Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі


«Ырыз» сөзінің түбірі «ыр» (ір) түрінде «ие», «меңгеруші», «іске асырушы» дегенді білдіретін аса ежелгі сөз, мысалы: тәң+ір



бет9/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
«Ырыз» сөзінің түбірі «ыр» (ір) түрінде «ие», «меңгеруші», «іске асырушы» дегенді білдіретін аса ежелгі сөз, мысалы: тәң+ір - таң мен жарық иесі, жарықты жаратушы, меңгеруші, иеленуші. Ежелгі кезде өз алдына бір ұғымды берген «ір» (ыр) сөзі кейінгі дәуірлерде суффикске айналып, оның бүгінде «гір», «гир» «ғыр», «гер», «ғар», «кер», «қар» секілді алуан нұсқалары туындаған. Бір кездері «ір» сөзі кәзіргі «ірі» сын есімінің түбірі ретінде, зат есім күйінде болғандығына сенуге болады. Демек, «ырыс» сөзіндегі «ыр» форманты бұл жерде «Жаратқание» ұғымын беріп тұр. Ал, оның екінші бөлігі «ыз» (ыс, іс) түрінде құдыретті заңдылық, пешене, жазмыш, бұйрық дегенді білдірген. Мұның қазырғы кезде қазақ тіліндегі «басқа іс түсу» тіркесі нықтай түседі, мұндағы «іс» (із, ыс, ыз,) Жаратқанның бұйрығымен болатын адам үшін сынақ пен қиындықты білдіреді. Сонда «ырыз» (ырыс) сөзі «Жаратқанның несібелік бұйырымы, берекесі» деген ұғым болып шығады. Ал, оған «нау» қосылғанда, ол бұйырымға жаңалық, сонылық, әуелгілікпен бірге жаппайлық сипат береді.

Шамасы, «нау+ырыз» ежелгі сөйлем ретінде парсылық «жаңа күн» тіркесіне отырық мәдениетке тән, нақтыланған мағына түріне түсіп барып кейінірек жеткен, ал оның ежелгі мәні: «Жаратқанның бұйрығымен жаңа құтқа кенелу сәті». Демек, Наурыздың арғы мәнінде Уақыттың жаңаруын Жаратқанның еркімен болатын табиғаттың жаңарысымен және адамзаттың құдыретті жаңа құбылыс күтуімен байланыс бар. Қысқасы, «Наурыз» - саясатқа айналмаған пәк сенім мен ежелгі түркілік ұғымдардың жыйдасы (коллекциясы). Бұл ұғым бүгінгі түркілерде дүниетанымға негізделген алуан сипатты ғұрып пен мәнге толы.



Каталог: content -> uploads -> 2010
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
2010 -> Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы
2010 -> Мағжан өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері
2010 -> Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі
2010 -> Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян кірісп е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет