Наурыз. Сәкен Сейфуллин. Сабақтың мақсаты



Дата10.10.2020
өлшемі15,36 Kb.
#64358
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин.

Сабақтың мақсаты:

1.Өлең мазмұны арқылы кең-байтақ туған жеріміздегі көктем маусымы, оның әртүрлі аймақтарда қалай басталатыны туралы қысқаша түсінік алуға мүмкіндік жасау. С.Сейфуллиннің өмірі туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлең мазмұнына талдау жасай отырып, жазушы идеясын ұғынуға жағдай туғызу.

2.Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта алу қабілеттерін, тілін, ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

3.Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, баланы табиғатпен үндестікте тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, С.Сейфуллин туралы альбом, партада оқушылардың топ атын көрсеткен қағаз қиығы, Қазақстан аймақтарының аты жазылған плакат, түрлі-түсті маркерлер.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік, «Венн диаграммасы», «түртіп алу», «РАФТ» стратегиялары.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

3.Қызығушылықты ояту.

Ескерту: Сабақтан бірнеше күн бұрын оқушыларға тапсырма беру:

А)Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс аймақтарындағы күн райындағы өзгерістерге бірнеше күн бақылау жасау. Ол үшін теледидардан берілетін ауа райы болжамының деректері де жеткілікті. Немесе қандай да бір деректерді ала келу. Мысалы, ол аймақта әлі күнге дейін қар жатыр ма? Өзен, көлдердегі мұз еріді ме?..

-Балалар, әр айдың өзінің ерекшелігі бар. Наурыз айымен бірге жер бетіне не келеді?

-Көктем, жылылық, құстар келеді, ағаштар бүршік жарады.

-Бұл көктемнің қай шағы?

-Ерте көктем.

-Балалар, осы көктем біздің кең-байтақ жерімізге қалай келетіні туралы әңгіме қозғау үшін, 4 топқа бөлініп отырайық. Сендер өздеріңді зерттеуші ғалымдар тобы деп есептеңдер.

1.Оңтүстік Қазастан аймағын зерттеуші ғалымдар тобы.

2.Солтүстік Қазақстан аймағын зерттеуші ғалымдар тобы.

3.Шығыс Қазақстан аймағын зерттеуші ғалымдар тобы.

4.Батыс Қазақстан аймағын зерттеуші ғалымдар тобы.

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша бөлініп отырады. Егер бір аймақта бір ғалым болас да ештеңе етпейді. Өйткені ғалым адам өзіне өте сенімді болады.

Тапсырма: Оқушыларға қажетті құралдар беріледі.

1.Әр топ өз аймақтарындағы көктемді сипаттауға дайындалады. Білгендерін, айтатындарын плакатқа (суретпен, сызбамен, қызықты белгілермен) түсіру.

Жұмыс аяқталған соң, топ жұмысы тыңдалады. Аймақтағы қызықтырған мәселе туралы оларға сұрақ қоюға да болады.

Мысалы:


-Сіздің аймаққа құстар ұшып келді ме екен?

-Өзен-көлдердің мұзы еріді ме?

-Сіздер жақта қандай көл (өзен) бар еді?

-Түнгі ауа температурасы қандай?

Бастауыш сынып оқушысы аз ғана мәлімет бере отырып, мұғалімнің көмегі арқылы көртеген жайттарға қанық болады. Оларда, бұрын байқамаған, өз жерінің табиғаты туралы басқаша ойлар туатыны сөзсіз. Сонымен бірге оқушы өзінің білмегенін екінші баланың айтқаны арқылы біледі.

Осы жұмысты қорытындылау арқылы мұғалім айдың аяғына таман тағы да ғалымдардың айтатын мәліметтері жиналатынына сенім білдіреді.

Жұмыс осылай жалғасын табады.

Ескерту: Егер жұмыс уақытын үнемдеуде проблема болады деп күдіктенсеңіз, қалған екі топтың жұмысын келесі сабаққа қалдыруға болады. Егер жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, балалар мұндай жұмыстарды жасауға дағдыланған болса, уақыт үнемделетіні сөзсіз.



4.Мағынаны тану.

-Біз бүгін С.Сейфуллин осы наурыз айын қалай жырлағаны туралы оқып білеміз.

С.Сейфуллиннің шығармашылығы мен өмір жолына қысқаша шолу. («Қанқұйлы террор хикметі» деректі фильмінен үзінді көрсетуге болады).

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Мұғалімнің оқуы.

Оқушыларға әр шумақты мәнерлеп, әсерлеп, тиісті дауыс ырғағын таңдап оқуларын сұрау.

-Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқығанда, қандай әсер алдыңдар?

Өлеңді салыстырмалы түрде әртүрлі дауыс ырғағымен оқып көру.

-Өлеңнің мазмұнына қандай әуен (музыка) сай келер елі деп ойлайсыңдар?

-Өлең жолдары арқылы қандай оқиғаны суреттеп берер едің?

-Қала мен ауылдағы наурыз айының бейнесі бір-біріне ұқсай ма?

«Венн диаграммасына » салып салыстыру.

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәнерлеп оқу кезінде өлеңнің ішіндегі табиғат өзгерістерін суреттеген сөз тіркестерін сызып отыру.

Дәптермен жұмыс. Сызылған сөз тіркестерін теріп жазып, қалаған 2-3 сөз тіркесімен сөйлем құрастыру, бірақ құраған сөйлемдері бір –бірімен байланысқан мәтін шығуы керек.

Оқушы шығармашылығын тыңдау.

Сергіту сәті ретінде С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді.

Шыққанбыз, дос, шыңға тала,

Талай сырды ойланып,

Ақтаралық алтын сарай

Алтын сарай қойманы.

Сергіту сәті мен оқыған өлеңді байланыстыра алар ма едің? (Наурыз айындағы ауыл адамдарының, туған-туыс ағайынның, жора-жолдастың, т.б. қыстаудан жайлауға шыққандағы кездесулерімен байланыстыру).



5.Ойтолғау.

Сабақ басындағы көктемді сипаттаулары мен деректерін ақынның өлеңімен ауызша салыстыру.

«РАФТ» стратегиясы бойынша:

Р – рөл – оқушы

А – аудитория – халық

Ф – формасы – хат

Т- тақырып – Наурыз

Оқушылардың шығармашылығын тыңдау.



6.Сабақты бекіту.

-Ақын наурыз айындағы табиғат өзгерістерін қалай суреттеген?

-Күннің жылуы табиғатқа, адам өміріне қалай әсер етеді?

-Ақынның өлеңдегі жел, су, қар бейнесін суреттеулерін түсіндіру.



7.Үйге тапсырма.

Өлең мазмұны бойынша сурет салу. 133-бет.



Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0288
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0288 -> Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім Сабақтың мақсаты: Білімділік
0288 -> Сабақтың мақсаты: білімділі к: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет