Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі


Наурыздың басты кейіптері



бет14/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Наурыздың басты кейіптері

Наурыз мейрамы мемлекеттік ауқымда мерекеленгелі оның атрибуты ретінде түрлі ертегілердің кейіпкерлері телініп келеді, алайда жасандылық ешуақытта баянды болған емес, ертегілермен Наурызды байыту жүзеге аспай-ақ қойды. Шын мәнінде оны соншалықты байытудың қажеті де жоқ еді, өйткені, Наурыз о бастан-ақ қаһармансыз, кейіпсіз емес, тек оны жаңғырта, орнықтыра білу керек еді. Алайда, тәуелсіздікті енді тұшына бастаған халқымыздың тамыры тереңде жатқан танымын таратуға мұршасы болмады. Өткен ғасырдың 90-жылдары қай шараны да ұлттық фольклор мен этнографиялық ауқымда қарастыруға, содан қуат пен ләззәт алуға мәжбүр болды. Міне, Наурыз мерекесінің де біржақты фольклорлық, этнографиялық сыйпатқа ұшырау себебі осы объективтіліктен болатын.


Қаһарман дегенде, Наурыздың тұжырымынан туындайтын Көк пен Жердің кейіптері Қыдыр ата мен Ұмай ананың дайын бейнелері бар. О баста, Қыдыр ата Көктің періште өкілі ретінде құт таратушы міндетін атқаратындай киелі тұлға. Тіпті, «қыдыр» сөзінің өзі түркілік «құд» және «ыр» (гір, ғыр, ғар, гер жұрнақтарының арғы түбі) тіркестерінен туындап, «құт үлестіруші» мағанасын білдірсе керек. Бұл қаһарман міндетінің астарында терең таным жатыр: түркі сенімі бойынша, әрбір жан өзінің ниеті мен еңбегіне орай Жарылқаушыдан сәйкес түрде несібе алуға мүмкіндігі бар. Ал, құт дегеніміз – Жарылқаушының киелі де баянды ету құдыреті, кепілі! Бұл сөзбен Ебропада «гуд» түрінде Жаратқанды атайды. Қазақтар бүгінде бірін бірі «Құтты болсын!» тіркесімен құттықтауында «жақсылықтың баянды болуы Жаратқанның бұйрығымен бекісін» деген тілек бар.


Уақыт өте келе Қыдыр кейпі басқа діндерден де орын алған. Алайда, Қыдыр міндеті тәңірлік дүниетанымның төл туындысы екенін жоққа шығару қиын. Көк пен оның туындысы болып табылатын адамзат арасында құт пен құрбандық түріндегі алым-берім қатынасы мыңдаған жылдар бойы орныққан. Ебразиялық алқапты жайлаған бұл қатынас, тіпті, кеңес өкіметі тұсында да аталмыш «дәстүрді» Қыдырдың дорбалы Аяз ата бейнесінде сыйлық таратып, жалғастыруына ешбір кедергі болмады.


Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана Көктің дарытқанын молайтушы, құтты (баталық ақпаратты) нәрселендіруші (материалдаушы) бейне. Береке аталатын көбею мен молдықтың басы – Наурыздың материалдық байлықтың мәні болып табылады. Берекенің белгісі – айуандар мен өсімдік әлемінің жаңаруы: көктің бүршік атуы мен төлдің туылуы. Наурыз айының малдың төлдеу науқанына сәйкес келуі де құбылыс пен көктемгі маусымның көрінісі, жаңа жылды лайықты қарсы алудың мүмкіндігі болып табылады. Осы жерде құмық тарихшысы Аджы Мұраттың сәби Христы көтерген Марияның бейнесінің арғы түбінде о баста ырыс пен береке нышанын бейнелеген, бала көтерген Ұмай ананың кейпі болғандығына құлақ асуға амалсыз тура келеді.





Каталог: content -> uploads -> 2010
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
2010 -> Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы
2010 -> Мағжан өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері
2010 -> Қылышты сабынан, жыланды басынан ұстау керек. Қазақтың аталы сөзі
2010 -> Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян кірісп е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет