Не арнайы педагогика кафедрасы


Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет14/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
Бейсебай Еламан СРС9 кдфэн , 1-ші сабақ 3D -редактор құралдары, Kharasahal V.V. Analitikalyk geometriya, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Күрделі кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама беріңіз.
2. Күрделі кемістігі бар балалар қандай мекемелерде арнайы көмек алады?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция 9. Арнайы психологияның мәселелері. Коррекция, бейімделу, компенсация.
Жоспары:
1.Компенсация және коррекция
2.Әлеуметтік бейімделу
3.Ақыл-ойы кем балалардың дамуындағы коррекциялық бағыты

Түзету (коррекция) ұғымы – психикалық жəне дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық – педагогикалық жəне емдеу – сауықтыру шараларының жүйесі көмегімен түзету. Бұл жүйе, баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге жəне жоюға бағытталады. Дефектологияда «коррекция» («педагогикалық коррекция») терминін, мінез – құлық ауытқуы бар балаларға қатысты, алғаш рет В.П.Кащенко енгізді. Кейінірек бұл термин, ақыл – ойы кем балаларға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі кездегі көмекші мектептер қызметінің мазмұны, коррекциялық – тəрбиеленушілік тұрғыда құрылады. Оқудағы коррекциялық немесе түзетушілік бағыт, арнайы білім беру мекемелері жұмысының негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Ағылшын тілді елдерде, «коррекция» термині, арнайы білім беру саласында қолданылмайды, дамудағы кемшіліктерді психологиялық – педагогикалық жолдармен түзету, «remediation» сөзімен түсіндіріледі. Ондағы түзету немесе коррекциялық педагогика – бұл құқық бұзушылық жəне оның алдын – алу мəселесімен айналысатын педагогика саласы. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады, ол сезімдік тəжірибе мен моториканың дамуы (сенсомоторлық коррекция), автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі, олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді. Коррекция идеясының бұдан кейінгі дамуы, бельгиялық педагог Декролиге (1871-1933) тəн. Ол ақыл – ойы кем балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың үш кезеңнен тұратын жүйесін жасайды. Бірінші кезең - бақылау, бұл кезең Монтессоридің сенсорлық мəдениетті қалыптастыру идеясына сəйкес келеді. Екінші кезең – ассоциацияларды қалыптастыру – ана тілін үйрену мен жалпы міндетті пəндерді меңгеру барысында, ойлау қабілетін қалыптастыру. Үшінші кезеңде – баланың сөйлеу, сурет салу, еңбек ету, əн салу, қимыл – қозғалыс қабілеттерін қалыптастыру. Мұнда оқу материалының мазмұны, балалардың инстинктері мен қарапайым физиологиялық үдерістеріне сай келуі керек. Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тəжірибесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885 - 1949) атқарды. Ол ақыл – ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жүйесін жасады, бұл жүйенің құрамына ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін ойындар, қол еңбегі, топсаяхаттар тəрізді, маңызды əлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді. Ақыл – ойы кем балалармен жүргізілетін түзету жұмысының əріқарай дамуы мен зерттелуі, Г.М.Дульневтің атымен байланысты.


Орнын толтыру (компенсация) – даму кемістігі немесе зақымдану нəтжесінде жойылған, бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Орнын толытру күрделі, көп деңгейлі үдеріс. Бұған зақымданған жəне жоғалған қызметтерді қалпына келтіру мен алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу реакциясының бір түрі. Əдетте, компенсация үдерісіне ағза толық қатысады, өйткені қандай бір жүйенің бұзылуынан, ағзада өзгерістер пайда болады, олар тек зақымданған қызметпен ғана байланысты емес (алғашқы кемістік), ол басқа жүйелерге əсер етеді (туынды кемістік). Мысалы, туа біткен немесе ерте пайда болған саңыраулық – алғашқы кемістік, ал сөйлеудің қалыптаспай қалуы – туынды кемістік, бұл өз кезегінде ойлау, есте сақтау сияқты психикалық үдерістерді тежеуі мүмкін, бұл – үшінші кемістік, егер осының барлығы, баланың жеке тұлғалық дамуында ауытқулар туғызса, төртінші кемістік болып табылады. Бірақ, зақымданған жүйелер автоматты түрде өз қызметін өзгертіп, қайта құрылады, сөйтіп, жаңа жағдайға бейімделе бастайды.
Əлеуметтік бейімделу – мүмкіндігі шектеулі балалардың əлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамға өмір сүруге бейімделуі. Бейімделу үдерісі үнемі сəтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез – құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату, коррекция жəне компенсация жолдарымен жүзеге асады
Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.
2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.
Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.
Коррекция - латынның “correkctio” - түзету. Балалардың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзету немесе азайтуға бағытталған. Кемістіктің дамуын жою немесе жеңілдету , балалардың таным әрекетінің және дене дамуының коррекциялық тәрбие жұмысы ұғымымен анықталады.
Әлеуметтік бейімделу– дамуында кемістігі бар тұлғалардың жеке дара немесе топтық мінез-құлқын жалпыға бірдей қоғамдық нормалармен
құндылықтарға келтіру.
Сауықтыру (реабилитация) - өзара тығыз байланысты бірнеше формасы бар және дәрігерлік, психологиялық , педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби еңбек пен тұрмыстық шаралардың кешенді жүйесін құрайды. Осылардың біреуінсіз толық сауықтыру болмайды. Сауықтырудың міндетін тек қана қоғам тұтастай шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет