардың электрондық қызметке өтуі.




халықтың мемлекеттік қызметке, оның ішінде электрондық қызметке қол жетімсіздігі;

мемлекеттік органдардың халықпен байланысының жоқтығы;

электрондық әкімшілік жүйесінің толық дамымауы;

ұсынылатын мемлекеттік қызметтер туралы халықтың әлсіз хабардар болуы.



Мүмкіндіктер

Қатерлер

бюджет қаражатының тиімділігін арттыру;

нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау жүйесін енгізу арқылы аумақтың дамуын қамтамасыз ету;

жыл сайынғы жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің енгізілуіне орай барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін арттыру.


өнеркәсіп өндірісі мен көрсететін қызмет қарқынының төмендеуі;

инфляцияның жоспарланған параметрлерден асып түсуі;

ҚР заңнамасына және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау әдістемесіне өзгерістердің жиі енгізілуі;

ақпараттық жүйелердегі техникалық істен шығу;

елді мекендер тұрғындарының интернет ресурсқа қолжетімділігінің теңсіздігі.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет