Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет5/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер.
Диссертацияда 
мөлшер категориясының тілдік табиғатын қазақ тілінің бес тарихи кезеңі 
бойынша зерттеу көзделгендіктен, бұл түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет 
етеді. Атап айтқанда: әр тарихи кезеңдердегі мөлшер семантикалы тілдік 
бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындау үшін 
құрылымдық әдіс қолданылды; қазақ тілінің қазіргі және тарихи 
қабаттарындағы мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің функционалды-
семантикалық, 
функционалды-грамматикалық 
ерекшеліктерін 
өзара 
салыстырып, олардың байланысын, тарихи даму үдерісін анықтау үшін тарихи-
салыстырмалы әдіс қолданылды; қазақ әдеби тілінің даму кезеңдеріндегі (XV–
XX ғғ.) тілдік материалдар мен түркілік кезеңдегі (V–XIV ғғ.) тілдік 
материалдарды салыстыру, тілдің тарихи кезеңдерімен байланысын, 
генетикалық туыстығын анықтау үшін салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды; 
«мөлшер» ұғымының философиялық мәні мен тілдегі логика-семантикалық 
құрылымын анықтау үшін анализ әдісі қолданылды; микромөлшер ұғымдары 
мен әр тарихи кезеңдерге байланысты мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің 
санын анықтау, оларды өзара салыстыру және кейбір тірек сөздердің қазіргі 
қазақ тіліндегі қолданылу жиілігін анықтау үшін сандық әдіс қолданылды. 
Сондай-ақ мөлшер семантикалы тілдік бірліктерге лингвистикалық талдау 
жасауда мәнмәтіндік талдау, бөлшектік талдау, этимологиялық талдау 
тәсілдері қолданылды. 
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі. 
Мөлшер 
категориясы – көптеген ұғымдармен ұштасып (интеграциялық қатынаста) 
жататын, қазақ тілінің барлық тарихи кезеңдерінен кең орын алған күрделі 
тілдік, логикалық категория. Сондықтан оның тілдік табиғатын ашу көптеген 
зерттеу тәсілдері мен ғылыми-теориялық негіздерге сүйенуді қажет етеді. 
Материалдарды пайдалану, талдау бойынша интегративті ұстаным 
басшылыққа алынады. Зерттеу жұмысында функционалды-семантика, 
функционалды грамматика, құрылымдық грамматика, когнитивті грамматика, 



жалпы тіл білімі, этнолингвистика, когнитивті лингвистика, түркология, 
әдебиеттану ғылымдарының теориялық тұжырымдары мен зерттеу әдістері 
басшылыққа алынды.
Сондай-ақ әлемдік лингвистикада метрологияның жалпы мәселелері мен 
дүниежүзіндегі әртүрлі өлшемдер жүйесін зерттеген Ф.И.Петрушевский [1], 
И.Я.Депман [2], Л.А.Молчанова [3] еңбектері, орыс тіл білімінде жалпы 
метрология мәселесі мен ескі өлшемдер жайлы Л.В.Черепнин [4], Г.Я.Романова 
[5], М.М.Копыленко [6], Е.И.Каменцева [7], түркологиялық зерттеулер аясында
А.Н.Кононов [8], [9], А.М.Щербак [10], В.М.Насилов [11], В.Д.Аракин [12], 
Н.З.Гаджиева [13], т.б. ғалымдардың зерттеулері, мұсылман халықтарының 
дәстүрлі халықтық өлшем бірліктерін қарастырған В.Хинцт [14], Е.А.Давыдович 
[15] сияқты ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ қазақ тіл 
білімінде: мөлшер мәнді тілдік бірліктерді құрылымдық бағытта сөз еткен 
Ж.Ш.Ахмедова [16], Т.Сайрамбаев [17], Ә.Болғанбаев [18] еңбектері; 
функционалды бағытта қарастырған А.Байтұрсынұлы [19], З.Қ.Ахметжанова 
[20], А.Д.Данияров [21], Қ.Т.Рысалды [22], А.Жаңабекова [23], М.Жолшаева [24] 
еңбектері; тарихи-танымдық, этимологиялық бағытта сөз еткен Ғ.Айдаров [25], 
М.Томанов [26], Э.Наджип [27], Е.Жанпейісов [28], Қ.Өмірәлиев [29], 
Н.Ғ.Шаймердинова [30], К.Қ.Күркебаев [31], т.б. ғалымдардың еңбектері 
басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет