Мүсіндеу — бұл қолдың және қосалқы құрал-саймандардың көмегімен иілгіш материалдан ( ермексаз, сазбалшық) пішіндер жасау



бет1/4
Дата03.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#178191
  1   2   3   4
Байланысты:
docx1583227437
накопи на мечту, Презентация Microsoft PowerPoint

Шығармашылық тұлғаның қалыптасуы - замануи кезеңде педагогикалық теория мен тәжірибеде маңызды мәселенің біреуі болып табылады. Осы саланы мектепке дейінгі жастан бастап дамыту нәтижелі болады. Василий Александрович Сухомлинскийдің ойынша «баланың қабілеттігі мен мүмкіндігі саусақтарының басында , басқа сөзбен бала шығармашылық жұмыспен көп айналысса, оның зейіні жинақы ойлау қабілеті жақсы» деген пікір ұстанған.
Мектеп жасына дейінгі кезең балалардың шығармашылықпен айналысуына қолайлы кез. Дәл осы уақытта балалардың дамуында өзгерістер болады, барлық психикалық процестер (зейін, ес, ойлау, сөйлеу, қиял) жетіле бастайды, жеке қасиеттері белсенді дамиды, ал олардың негізінде – қабілеті мен бейімділігі де артады. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін мүсіндеу тамаша тәсіл болып табылады.
Мүсіндеу — бұл қолдың және қосалқы құрал-саймандардың көмегімен иілгіш материалдан ( ермексаз, сазбалшық) пішіндер жасау. Мүсіндеу- қоршаған ортаны көркемдеуге және оны модельдеуге, өз көзқарастарымен пайымдап, кеңістікте бейнелеуге септігін тигізеді. Мүсіндеу техникасы көркем шығармашылықтың ең көрнекті түрі. Бала өзінің мүсіндеп жасағанын көріп қана қоймай, қолымен ұстайды және алады, қажетіне қарай өзгертеді. Мүсіндеудің қарапайым әдістерін игере отырып , балалар мүсіндеумен кіші жастан бастап айналыса бастайды. Мектеп жасына жеткенде композиция құрып, мүсіндеудің әлдеқайда күрделірек әдістерін меңгере алады.
Математика ғылымындағы арифметика сияқты , бейнелеу өнерінде – мүсіндеу де үлкен рөл атқарады.
Мүсіндеу- бейнелеу мен жапсырмалауға қарағанда, көбінесе екі қолдың табиғи сезімталдығын дамытады және жетілдіреді, балалар бейнелеу тәсілдерін тез меңгереді және ересек адамдардың көмегінсіз өз кезегінде шығармашылығы қарқынды дамуына әкеледі. Қазіргі кезде балалардың шығармашылығын дамыту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын ояту үшін, біз мүсіндеудің дәстүрден тыс техникасы "Пластилинографияны" қолданамыз.

"Пластилинография".

Пластилинография — бұл жаңа, ерекше және дәстүрлі емес шығармашылық техникасының әдісі , қатты және тегіс бетті үлгідегі картонға, тақтайға, пластмассаларға және тағы басқа жазықтыққа түсті ермексазбен бейнелеу.
"Пластилинография" ұғымы – екі мағыналық түбір сөзден тұрады: "графия" - құру, бейнелеу, ал бірінші жартысы "пластилин" жасанды иілгіш материал, оның көмегімен қиялындағы түрлі бұйымдар орындау жүзеге асырылады.
Бұл іс-әрекеттің артықшылығы - балалар нысандардың пішінін, қасиеттерін зерттейді, саусақ қозғалыстарының дамуы арқылы тілінің де дамуына көмектеседі.
Заттарды мүсіндеу кезінде, балалардың бақылауы мен қиялы, шығармашылық тұрғыда жаңа нәрселерді ойлап табуға көмектеседі.
Сабақтарда балалардың қимыл- қозғалысы дамып, құрал- жабдықтармен жұмыс істеу қабілеті артады.
Бұл шығармашылық техникасы қарапайым және барлық адамдар үшін қол жетімді, қажетті заттар дүкендерде бар, сондықтан үйде де осы техникамен сабақтар ұйымдастыруға болады.
Мұғалімдер ата- аналарға балаларымен шығармашылықтың осы түрімен көбірек айналысуға кеңес береді, нәтижесінде сіздің қабілетіңіз балаға да әсерін тигізеді және сіз бұл іс-әрекеттен үлкен пайда көре аласыз. Бұл тек балалардың қиялы мен шығармашылығын дамытып қана қоймай, сонымен қатар олардың табиғат туралы білімдерін кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын, қол моторикасының дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Пластилинография сабақтарын енгізу арқылы біз шешетін міндеттер :


- Сазбалшықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, мүсіндеуге қызығушылығын ояту


- Жаңа әдістерді меңгерту (басу, баттастырып жағу, сырғыту) және осы әдістер арқылы сюжеттік суреттер жасап шығару
- қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету
- қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту
- ұсақ моторикасын дамыту
- шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ермексазбен жұмыс істеу барысында берілетін ұсыныстар:
- Қатты ермексазды ыстық суға салып қыздырып алуға болады ( қайнаған су құюға болмайды).
- Жұмыстың негізі ретінде тығыз материалды алу қажет, мысалы, скотч қабатымен қапталған картон немесе қатты картон
- Дайын бұйымға түссіз лакты себіңіз. Жасалған бұйымның түсі өңбейді және ұзақ уақыт сақталады
- Сабақ барысында сергіту сәттері мен дене шынықтыру минуттарын өткізіңіз.
- Жұмыстан кейін алдымен қолыңызды майлықпен сүртіңіз, сосын ғана сабынмен және сумен жуыңыз;
Ермексазбен бейнелі суреттер мүсіндеуге арналған керекті материалдар:

- Сұлбасы салынған негіз ( картон, пластик, шыны)


- ермексаз жинағы.
- техникалық құралдар ( арнайы пластикалық пышақтар, таяқшалар, тіс таяқшалары және т.б.);
- Ермексаздан салынған суретке ерекшелік беріп тұру үшін табиғи материалдарды да пайдаланса болады: жапырақ, жеміс қабықтары, жаңғақ, дән, майда тастар, бұршақ дәндері және т.б. Сондай –ақ моншақтар ұсақ моншақтар мен ұсақ бисерлер, майда түймелер пайдаланса да суреттің ерекшелігі басым болады.
- медициналық немесе кондитерлік шприц;
- қолды сүртуге арналған дымқыл шүберек;
-ермексазды домдауға арналған тақтайша
Қарапайым әдістерді жетік меңгеріп болған соң, пластилинографияның әлдеқайда күрделі әрі әртүрлі әдістерін жасауға кірісу керек. Осылайша ермексазбен сурет салудың өзіндік жүйесі қалыптасады. Пластилинографияның қандай әдістері осы аталған техникаға негізделеді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет