Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Мойындағы терең бұлшықет аралық кеңістіктер (аралықтар)



бет9/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Мойындағы терең бұлшықет аралық кеңістіктер (аралықтар)

Мұндай аралықтар мойынның төменгі бөлімдерінде және төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы жағында орналасады. Аралықтар үшеу: неғұрлым беткейлеу жатқаны алдыңғы сатылық аралық, терең орналасатыны – сатылық – омыртқалық, ал оның жалғасы үшіншісі – сатылық аралық саңылау деп аталады, оның сипаттамасы мойынның сыртқы үшбұрышында айтылады.

Алдыңғы сатылық аралыққа (spatium antescalenum) алдыңғы сатылы бұлшықеттік алдында орналасқан саңылау жатады. Саңылаудан ішке және алға қарай-төс-қалқанша және төс-тіласты бұлшықеттері өтеді, ал сыртқа және алға таман төс-бұғана-емізіктік бұлшықет орналасқан. Бұл саңылауда беткей өтетін бұғана-асты венасын және оның көптеген тармақтарын табуға болады. Вена бірінші қабырғаның үстімен иіліп өтеді және ол қолтық асты венаның жалғасы болып табылады. Бұғана асты венасы тік бұрыш жасай келе ішкі мойындырық венасымен қосылады. Бұл бұрышты Пирогов атымен атайды, осы бұрышқа сол жақтан кеуделік лимфа түтігі, ал қарама-қарсы жағынан оң жақ лимфа түтігі келіп құйылады. Осы саңылауда аталған құрылымдардан басқа көкеттік нерв, жалпы ұйқы артериясының бастапқы бөлігі, кезбе нерві, сондай-ақ лимфа тамырлары мен түйіндері орналасады. Бұғана асты венасының қабырғасы үшінші фасциямен және соның арқасында бұғанамен байланысын бітісіп жатады, сондықтан венаның қуысы әруақытта қабыспайды. Жарақаттанғанда немесе катетер өткізу барысында, ішке дем тарту кезінде вена қуысына ауа сорылып кету қаупі бар, бұл ауалық эмболияға алып келеді. Бұғана асты венасына пункция жасауды бұғананың астыңғы тұсында, оның ішкі және ортаңғы үштік бөлігі деңгейінде жүргізу қажет. Көкеттік нерв мойын өрімінен (СIIIIV) пайда болады, ол аралас нервке жатады, яғни, қозғалтқыш, сезімтал және вегетативтік талшықтардан құралған. Нерв алдыңғы сатылы бұлшықеттің үстінде жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытта өтеді. Бұлшықет пен нерв омыртқа алды фасциясымен жабылған. Нерв бұғана асты тамырлар арасымен өтеді де, алдыңғы көкірекаралыққа түседі, одан әрі көкетке және іш қуысына кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет