МөЖ №2 Тақырыбы: «Қазақстанда кездесетін жусанның түрлері, ботаникалық сипаттамасы. Жусанның түрлерінің Қазақстанда таралуы және адам өміріндегі маңызы. Жусан түрлерінің емдік мақсатта қолдану тәртібі және формалары»



бет5/7
Дата09.05.2023
өлшемі2,04 Mb.
#176334
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МӨЖ№1 Флора
бунакдене, 33 Подсознание может все

Тамыр жусан

  • Қазақстанда кездесетін 81 түрдің ішіндегі жиі кездесетін түрі. Барлық шөлді аймақтың өсімдіктер бірлестігінің басым түрі болып табылады. Бұл биіктігі 30 см – дей болатын бұташық, шашақ тамырлы, көптеген жеміс бермейтін өркендерімен мықты топ құрайды.
  • Гүлдейтін өркендердің сабақтары жіңішке, ұш жағы бұтақтанған, үлкен босаң сыпыртқы. Себеттері ұсақ (биіктігі 3-5 мм), гүлдер саны 3-5 қос жынысты, түкті, ұш жағында 5 тісті және 5 аталығы бар, гүлдері – сары. Күзде гүлдейтін түрі (тамыз-қазан), күзде кеш жеміс береді. Жемістері ұсақ, дәнегі қанатсыз. Тек тұқыммен көбейеді. Жас жеке түрлері табиғатта тек 10 жылдан соң алғаш рет гүлдейді. Тамыр жусан Қазақстанның көптеген шөлді аудандарында негізгі мал азығы болып табылады. Оның құрамында белоктар, көмірсулар, майлар жеткілікті. Күзде, қыста және ерте көктемде малдар сүйсініп жейді. 1 гектар жерден 3-5 центнер құрғақ өнім жиналады.

Іле жусан


Ареалдардың құрылымы.
  • Биіктігі 50-80 см-ге дейін жететін, шөлде өсетін, шала бұта, тамыры жуан, кіндік тамырлы, өсімдік сабақтары жиі бұтақталған, сыртқы түкті, соның әсерінен сырттай қарағанда бозғылт-жасыл түсті болып келеді. Жапырақтары ұзын сағақты, ұзындығы 3,5-6 см, ені 1-1,5 см, тақтамаларының жиектері терең ойықталған.
  • Себет гүлдері сыпыртқы гүл шоғырын құрайды, әр бір гүлдің ұзындығы 3 мм. Гүлі қос жынысты, әр себетте 3-5 гүлден аналық гүлдері болады. Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Солтүстік Америкада жусанның 500-дей, СССР – де 170-тен астам, оның ішінде Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан Республиканың дала, шөл, шөлейт аймақтарда өседі. Көптеген түрлерінің шаруашылықта, парфмерияда, меицинада маңызы бар. Мысалы: кібірсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, шағын құмның жылжуын тоқтатады, қар ұстайды.

Қаражусан мен Бөрте жусан

  • Қазақстанда жусанның 20 – дай түрі өседі. Олардың ішінде азықтық және дәрілік қасиеттері жағынан қара жусан, бөрте жусан және құм жусаны – шағырдың маңызы зор. Қара жусан мен бөрте жусан биктігі 30 – 45 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабақтары тік өседі, жоғары жағында бұтақшалары көп болады. Жапырақтары күңгірт жасыл түсті, кезектесіп орналасқан, гүлдері майда, сары түсті. Өсімдік шілде– тамыз айларында гүлдейді.
  • Қара жусан мен бөрте жусан қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық облыстарының далалы аймақтарында жиі өседі. Кейбір аудандарда ондаған, жүздеген гектар жерді алып жатады. Қара жусан сор және сортаң жерлерде көп кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жусан сабағының жоғары жағы орылып алынып, көлеңке жерде кептіріледі
  • Қара жусан мен бөрте жусанның құрамында 7 – 8% нәруіз, 4 - 5% май, 26 - 28% клечатка бар. Сондай – ақ жусан шөбінің құрамында абсинтин, анабсантин деп аталатын гликозидтер, флавноидтар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, фитонцидтер, каротин және басқа да заттар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет