Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет4/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476
Құралұлы Бекбол Слайд Сүт өнімдері, Қазақ тілі БЖБ 11 класс, EndoskopicheskayaKhirurgiya 2015 04 076
фразеологиялық тіркестер
3
 деп аталады.
Тұрақты сөз тіркестерінің фразеологиялық түйдек, фразеологиялық
шоғыр, фразеологиялық тіркес деп аталатын семантикалық түрлерінен
басқа
фразеологиялық тізбек
4
деп аталатын ерекше типі бар.
Фразеологиялық тізбектердің де семантикалық құрылымы мен
лексикалық құрамы әрі тұрақты, әрі тиянақты (дайын) болып келеді. Бұл
жағынан фразеологиялық тізбектің өзге семантикалық типтерден –
3
Сырт қарағанда, 
ақ жаулық
(«әйел» деген мағынада) фразеологиялық тіркеске өте ұқсас.
Бірақ бұл тәрізді тіркестер фразеологиялық шоғырға жатады. Өйткені, біріншіден, «ак» және
«жаулық» сыңары өзге сөздермен еркін байланысқа түсе береді (ақ орамал, ақ көйлек, қызыл
жаулық, жаулық орамал т.б.), екіншіден, екі сыңары семантикалық бір тұтас мағынаны
білдіреді, басқаша айтқанда, жеке сөздің (әйел) эквиваленті болып жұмсалады, үшіншіден,
тіркестің тірек сыңары болмайды. Фразеологиялық тіркестің өзгелерден тағы бір ерекшелігі
- олардың синонимдерінде тірек сыңар үнемі қайталанып отырады: 
қыпша бел - жіңішке
бел, үш салар текемет - үлкен текемет, тас қараңғы - қою қараңғы.
Сондай-ақ кейбір
зерттеулерде 
су ми, көк ми, су жүрек
тәрізділер фразеологиялық тіркеске иллюстрациялық
материал ретінде беріліп жүр. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұлар фразеологиялық
түйдекке жатады. Өйткені, біріншіден, ішкі формасы тасаланған (неге су ми?, көктің ми-ға
қатысы қанша?; неге су жүрек?), екіншіден, тіркес сынарлары идиомалану дәрежесі
фразеологиялық тіркестердегідей біржақты емес, сондықтан жеке сөздерге эквивалент бола
алады: 
су жүрек
- қорқақ, 
су ми, көк ми
- ақылсыз.
4
Кейбір зерттеушілер, фразеологизмдерді тар мағынасында түсінушілер, фразеологиялық
единицаға тек фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Ал
зерттеушілердің біразы, тіпті басым көпшілігі (қазақ тіл білімінде) деуге болады,
фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырға қоса, бұл екеуі көп жағдайда
идиомалық тіркестер деп аталады, фразеологиялық тіркесті де фразеологиялық единица деп
таниды. Мысалы, академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде»
(Алматы, 1977) негізінен фразеологизмдердің осы аталған үш типі берілген.
Фразеологизмдерді кең мағынасында түсінушілер осы аталған үш типке қоса,
фразеологиялық тізбектерді де (мақал, мәтел, комбинатив атаулар, күрделі терминдер)
фразеология құбылысына жатқызады.
9


фразеологиялық түйдек, фразеологиялық шоғыр, фразеологиялық
тіркестерден еш айырмасы жоқ. Бірақ тізбектің лексикалық
құрамындағы сөздер еркін тіркес түрінде байланысады да идиомалану
дәрежесі бәсең (нөлге тең) болады. Фразеологиялық тізбектер өз ішінде
қоммуникативті сипаттағы тізбектер (профессор К.Ахановтың
терминологиясымен айтқанда фразеологиялық сөйлемшелер) және
номинатив сипаттағы тізбектер болып, екі салаға бөлінеді.
Коммуникатив сипаттағы тізбектерге негізінен мақал-мәтел түріндегі сөз
орамдары жатады:
шегірткеден қорықкан егін екпес; түсі игіден
түңілме; жылтырағанның бәрі алтын емес; мың шешенді бір мылжың
жеңеді; аузымен орақ орғанның белі ауырмайды
т.б.
Номинатив сипаттағы тізбектерге
ата мекен
5
,  темір жол, дауыс
беру, қол көтеру, соғыс өртін тұтандырушылар
т.б. сөз орамдары
жатады.
Сонымен, тілдің фразеология саласы – өте күрделі құбылыс.
Сондықтан ол әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді қажет етеді. Тілдік
бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы,
лексикалық құрамы, лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қолданылу
тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық реңктері, диахрония
тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т.б. мәселелер өз алдына жеке-
жеке зерттеу объектілері болатындығы даусыз. Сонымен қатар
фразеологиялық норма, фразеологизмдердің көркем шығармалардағы
қолдану ерекшеліктеріне назар аудару жазушы шығармашылығындағы
ізденістерді дұрыс түсінуге, объективті түрде бағалауға мүмкіндік
береді. Бірақ фразеологизмдердің көркем әдебиеттегі жұмсалуын сөз
еткенде, олардың жоғарыда аталған семантикалық структуралық
типтерінің барлығын емес, алдымен экспрессиялы-образды реңктері бар,
поэтикалық сипаттағы түрлеріне назар аудару тиімдірек болуға тиіс
екендігін зерттеушілердің мынадай пікірінен де аңғарамыз: «Образность
и экспрессивность - черты художественной речи, они редко отмечаются в
деловой и бытовой речи, а фразеологические сочетания представлены во
5
ата жау, ата мекен
тәрізді тіркестер өзара өте ұқсас. Кейбір зерттеулерде бұларды да
фразеологизмдердің семантикалық бір тобына жатқызады. Шындығында, бұлар әр түрлі
семантикалық топқа жатады. Мысалы, 
ата жау
-дың синонимі - 
ежелгі жау
, тіркестің тірек сыңары -
жау
. Жарым-жартылай идиомаланғандықтан, бұл орамды фразеологиялық тіркеске жаткызамыз. Ал
ата мекен
-нің синонимі - 
туған жер
. Тіркестің тірек сыңары жоқ, екі сыңары бірдей идиомаланған,
сондықтан бұл орам фразеологиялық шоғырға жатады деп түсінеміз.
10


всех стилях. В целях изучения творчества писателей, сказителей
индивидуальных особенностей стиля исследователь может ограничить
себя образной фразеологией, так же как и образной лексикой или
экспрессивными синтаксическими средствами, но в целях изучения
обшеязыковых фактов образность и экспрессивность как черты
вторичные, мало эффективны»
6
.
Көркем әдебиет тілінде образдылығы айқын, экспрессиялық-
эмоциялық реңкі қанық фразеологиялық сөз орамдары жиі кездеседі.
Әсіресе түрлі заттар мен құбылыстарды, сезімді дәл, нәзік бейнелейтін
сөз айшықтарының (речевые фигуры) алуан түрін фразеологиялық сөз
орамдарынан ұшыратуға болады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет