Наурыз мерекесіне арналған іс-шара Іс шараның барысы


(Әже екі тостағанға наурыз көже құйып береді)



бет4/4
Дата21.08.2023
өлшемі63 Kb.
#179896
1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий - Наурыз
Metodika-prepodavaniya-russkogo-yazyka
(Әже екі тостағанға наурыз көже құйып береді)
Жеңген адамға қосымша сыйлық беруге болар.

Әже:



Осы жыл сіздер /сендер үшін қуанышы мен бақыты мол, берекелі, мерекелі жыл болсын деп тілейміз.

Екінші жүргізуші:

Шығыс аңызы бойынша Наурыз күні жер бетін Қыдыр ата аралап, адамдарға бақыт, молшылық, береке тілеп, бата береді екен. Міне, бізге де Қыдыр ата келе жатыр. Бәріміз Қыдыр атаны қарсы алайық.

Қыдыр ата: Байдаулет- мұғалім

Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Бірінші жүргізуші:



Ата сөзі қасиетті, киелі,
Ата сөзі жанға жайлы тиеді.
Ата сөзі өміріме өнеге,
Ата сөзі тек шындықты сүйеді, – демекші, Қыдыр ата, сізден бата сұраймыз.
Қазақ халқы «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дейді ғой. Қыдыр ата, сізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата: Байдаулет- мұғалім
БАТА

Армысыңдар, балалар!
Бармысыңдар, қонақтар!
Ұлыс күні Наурыздың,
Тілек тілер бабалар.

Ұлыс оң болсын!


Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын.
Көйлектерің көк болсын.
Уайым қайғы жоқ болсын.
Қуаныштарың мол болсын.
Әумин!

Бірінші жүргізуші:



Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр, аңыз,
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!

Екінші жүргізуші:



Наурыз – шаттық әніміз!
Салтанатты сәніміз.
Ән салып, жас, кәріміз,
Би билейік бәріміз.

Бірінші жүргізуші:



Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Думандата би билеп,
Тәтті күйді тыңдайық!

Қаражорға биі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет