Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет6/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Мойын аймақтары.

Шекаралары. Төс–бұғана-емізіктік аймақ (region sternocleidomastoideus) осы бұлшықеттің шекарасымен сәйкес келеді.

Қабаттары. Бұлшықеттің алдыңғы қыры бойымен тереңірек және оңай қозғалатын терісі астында жалпы ұйқы артериясы проекцияланады, ол жоғарырақ бөлікте ұйқы үшбұрышына кіріп алға қарай ығысады.

Өкпелердің жоғарғы ұшы мен өкпеқап күмбезі бұғана үсті шұңқырға проекцияланады, басты аздап алға қарай игенде, бұл жерде тереңірек бұғана асты артериясының соғуын саусақпен сезуге болады. Бұғана асты венасы және оның ішкі мойындырық венасымен қосылатын жері (Пирогов веналық бұрышы) бұғана артында, оның медиалды және ортаңғы бөлігі арасында сатыалдылық аралықта проекцияланады.

Осы аймақтың терісі астында беткейлік фасция жатады және ол теріастылық бұлшықетке (m.platisma) қынап жасайды. Оның астында мойын өрімінің нервтері мен сыртқы мойындырық венасы орналасқан. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің шығу тегі – трапеция тәрізді бұлшықеттен бөліну арқылы болғандықтан, олар ортақ бір нерв пен қосымша нерв – n.accessorius қамтамасыз етіледі.

Аталған нерв (ХІ-жұп) мойында қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасының астынан шығып, оның бұтақтары жоғарыда аталған екі бұлшықетке кіреді. Нервтердің жанымен қосарласып сыртқы ұйқы артериясының тармақтары жүреді, сонымен қатар ХІ нервке симпатикалық нерв тармақтары қосылады (СІІ).

Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің өзі мойынның екінші фасциясының екіге ажырайтын жапырақшаларының ішінде орналасқан. Оның артқы жапырақшасының астында, егер бұлшықетті сәл артқа қарай тартса, ішкі мойындырық венасы (v.jugularis interna) көрініп тұрады, одан тереңірек жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis) және екеуінің аралығында тереңдеу – кезбе нерв (n.vagus, Х-жұп) орналасады (негізгі қантамыр-нервтік шоғыр).

Жалпы ұйқы артериялары кеуде қуысында пайда болады: оң жақ артерия бас-иық бағанасынан, ал сол жақ артерия қолқа доғасынан бастау алады. Жоғары қарай көтеріле келе, мойынның төменгі үштік аймағына кіргенде жалпы ұйқы артериялары төс пен төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің бұғананың аяқшасы аралығында өтеді және сырт жағынан m.sternothyreoideus бұлшықетімен жабылады. Артерияларды алдынан ішкі мойындырық венасы қалқаннан тұрады. Аймақтың ортаңғы үштігінде артериялар толығымен төс-бұғана-емізіктің бұлшықет астында өтеді және осы тұста жауырын-тіласты бұлшықеті қиғаш кесіп өтеді. Оны үшінші фасция жапырақшалары қоршайды. Бұл жерде негізгі қантамыр-нервтік шоғырдың элементтерінің ішінде неғұрлым медиалды орналасатыны жалпы ұйқы артериясы, одан сыртқары және беткейлеу ішкі мойындырық венасы, ал екеуінің арасында тереңірек – кезбе нерв жатады.

Аймақтың жоғары үштік бөлігінде жалпы ұйқы артериялары төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің алдыңғы қырынан шығады да, қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы шетіне дейін көтеріліп, екі тармаққа бөлінеді (a.carotis interna және a. carotis externa). Аталған ішкі және сыртқы ұйқы артериялары ұйқы бұрышында өтеді.

Ішкі мойындырық венасы бассүйектің сына тәрізді қойнауының жалғасы болып табылады және бассүйек ішінен мойындырық тесігі арқылы шығады да бірден кеңейген буылтық жасайды. Осындай екінші кеңейген жері сатыаралық кеңістікте бұғана асты венасымен жарақат болған жағдайларда қабыспай, қуысы ашық қалады. Бұл жағдай оның қуысына ауа сорылуына себеп болып, өмірге қауіпті ауа эмболиясына алып келуі мүмкін.

Кезбе нерві (n.vagus - Х жұп) вегетативті, парасимпатикалық нерв, сопақша мидан бөлініп, бассүйек қуысынан ішкі мойындырық венасы, тіл-жұтқыншақ және қосымша нервтермен бірге мойындырық тесігінен шығады. Кезбе нерві бас нервтерінің ішіндегі ең ұзыны, ол өз талшықтарымен тыныс алу ағзаларын, жүрек-қантамырлар жүйесін, ас қорыту жолының көп бөлігін, соның ішінде бауырды, бүйректерді, ұйқы безін (секрет шығару талшықтарымен) қамтамасыз етеді. Мойындырық тесігінде нервтің сезімтал бөлігі кішкентай түйін- ganglion superior жасайды, тесіктен шыға берісте екінші ганглий (түйін) – ganglion inferior құрайды. Нерв мойынға медиалды қантамырлық шоғырдың артқы жағымен түседі. Нервтен ішкі ағзаларға өте көп тармақтар тарайды, сонымен қатар бас нервтері мен симпатикалық нерв жүйесінен байланыстар құрайды.

Кезбе нервінің ең ірі тармақтарына жататындар – көмекейдің жоғарғы және қайырылмалы нервтері. Жоғарғы көмекей нерві жоғарғы түйіннен бөлініп, көмейдің кілегейлі қабығы мен бұлшықеттеріне, дыбыс саңылауынан және тіл түбіріне барады. Қайырылмалы нерв кезбе нервтен оң жағында бұғана асты артериясының, ал сол жағында аорта доғасының тұсында бөлініп, олардың астымен және артымен жоғары бағытталып, өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жүреді де оларға тармақтар береді. Нервтің соңғы бөлігі көмейдің төменгі нерві деп аталады, ол көмейдің кілегей қабығы мен бұлшықеттерін, дыбыс байламдарын, кеңірдекті және жұтқыншақты нервтейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет