МөЖ №2 Тақырыбы: «Қазақстанда кездесетін жусанның түрлері, ботаникалық сипаттамасы. Жусанның түрлерінің Қазақстанда таралуы және адам өміріндегі маңызы. Жусан түрлерінің емдік мақсатта қолдану тәртібі және формалары»


Кәдімгі мыңжапырақ, ақбас жусан (лат. Achillea millefolium)



бет6/7
Дата09.05.2023
өлшемі2,04 Mb.
#176334
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МӨЖ№1 Флора
бунакдене, 33 Подсознание может все

Кәдімгі мыңжапырақ, ақбас жусан (лат. Achillea millefolium)

  • Ақбас жусан (лат. Achillea millefolium) – астралылар тұқымдасы, мыңжапырақ туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 70 см болатын сабағы біреу немесе бірнеше, қатты. Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның жоғарғы жағынан бір топ тамыр жапырақтары мен сабағы өсіп шығады. Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3 қауырсынды салаланған. Әр саласы бірнеше жүздеген сегменттерге бөлінеді, сол себептен „мыңжапырақ“ есімі берілген. Күрделі қылқанды, ұсақ себетті. Сыртқы гүлдері 5 дара жынысты, күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері қосжынысты, түтік тәрізді, 5 аналық, 5 тікшелі.Тозаңқабы — сары. Жемісі ұсақ тұқымша, жәндіктермен тозаңданады. Тұқым төгілу арқылы таралады. Шілдеден күзге дейін гүлдейді.

Ареалдардың құрылымы.
Қазақстандағы 12 түрдің арасында кең таралған түрі, орманды дала мен далаларда және құрғақ шабындықтарда өседі. Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер бар.
Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жарақаттардың жазылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады.
Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында өт қалтасына тас байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады.

Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп тез семіреді. Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады. Дәрілік мақсатпен жусан шөбі жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде орылады. Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас қорытуы жақсарып, тез қоңданады.

  • Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп тез семіреді. Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады. Дәрілік мақсатпен жусан шөбі жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде орылады. Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас қорытуы жақсарып, тез қоңданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет