Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы



бет18/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Жұмыс түрлерін айқындау ұстанымы. Мұғалімнің жан – жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді және тіл үйрету барасында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына болады. Жұмыс түрлерін айқындау туралы ұстаным сөйлеудегі қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметі мен алатын орнын жан – жақты анықтауды қажет етеді.

Сатылап даму ұстанымы бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстың түрлері де бірте – бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке т.б. сатылап өсу үстінде болу керек. Ерекшеліктердің бәрі жаңаша, жаңа түрде болуы шарт емес, тек бүкіл оқу жүйесі бір сатыда тоқтап қалмай, дамып отыруы керек. Даму кейде ескіні жаңаша пайдалану арқылы да, кейде бұрынғы жұмыстарды мақсатына сай пайдалану арқылы да, кейде өткендегіні қайталау арқылы да болуы мүмкін.

Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдетемін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін өтуге болмайды. Бұл ұстанымның нәтиежелі болуы мұғалімнің сабақты тартымды, қызықты жеткізуіне байланысты. Оқулықтағы материалдың жүйелі, түсінікті, сапалы болуы мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Мүмкіндік деңгейден басталған тапсырмалар шығармашылық деңгейге дейін бірте – бірте күрделеніп беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет