Мүсіндеу — бұл қолдың және қосалқы құрал-саймандардың көмегімен иілгіш материалдан ( ермексаз, сазбалшық) пішіндер жасау



бет3/4
Дата03.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#178191
1   2   3   4
Байланысты:
docx1583227437
накопи на мечту, Презентация Microsoft PowerPoint
Кері пластилинография -суретті теріс немесе кері жағынан салу . Бұл техника үшін пластик немесе органикалық әйнек (оргстекло) қолданылады. Сурет маркермен тегіс бетке салынып, одан кейін ермексаз жағылады, содан кейін оның элементтері ермексазбен жағып толтырылады. Суретке қажетті түсті және көлемді жұмсартылған ермексазды алып, мөлдір шыныға жағылады . Жұқа ұқыпты қабат болу үшін, саусақтармен немесе арнайы пышақпен , мұқият ермексазды жағу қажет.

Контурлық пластилинография- «Талшықтарды» (жгутики) пайдалана отырып, бейнені сұлба бойынша мүсіндеу. Қадамдық кезеңдер мынадай: алдымен тегіс бетке маркермен сурет салынады, содан кейін жұқа бұралған ермексаз талшықтарын контур бойынша орналастырылады, сурет тиісті түсті талшықтармен толтырылады. Педагогтар инесі жоқ үлкен шприцті қолдануға кеңес береді, шприцті ермексазбен толтырып, жұмсарту үшін ыстық суы бар ыдысқа орналастырамыз. Осылайша әдемі тегіс талшықтар жасап алуға болады.

Модульдік пластилинография - көлденең жазықтықта мүсінді суретті валиктің, шариктың, көп қатпарлы дисктің, бұрымшаның көмегімен мүсіндеп бейнелеу



Мозайкалы пластилинография –балалардың сүйікті техникасы, өйткені сурет тек қана ермексаз шарларынан жасалады. Барлық жастағы балаларға қол жетімді, қарапайым техника. Ең бастысы, тиісті түсті таңдап, контурдан шықпай элементтермен ұқыпты толтыру . Бұл жұмыс әдісі - ермексаздан ұсақ шарлар домдап,тегіс бетке баса отырып орналастыру болып табылады.

Фактуралық пластилинография - көлемді суретті дайындауды көздейтін, ең күрделі техника.Мұнда атап өтетін жайт: барельеф (фр. bas-relief -төмен рельеф, суреттің көлемі жартысынан кем), горельеф (жартысынан көп шығыңқы) және контррельеф (лат. contra - қарсы және рельеф, тереңдетілген сурет). Мұндай суреттерді алу үшін бейне салынған арнайы валикті пайдалануға болады. Осы техникаға арналған дайын үлгілерді дүкендерден сатып алуға болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет