Модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы е шқму 011-15 Бірінші басылым


Модульденген жұмыс оқу жоспарын қалыптастыру ерекшеліктері



бет3/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,75 Mb.
#18743
1   2   3   4

5.4 Модульденген жұмыс оқу жоспарын қалыптастыру ерекшеліктері

5.4.1 Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП,ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.

5.4.2 білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.

5.4.3 Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

3) оқытудың(маманданудың) белгілі траекториясы үшін таңдау компоненті бойынша модульдер - жекелей кәсібилендіру бойынша мамандану шеңберіндегі мүмкін құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған пәндер циклын қамтиды;

4) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;

5.4.Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік сызба» бойынша құрастырылуы мүмкін.

5.4.5 «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.

«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.

5.4.6 Білім беру бағдарламаларының логикалық өзара байланыстылығы компоненттерін білдіреді.

5.4.7 Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредиді немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.

5.4.8 Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.

5.4.9 Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.

5.4.10 Бір модульдің ұзақтығы бір академиялық кезеңді құрайды. Көлемі бойынша үлкен модульдер бір оқу жылына созылуы мүмкін, бірақ одан көп емес.

5.4.11 Егер модуль бірнеше бір-бірімен өзара байланысты, біреуі басқасының пререквезиті болатындай компоненттерді біріктіретін болса, онда оқып үйрену реттілікпен болу керек, яғни мұндай жағдайда бұл компонеттер әр семестрде оқытылады.

5.4.12 Егер модуль сыбайлас пәндерден тұратын жағдайда, құрама компоненттер басқадай құрама компоненттердің пререквезиті болып табылмаса, онда ол пәндерді параллельді оқытуы мүмкін

5.4.13 Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.

Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.

Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.

5.4.14 Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.

Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері-оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.

5.4.15 Бітіретін кафедралар жыл сайын 30 наурызға дейін жаңа оқу жылына жоғары деңгейде жетілдірілген модульдік ОЖЖ қалыптастыру үшін ЭПК толықтырады және әзірлейді, мұндай жағдайда білім беру бағдарламаларына тән ерекшелікке тәуелді модуль сипаттамасына толықтыруды енгізуге рұқсат етіледі.

5.4.16 Бітіретін кафедра жыл сайын 30 наурызға дейін модульді анықтама мен білім беру бағдарламасының ақпараттық пакетті жасайды және толықтырады.

5.5 Оқу жұмыс жоспары мазмұны және құрылымы

5.5.1 Модульдік оқу жұмыс жоспарының нысаны мен құрылымы оқудың нақтылы нысандары үшін бірдей болып табылады.

5.5.2 ОЖЖ негізгі мазмұны үш циклды қамтитын теориялық оқу болып табылады

- жалпыға міндетті пәндер циклы (ЖМП) – интеллектуальді, жеке тұлға және әлеуметтік дамыған маман даярлауды іске асыру;

- базалық пәндер циклы (БП) – болашақ мамандардың сәйкес мамандығы бойынша негізгі білімін қалыптастыруға бағытталған;

- кәсіптік пәндер циклы (КП) – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласында қолдануға арнайы білім, білік, дағды және құзіреттіліктер қатарын анықтайды.

5.5.3ОЖЖ қамтуы тиіс:


  1. Вариативті бөлім траекториясының негізгі бөлімінде ТОЖ сәйкес оқу пәндерінің атауы мен тізімі;

  2. Қазақстандық және ECTS кредиттерімен белгіленген әрбір циклдың жалпы еңбек сыйымдылығы, сонымен бірге академиялық сағатта оқытудың БОӨЖ күндізгі бөлім үшін және БӨЖ сырттай бөлім үшін аудиториялық жүктеменің(дәріс, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс) бөлінуі;

  3. барлық цикл бойынша теориялық оқудың жалпы еңбексыйымдылығы және KZ/ECTS кредиттерінде қорытынды мемлекеттік аттестация мен оқытудың қосымша түрі ескерілген жалпы еңбексыйымдылығы;

  4. ОЖЖ негізгі және вариативті бөлімінде сабақ түрі көрсетіледі, KZ және ECTS кредиттері, модуль атауы мен коды, әрбір компоненттің бақылау түрі;

  5. негізгі бөлімде – міндетті компоненттер( ТОЖ –ғы пәндер) модулінің тізімі, оқытудың қосымша түрлерінің тізімі( дене шынықтыру, ақпараттық мәдениет негіздері, іс-тәжірибенің барлық түрі, мемлекеттік емтиханның барлық пәндер атауы көрсетілген қорытынды мемлекеттік аттестация және дипломдық жұмысты қорғау).

  6. вариативті бөлімде – екі траекториядан(мамандану) кем емес элективті компоненттер(таңдау бойынша пәндер) модулінің тізімінен тұруы тиіс. Осындай модульдерді(пәндер) оқып үйрену семестрі мен оларға бөлінген кредиттер саны барлық траекторияларда бірдей болуы тиіс.


5.6 Кешкі оқу түрі бойынша оқу жұмысы бағдарламасын жасау ерекшеліктері

5.6.1 Кешкі оқу түрі бойынша мамандарды даярлау орта білім базасы бойынша жүргізіледі және ҚР БжҒМ бұйрығымен бекітілген қысқартылған білім беру бағдарламасына сәйкес рұқсат етілген кәсіптер мен мамандықтар тізімі бойынша жүргізіледі..

55.6.2 Орта білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 129 кредитпен 5жыл мерзімге жасалынады. Кәсіптік (ТжКО)және техникалық білім беру базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 90 кредитпен 3жыл мерзімге жасалынады. Жоғары білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 60 кредитпен 2жыл мерзімге жасалынады.

5.6.3 Оқытудың кешкі түрі үшін ОЖЖ құрылымы, негізгі және вариативті бөліміндегі модульдер тізімі, олардың блоктар бойынша бөлінуі сол мамандықтың күндізгі оқу түрі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.6.4 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде кешкі оқыту нысанының студенті 12-15 кредит игеруі тиіс. Мұнда, бітіретін курстағы соңғы семестр оқу семестрі және оқу емтихан сессиясымен аяқталады(орта білім базасындағы кешкі оқу түрі ОЖЖ жасауды алып тастағанда)

5.6.5 Пәннің коды, нөмірі мен модуль атауы сол мамандықтың күндізгі оқу бөлімі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.6.6 ОЖЖ жасау кезінде модульге енетін компоненттер санын азайтуға рұқсат етілмейді. Модуль толық сақталуы немесе құзіреттілікті қамтамасыз ету тәуелділік шартынан толық шығарылуы тиіс.
5.7 Сырттай оқу түрі бойынша оқу жұмыс бағдарламасын жасау ерекшеліктері

5.7.1 сырттай оқу түрі бойынша мамандарды даярлау ҚР БжҒМ бұйрығымен бекітілген қысқартылған білім беру бағдарламасына сәйкес рұқсат етілген кәсіптер мен мамандықтар тізімі бойынша жүргізіледі.

5.7.2 Кәсіптік (ТжКО) және техникалық білім беру базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 72 кредитпен 3 жыл мерзімге жасалынады. Жоғары білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 48 кредитпен 2 жыл мерзімге жасалынады.

5.7.3 Оқытудың сырттай түрі үшін ОЖЖ құрылымы, негізгі және вариативті бөліміндегі модульдер тізімі, олардың блоктар бойынша бөлінуі сол мамандықтың күндізгі оқу түрі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.7.4 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде сырттай оқыту нысанының студенті 9-12 кредит игеруі тиіс. Мұнда, бітіретін курстағы соңғы семестр оқу семестрі және оқу емтихан сессиясымен аяқталады.

5.7.5 Пәннің коды, номері мен модуль атауы сол мамандықтың күндізгі оқу бөлімі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.7.6 ОЖЖ жасау кезінде модульге енетін компоненттер санын азайтуға рұқсат етілмейді. Модуль толық сақталуы немесе құзыреттілікті қамтамасыз ету шартына тәуелділіктен толық шығуы тиіс.
5.8 Магистратура және доктарантура бойынша жұмыс оқу жоспарын жасау талаптары.

5.8.1 Магистратура және доктарынтура бойынша жұмыс оқу жоспарын жасауда модульдік принцип бойынша бакалавриаттағы сияқты, МЖМБС магистратура мен доктарантура негізгі ережелері және ТОЖ негізінде жасалынады

5.8.2 Магистратура мамандықтары бойынша ЖОЖ жасау білім беру бағдарламаларының мазмұнына және бағдарлама бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура мен кәсіби магистратураның бұдан бұрынғы даярлығын ескеріп, оқу мерзіміне тәуелді жасалынады.

5.8.3 ОЖЖ әзірлеу барысында практиканың ұзақтығын ескеру керек. Ғылыми және педагогикалық магистратура жүйесінде (оқу мерзімі 2 жыл) 1кредит:

- педагогикалық практика үшін – 30сағатқа, немесе 1 апта;

- зерттеу практика үшін – 120 сағатқа, немесе 4апта;

- магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы – 120 сағат, немесе 2,2 апта тең.

Кәсіби магистратура жүйесінде (оқу мерзімі 1 немесе 1,5 жыл) 1 кредитке тең:

- өндірістік практика үшін – 75 сағатқа, немесе 2,5 апта;

- магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы – 120 сағатқа, немесе 2,2 аптаға тең.

Доктарантура жүйесінде1 кредит:

- педагогикалық практика үшін – 30 сағатқа, немесе 1апта;

- зерттеу практика үшін – 120 сағатқа, немесе 4 апта;

- доктаранттың ғылыми-зерттеу жұмысы – 120 сағатқа, немесе 2,2 аптаға тең.

5.8.3 Доктарантура мамандықтары бойынша ЖОЖ білім беру бағдарламасының мазмұнына тәуелді жасалынады.
5.9 Оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі

5.9.1 ОЖЖ жасаушылар бітіруші кафедралар болып табылады.

5.9.2 ОЖЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйеде бекітілген үлгіге сай, жеке әрбір мамандық үшін үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) жасалады.

5.9.3 ОҮҰжББ ОЖЖ білім беру деңгейіне сай ҚР МЖМБС талаптарына сәйкестілігін тексереді, оқу үрдісін ұйымдастыру көзқарасында жасалған жоспардың оңтайлылығын, сонымен бірге, факультет және университет шеңберінде жоспарды үйлестіру талдауын толықтай жүргізеді. ҚР МЖМБС осы немесе басқа, құзіреттілік пен үйлестіру талаптарының орындалмағаны белгілі болғанда, жоспар, бітіруші кафедраға ары қарай жөндеу үшін қайтарылады.

5.9.4 ОҮҰжББ ОЖЖ өткен тексеріске бітіруші кафедралардың меңгерушілерімен, факультет деканымен, АСжБББД директорымен және ОӘЖ жөніндегі проректормен келісім ұйымдастырады.

5.9.5 Құрылымдық бөлімшелерге қатысты жетекшілерімен қол қойылған, келісілген және басып шығарылған ОЖЖ университетің Ғылыми кеңесінде қарауға ұсынылады және 2-5 курс білім алушылары үшін ағымдағы оқу жылының аяғында(маусым айынан кеш емес), ал 1 курстың білім алушылары үшін оқу жылының басында( қыркүйек айынан кеш емес) ректормен бекітіледі.



5.9.5 пунктіне өзгерістер №15-ө бұйрығымен 18.01.16 ж енгізілген

5.9.6 Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша ОЖЖ түпнұсқасы ОҮҰжББ сақталады, көшірмелері оқу үрдісін ұйымдастыру үшін тіркеу бөлімі мен кафедраларға жіберіледі.

5.9.7 Университет жыл сайын ОЖЖ маңыздылығына көңіл бөледі. (ғылым, техника, мәдениет, экономика, технология және әлеуметтік сала дамуын) ескере отырып, ҚР БжҒМ ұсынылымы негізінде енгізілуі мүмкін. ОЖЖ өзгеріс енгізу бойынша кафедралар ОЖЖ вариативті бөлімін (траекториясын) ауыстыруға ғана құқығы бар.

5.9.8 Қайта қабылданған ОЖЖ бойынша оқу 1 курстан басталады. Қалған курстың студенттерін оқыту бұрын бекітілген ОЖЖ жүргізіледі.

5.9.9 Бекітілген ОЖЖ мамандық бойынша студенттің барлық оқу мерзімі бойында өзгеріссіз қызмет ететін жоо негізгі нормативті құжат болып табылады. Бекітілген ОЖЖ өзгеріс енгізуге енгізуге, анықтауға, жөндеуге рұқсат етілмейді.
5.10 Академиялық күнтізбе жасау тәртібі

5.10.1 Академиялық күнтізбе жасаудың мақсаты білім алушылардың оқу жылы көлеміндегі біркелкі жүктемесі мен мамандықтың модульденген оқу жылы көлеміндегі біркелкі жүктемесі мен мамандықтың модульденген оқу жұмыс жоспарын орындауы болып табылады.

5.10.2 академиялық күнтізбе негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу іс-шаралары жиынтығына регламент белгілеу

5.10.3 мамандықтың модульденген оқу жұмыс жоспарымен сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізу үшін, университетте әр оқу жылыны оқудың барлық түрі үшін бөлек академиялық күнтізбе жасалынады:



  • бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қарастырылған білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу түрі үшін;

  • бакалавриат мамандықтары бойынша орта білім базасында кешкі оқу түрі үшін;

  • бакалавтиратта мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім беру базасында қысқартылған білімс беру бағдарламасы бойынша кешкі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша кешкі оқу түрі үшін;

  • для вечерней формы обучения по сокращенным образовательным программам на базе ВПО по специальностям в бакалавриате;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша сырттай оқу түрі;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша сырттай оқу түрі үшін;

  • магистратура мамандықтары үшін;

  • доктарантура мамандықтары үшін.

5.10.4 Бакалавриат, магистратура және доктарантураның күндізгі оқу мамандықтары бойынша академсиялық күнтізбесінде теориялық оқуды бастау және аяқтаудың нақты күнтізбелік мерзімі, іс-тәжірибенің барлық түрін өткізу, аралық және қорытынды бақылауды өткізу мерзімі (емтихан сессиясы), дипломдық жобаны орындау, магистрлік және докторлық диссертация, қорытынды аттестация өткізу мерзімі және каникулға бөлінген уақыт көрсетіледі.

5.10.5 Күндізгі оқу бөлімі бойынша академиялық күнтізбе оқу жылына жасалынады және 2 міндетті семестр (әрқайсысының ұзақтығы 15 апта академиялық кезең) мен 1 қосымша семестр (жазғы) қосылады. Қарызды жою үшін және оқу бағдарламасындағы айырмашылықтар, сонымен бірге ұзақтығы 6 апта қосымша және тездетілген оқудың (бітіруші курсты алып тастағанда) қажеттілігін қанағаттандыру үшін жазғы семестьр қарастырылады.

5.10.6 Әр семестрдің соңына аралық аттеастацияны тапсыру үшін емтихан сессиясы белгіленеді, оның ұзақтығы бакалавриат пен магистратура үшін 2 аптадан кем емес, ал доктарантура үшін 1 аптадан кем болмауы тиіс.

5.10.7 Каникул күндізгі және кешгкі оқудың білім алушылары үшін әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі. Мұнда бакалавриат пен магистратурада каникул уақытының ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы тиіс (мұның ішінде қысқы уақыттағы 2 аптадан кем емес), ал доктарантура үшін 5 аптадан кем емес.

5.10.8 Күндізгі оқу түрінің бітіру курсында теориялық оқу үшін бір академиялық кезең (семестр) белгіленеді, ал соңғы семестрде кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрі, қорытынды мемлекеттік аттестация жоспарланады.

5.10.9 Бакалавриаттың күндізгі оқу түріндегі сессия ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы тиіс, ал сырттай бөлімінде 4 аптадан кем емес.

5.10.10 Бакалавриаттың күндізгі оқу түрі үшін сессия ағымдағы оқу жылының қаңтары мен маусымына дейін аяқталуы тиіс.

5.10.11 магистрлік және докторлық диссертациялар, дипломдық жобаларды (жұмысты) қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестациялар білім алушылар аттестация мен іс-тәжірибенің барлық түрінен қтіп, барлық оқу пәндерін оқып үйренуді қоса алғандағы, теориялық оқу аяқталған соң, жүргізіледі.

5.10.12 Қорытынды мемлекеттік аттестация шілде айына дейін аяқталуы тиіс.

5.10.13 Бакалавриатта сырттай оқу түрі бойынша академиялық күнтізбе оқу жылына жасалынады және оқудың барлық курстары үшін 2 сессияны, сонымен қатар, бітіру курсында қорытынды мемлекеттік аттестация үшін сессияны қамтиды. Сырттай оқу түрі бойынша академиялық күнтізбеде бекіту сабағына бөлінген уақыт, академиялық қарызды жою мерзімі, сынақ-емтихан сессиясы, дипломалды іс-тәжірибелер, диплом жұмыстарын орындау мен қорытынды аттестацияны өткізу көрсетіледі.

5.10.14 Бакалавриат мамандықтары бойынша оқудың барлық түрі үшін академиялық күнтізбе тіркеу бөлімімен жасалынып, факултет декандарымен, АСжБББД директорымен және ОӘЖ жөніндегі проректормен келісіледі.

5.10.15 магистратура мен доктарантура мамандықтары үшін академиялық күнтізбе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен жасалынып, АСжБББД директоымен және ОӘЖ жөніндегі проректорымен келісіледі.

5.10.16 Академиялық күнтізбе белгіленген үлгі бойынша жасалынып, маусым айында Университететің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.


6 Модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру тәртібі
6.1 Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:

1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;

2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;

3) әр модуль ішінде және олардың арасындаоқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;

4) модульдік курс пен білім беру бағдрламалары құрылымының икемділігі;

5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;

6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.

6.2 Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:

1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;

2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;

3бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);

4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартыоуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін ізірлеу;

5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.



6.3 Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.

Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:

А тобы-міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;

B тобы – міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;

C тобы– атңдау бойынша пәндер, кезкелген академиялық мерзімде оқытылады.

6.4 Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компонеттерді қамтиды:

1) Титул беті: білім беру бағдарламасының атауы, білім беру бағдарламаларының деңгейі, (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура) (4 Қосымша);

2) бітіруші моделі: ББ тапсырмасы, мақсаты, негізгі және кәсіби құзыреттіліктер тізімі, түлектер білім беру бағдарламасын (3 тілде) меңгеруі қажет, (5 Қосымша):


  • ана тілі саласында;

  • шет тілдері саласында;

  • іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;

  • компьютерлік;

  • оқу;

  • әлеуметтік (тұлғаралық, мәдениетаралық, азаматтық);

  • кәсіпкерлік, экономикалық;

  • мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер. Сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным)

3) типтік оқу жоспары;

4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ESTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компонеттерін (қүрамдас модулінің (пәндер, пррактикалар және т.б) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДПБ, БП, ПП), міндетті компонетке немесе таңдау бойынша компонеентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны.

5) білім бер убағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсетеетін жиынтық кесте (6 Қосымша);

6) Элективті пәндер катологы (3-тілде);

7) модульдер анықтамасы жыл сайын сәуір айында УӘК бекітіледі (3-тілде) (7 қосымша);

8) ақпараттық пакет жыл сайын сәуір айында УӘК бекітіледі (3-тілде) (8 Қосымша);

9) іс –тәжірибенің оқу бағдарламалары (2-тілде: қазақ және орыс);

10) іс-тәжірибе базаларымен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын жасасқан келісім-шарт көшірмесі;

11) элективті пәндерге жұмыс берушілердің өтініші.
7 Өзгерістер
7.1 Ережеге өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы ереже орналасқан барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген ережеге өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Ережеге өзгерістерді ҚБЖ өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып, енгізеді;

7.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СМЖжМББ және ҚБЖ жауапты.

7.3 Ережені тексерудің мерзімділігін есепке алу парағына міндетті түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қаралады.

7.4 Ережеге өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:

- заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;

- ректор бұйрықтары;

- құрылымдық бөлімшелерді қайта құру;

- реорганизация структурных подразделений;

- СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің сесебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы;

7.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде ереже де ауыстырылуы керек. ;

7.6 Ауыстырылған жағдайда ереженің күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс. Ескірген ережені алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және СМЖжМББ жауапты;

7.7 Ескірген ережені алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және СМЖжМББ жауапты;

7.8 Ескірген ережеде «Жойылды» деген белгі, негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. мұратталған құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.
8 Келісу, сақтау және тарату
8.1 Ережені Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады;

8.2 Ережені ҚББ әзірлейді.

Ереже келісіледі:

- СБӨ;


- оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;

- академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті бастығы;

- СМЖжМББ бастығы;

- Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі маманы;

- заңгер-кеңесшімен.

8.3 Ережені ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.

8.4 Ереженің түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.

8.5 Ереженің есепке алынған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі тартады.

8.6 Ереженің есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.

Қосымша 1


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІКТІЛІК ШЕҢБЕРІ

ДУБЛИНДІК ДЕСКРИПТОРЛАР»)


Оқу нәтижелері

Оқудың бірінші циклы (бакалавриат)

Оқудың екінші циклы (магистратура)

Оқудың үшінші циклы (докторантураPhD)

1. Білім мен түсіну


Оқып үйнеру аясында неғұрлым озық біліммен байланысты анықталған аспектілерді өзіне қоса отырып, озық оқулықтарды қолдайтын, жалпы орта білім ьеру негізінде тұжырымдалған, ережедегідей деңгейге сйәкес, меңгеру аясында білім мен түсінікті демонстрациялау

Үнемі зерттеу контекст шеңберінде өзгеше бақылану мүмкіндігі мен негізді жасайтын, әдетте бакалавр деңгейінде орайластырып, тереңдетілген білім мен түсінік немесе негізделген шеңберден шығатын білім мен түсінікті демонстрациялау.

Оқып үйрену саласында жүйелі түсіну мен білімді игеру және белгілі салада зерттеу әдістерін демонстрациялау.


2. Практикада білім мен түсінгенін қолдану

Еңбек ету әрекетіне кәсіби жолын дәлелдейтіндей немесе құзыреттілікке ие болатындай кәсіпке өз білімі мен түсіну амалын қолдану қабілеті, әдетте тұжырымдама мен негіздеме дәлелі және оқып үйренуаясышеңберінде мәселені шешу көмегімен демонстрацияланады.

өз білімі мен білігін қолдану қабілеті және оқып үйрену аясымен байланысты кең көлемдегі (пәнаралық)контекст шеңберінде және жаңа немесе таныс емес контексте мәселені шешу қабілеті


ғылыми мақсаттағы зерттеудің қажет үрдісін, өзіндік зерттеудің көмегімен үлес қосып тудыру, жетілдіру және бейімдеу қабілеті, ұлттық немесе халықаралық төрелік етуші басылымдарда біршама аспектілері көрсетіліп, қолданылу білім шеңберін кеңейтуді маңызды еңбек жолымен туғызу

3.Пікірін талқыға салу, ойды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілеті

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру қабілеті

Білімін интеграциялау қабілеті және күрделі сұрақтарды отырндай білу, оның білімі мен пікірін қолдануымен байланысты әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті болжау есебі, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде өз пікірін тұжырымдау қабілеті

Жаңа және күрделі идеяларды бағалау және синтездеу, сыни талдауларға қабілеті

4. қарым-қатынас аясындағы іскерлік

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маманеместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейтін іскерлігі

өз қорытындылары мен оны тұжырымдау үшін қолданылған білімін және мамандар мен маман еместерге дәл және қарсылық жасамай негіздеуден хабардар ету икемділігі

Статусы бойынша тең өз саласындағы тақырып ьойынша кеңейтілген ғылыми қауыммен және қоғаммен қатынаста болу икемділігі

5. оқуға деген қабілеттілік

Оқуды жоғары автономиялы дәрежеде жалғастыру үшін оқу саласында осындай іскерліктің бар болуы қажеттіналичие таких умений в области обучения, которое необходимо для продолжения обучения с высокой степенью автономности

Оқуды айтарлықтай шамада өз бетінше және автономды жалғастыруға мүмкіндік беретін оқу саласында икемділікке ие болу

Академиялық және кәсіби контексте, білімге негіздеоген, қоғамның технологиялық, әлеуметтікнемесе мәдени дамуын қалыптастыру мүддесіне көмектесу қабілеті


2 Қосымша
БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ


Дағды

Анықтама

Түйінді сөздер

Білім

Ақпаратты еске түсіру

анықтау, сипаттау, табу, белгілеу, атау, айрықша баса айту, елестету, еске алу, таңдау, констатациялау-белгілеу, болып табылу, шығару, ұйымдастыру, айтып беру, жазу, біліп алу, өлшеу, қайталау, арақатынасты белгілеу, талапқа сай болу / жол табу

Түсіну

Мағынаны түсіну, негізгі ойын өзгертіп айту

түсіндіріп беру, аудару, бағалай білу, түсіндіру, қамту, қорғау, айыра білу, кеңейту, қарым-қатынаста болу, көркемдеу, мысалдар келтіру, өз сөзімен айтып беру, алдын-ала айту, жазу, қорытынды шығару / қорыту, пікірлесу / талдау, болып табылу, жасау, тарту ету, растау, көрсету, табу, таңдау, түсіндіріп беру, атау, тұжырымдау, жасау, қарсы қоя білу , аудару, жүйелеу, білдіру, салыстыра білу

Қолдану

Жаңа жағдайда ақпаратты немесе концепциянықолдану

қолдану, шешу, құру, демонстрация жасау, есептей білу, өзгерту, ашу, басқару, өзгерту-түрлендіру, пайдалану, сүйеніп іс қылу, алдын ала айту, дайындай білу, шығару, айтып беру,көрсету, қолдану, мысалдар келтіру, ұғындыру, жасау, таңдау, солай түсіндіру, табу, бағалау, қолдану, көркемдеу,тексеру, растау

Талдау

Ақпаратты немесе концепцияны өте жақсы түсіну үшін

сұрастыру-білу, ажырата білу, бағалау, талдай білу, айыра білу, қалай бейнелеу, қорытынды шығара білу, бөлініп шығарылу, байланыс орнату, таңдау, бөліп алу, бөлу / бөлшектеу, салыстыру, қарсы қоя білу, растау, шешу, арнау, қорытынды жасау, сынау, сұрақ қою, диагностикалау, тиянақтау/ жүйелеу, көрсету, ұғындырып беру

Синтез

Жаңа бір нәрсе тудыру үшін идеяларды біріктіру

ұсыну, болып көріну, құрылымдау, бүтінді жасау / интегралдау, тұжырымдау, оқу, дамыту, үйлесімді ету, жинау, тудыру, ойлап шығару, жаңалық ашу, жобалау, түсіндіру, шығару, түрлендіру, ұйымдастыра білу, жоспарлау, қайта жаңғырту, қайта қою, айтып беру, қайта ұйымдастыру, қайта қарау, жазу, қоса білу, хабарлау, өзгерту / қайта жасау, дәлелдеу, тәртіпке келтіру, таңдап алу, басқару, жалпылау, шығару, жасасу, тұрғызу, шақыру, синтез жасау, салыстыра білу, ұсыну, ұлғайту /кеңейту

Баға

Бағалауға қатысты пікірін жасау

қарастыру / мінеу-пікір айту, баға қою, бағалай білу, салыстыру, қарсы қоя білу, сипаттай білу, сынау, ажырата білу, түсіндіру, қорғау, есептеу / есептен алу, анықтау, таңдау, баға беру, сұрақ қою

Қосымша 3


КУРСТАР ИЕРАРХИЯСЫ (ПӘНДЕРДІҢ)

4 Қосымша


Е Ү ШҚМУ 011-15-01 – модульдік білім беру бағдарлама үлгісі
Каталог: sites -> default -> files -> files -> education
files -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
education -> Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы
education -> С. Аманжолов Атындағы шҚму кафедра поқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы
education -> 1. 2 Байқау туралы ереже, қазылар алқасы, жүлделі қор мөлшері анықталып, ректордың бұйрығымен бекітіледі
education -> «Пәннің үздік оқу әдістемелік кешені» байқауы
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет