Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет4/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
Зерттеу нысаны –
мөлшер категориясының қазақ тілі дамуының бес 
тарихи кезеңіндегі (V–IX ғғ., X–XII ғғ., XIII–XIV ғғ., XV–XVIII ғғ., XIX–XX 
ғғ.) тілдік бірліктері.
Зерттеу пәні – 
қазақ тіліндегі мөлшер категориясының тарихи 
парадигмасын танудың лингвистикалық аспектісі. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Диссертациялық жұмыстың 
мақсаты – мөлшер категориясының тарихи парадигмасын лингвистикалық 
аспектіде анықтау. Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай міндеттер 
қойылады:
- «мөлшер» ұғымының тілдік, логикалық мәнін ашу және оған жақын 
ұғымдармен байланысын көрсету; 
- мөлшер категориясының бес тарихи кезеңдегі (V–IX ғғ., X–XII ғғ., 
XIII–XIV ғғ., XV–XVIII ғғ., XIX–XX ғғ.) тілдік көрінісін функционалды-
семантикалық аспектіде талдау;
- мөлшер категориясын құраушы тілдік бірліктердің функционалды-
семантикалық ерекшеліктерін бес тарихи кезең және тіл деңгейлері бойынша 
салыстыру, әр тарихи кезеңнің өзара байланысы мен өзіндік ерекшеліктерін 
шығару;
- мөлшер категориясының поэтикалық тілдегі ерекшеліктерін айқындау; 
- мөлшер категориясының даму, өзгеруінің негізгі заңдылығын табу және 
оған қандай тілдік және тілден тыс факторлар әсер ететінін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. 
Зерттеудің нысаны қазақ тіліндегі 
мөлшер категориясының тарихи парадигмасын құраушы тілдік бірліктер 
болғандықтан, қазақ тілінің даму кезеңдерін шартты түрде бес тарихи кезеңге 
бөлдік. Осы кезеңдер аясында мынадай тілдік жәдігерлер дереккөз ретінде 
алынды: 
 
-
 Көне түркі жазба ескерткіштері 
(V–IX ғғ.)
 –
«Күлтегін кіші жазуы», 
«Күлтегін үлкен жазуы», «Білге қаған /Могилян/» ескерткіші, «Ырқ бітіг» 
ескерткіші, «Тариат» ескерткіші, «Суджа» ескерткіші, «Хойто-Тамир» 
ескерткіштері, «Тониқуқ» ескерткіші, «Мойын-Чор» ескерткіші;

-
Орта ғасыр жазба ескерткіштері 
(X–XII ғғ.) – М.Қашқаридың «Түркі 
тілдер сөздігі»;
 
-
 Қыпшақ жазба ескерткіштері 
(XIII–XIV ғғ.) – «Адам Ата мен Хауа Ана» 
қиссасы, «Мұхаббатнаме» ескерткіші, А.Ибатовтың «Қутбтың «Хусрау уа 
Шірін» поэмасының сөздігі»;

-
Хандық дәуір әдебиеті 
(XV–XVIII ғғ.) – Асан қайғы, Қазтуған жырау, 
Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, 
Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын, Бұқар жырау толғаулары, 
«Бес ғасыр жырлайды». І том / Құраст.: М.Мағауин, М.Байділдаев, Орталық 
ғылыми кітапхананың Сирек қолжазбалар қорындағы жыраулар поэзиясына, 
ескі ауыз әдебиетіне байланысты қолжазбалар;


Қазіргі заман тілдік мұралары
(XIX–XX ғғ.) –
 
ХІХ ғасырдағы Абай, 
Шәкәрім, Зарзаман ақындар поэзиясы, ХХ ғасыр басындағы Алаш мұрасы, 
Тәуелсіздік жылдардағы түрлі басылымдар, он бес томдық «Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі», «Этимологиялық сөздік», сондай-ақ, ауызекі тілде, 



аймақтық сөйленістерде «мөлшер» ұғымына қатысты қолданылатын тілдік 
бірліктер жинақталып, жұмыста пайдаланылды. Сонымен қатар, «мөлшер» 
ұғымы арнайы қарастырылған диссертациялар мен ғылыми зерттеулерден 
қажетті мәліметтер алынды.
Осы дереккөздерден жинақталған тілдік бірліктердің саны төмендегідей:
- Көне түркі жазба ескерткіштері бойынша (V–IX ғғ.): 176 т. бірлік, 112 
мысал;
- Орта ғасырға жататын М.Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігі» бойынша (X–
XII ғғ.) – 254 т. бірлік, 311 мысал, 193 карточка (мысал);
- Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері бойынша (XIII–XIV ғғ.): 436 
т.бірлік, 377 мысал; 
- Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы бойынша
 
(XV–XVIII ғғ.): 154 
т.бірлік, 192 мысал; 
- Қазіргі заман тілдік мұралары (XIX–XX ғғ.): 226 т. бірлік, 598 мысал. 
Барлық тарихи кезеңдерді жинақтай келгенде 1246 тілдік бірлік, 1590 мысал, 
193 картотека жиналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет