Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі



бет10/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Наурыздық басты нышан


Жалпы алғанда, түркілік ғаламтанымды көрсететін мифтік мынадай көріністен аттап өтуге болмайды. Ол көрініс мифологиялық арқау ретінде түркілік ертегілерге тән болып келеді. Айдалада бәйтерек өсіп тұрады, оның басына ұя салған самұрық құс тұрады екен, бірақ самұрықтың балапандарын жалмайтын айдаһар бәйтеректің түбінде мекендейді. Сөйтіп, айдаһарды өлтіретін асқақ батыр туылмайынша, самұрық бұл тажалдан құтылмайды екен. Батыр туылады, айдаһармен айқас болады, жігіт жеңеді, самұрық оның мұратына жетуге қызмет етеді. Міне, бұл - типтік мифологиялық арқау. Біздің пайымымызша, бұл жерде әңгіме әдеттегідей Жақсылық пен Жамандықтың күресі турасында емес, ғалам мен адамның қарым-қатынасы жөнінде. Бәйтерек – адамзаттың арманы, аңсары, Көкке өрлеу жолы, ғұмыры. Бәйтерек – түркілік танымдағы ғаламдық ағаш. Ал, бәйтеректі орап жататын жылан кейіпті жеті басты айдаһар – Уақыт. Айдаһардың жеті басты болуы оның о бастан аса жетілген ғаламдық құдыретті апат (стихия) екендігінде. Жеті санымен түркілер құдыретті кемелдікті таныған. Ал, самұрық - Бақ құсы, адамның мұраты, арманға жеткізер көлігі! Уақыттың талай тажалына төзген адам ғана мұратқа жетеді, Көкке самғайды, Жоғарғы әлемге тиесілі деген даналық жатыр бұл әфсанада.

Міне, осы типтік мифарқаудағы бәйтерек Наурыз рәсімінде ЙОЛ (жолтерек, бақан) ретінде кейіптелсе, ал айдаһардың рөлін “йолды” айнала тізбектелген адамдар атқарған. Бір қызығы, қол ұстасқан адамдар он екі айдың немесе он екі мүшелдік жылдың болмаса үш жүз алпыс бес күннің кейпінде билеп айналады. Қазырғы қазақтың қадырлы «Айналайын!» сөзі де осы тұжырымнан шыққан болуы ғажап емес. Мұндағы Жер мен Көкті жалғаушы Бәйтерек - Кеңістің бейнесі де, ал айдаһар - Уақыттың кейпі. Кеңіс геометриялық жағынан (ұзындық, ендік, биіктік) үшөлшемді болса, ал мифтік кеңіс те үшөлшемді: жоғарғы (бас), ортаңғы(бел), төменгі(аяқ), бұл – тігіңкі тұрпаты, ал көлденең тұрпаты – оң, орта, сол. Түркілердің мемлекеттік құрылымы да осы мифтік ғаламдық бірегей құрылымға негізделген.


Біз атаған мифологиялық аңыз бен Наурыздың арасынан қыл өтпейді деуге болады. Бұл аңыз, адам көзімен қарағанда жауыздық пен бауырлықтың арбасуы болғанымен, түпкі идеясы ғаламдық үйлесімді паш ету. Міне, Наурыз да сол үйлесімге қызмет етудің басты рәсімі еді. Яғни, Наурыз ғарышты тапырықтан (хаостан) қорғау жолындағы адамзаттық әрекет ритуалы болып табылады. Әлемтапырық (всемирный хаос) ғаламның теңгерімі, жаңа уақыттық старт кезінде басталмаса, одан әрі де болмайтыны ескерілген. Шамасы, Наурыз рәсімінің басты мәйекті мәні де осында болса керек.

Алтайлық Маадай-Қара жырында Бәйтеректің сыйпатын белгілі фольклортанушы Е.Д.Тұрсынов («Древнетюркский фольклор: истоки и становление», «Дайк-пресс», 2001, 84-бет) былайша суреттейді: «Байтерек имеет золотые листья на солнечной стороне и серебряные – на лунной. На вершине его сидят две кукушки, которые знают, кому какой век предопределен, кому доведется быть счастливым, кому – несчастным. Ниже расположены два беркута, а у основания ствола – две собаки, стерегующие покой обитателей среднего мира. Иногда мировое дерево ассоцируется с коновязью...»


Жоғарыда аталған мифтік құрылымды Е.Д.Тұрсынов мырза («Древнетюркский фольклор: истоки и становление», «Дайк-пресс», 2001, 32-бет) түркілік танымға сүйене отырып, былайша сипаттайды:


«... средний мир (мир человека) предстает неким связующим звеном между верхним и нижним мирами, ибо души людей находятся и в верхнем мире, помогая живым людям (это аруахи – духи предков, помогающие своим потомкам, живущим в среднем мире), и в то же самое время в нижнем мире, куда спускаются души умерших злых людей, черных шаманов, людей погибших насильственной смертью и не погребенных и т.д.» Кроме того, души неродившихся людей также находятся в мире мертвых, ибо живые – это воплощение ранее умерших, совершающих извечный кругооворот, рождаясь, умирая и возвращаясь к живым. В то же самое время души неродившихся людей обитают и в верхнем мире, откуда они по ветвям мирового дерева спускаются и входят в утробы женщин, беременеющих после этого...»

Каталог: content -> uploads -> 2010
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
2010 -> Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы
2010 -> Мағжан өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері
2010 -> Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі
2010 -> Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян кірісп е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет