Не арнайы педагогика кафедрасы



бет2/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
Бейсебай Еламан СРС9 кдфэн , 1-ші сабақ 3D -редактор құралдары, Kharasahal V.V. Analitikalyk geometriya, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.

  2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."

  3. Жалпы психология. 2015.

  4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.

  5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.

  6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.

  7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.

  8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А

  9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.

  10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.


Лекция2.
Жоспары:
1.Арнайы психологияның әдістері
2. Арнайы психологияда балалардың дамуын зерттеуде ғылыми – психологияның ұлттық әдістерін қолдану жүйесі
Психологиялық зерттеу әдістемесі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістемесі жан-жақты және қалыпты балаларды зерттеу әдістемесімен тура келеді. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Баланың жеке құжаттарымен танысу.
2. Баланың жалпы жағдайы туралы педиатрдің анықтамасы
3. Психоневрологтың медициналық диагнозы және ақыл-ой кемістігіне мінездеме береді.
4. Отолорингологтың анықтамасы.
5. Офтальмолог көру мүшесіне мінездеме береді және толық диагноз қояды.
6. Артопед – қимыл –қозғалысы бұзылған балалрға анықтама береді.
Толық жиналған материалдар негізінде психологиялық зерттеулерге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері:
Бақылау әдісі – бақылау бақылаушының араласпай баланың психикалық функциясын анықтауға болады. Бақылау қорытындыларын дәлме-дәл тіркеп отыру керек.
Бақылау: -белсенді-енжар
Әңгіме әдісі – арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке қарым-қатынас процесіндегі психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтық әдісі. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әңгіме 2 түрлі бағытталған болады:
1. Ата-анамен әңгімелесу
2. Баламен сөйлесу.
Эксперимент әдісі – оқытылып жатқан құбылыстардың активті пайда болатын, қамтамасыз ететін түрлі және арнайы модельденген жағдайдың факторларының жиынтығы.
XIX ғасырдың 2 жартысында ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің клиникалық және психолого – педагогикалық аспектісі кеңейеді. Бұл зерттеулер ақыл – ойы кем балалардың дифференциациялық критериін және интелектісінің дамуына бағытталған. Бұл мәліметтер әр түрлі деңгейдегі аномальді балалардың мекемелер түрін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселелердің шешілуі психиатрия және психологияның даму деңгейінің өсуімен байланысты.
XIX ғасырдың 2 жартысында ғылымдардың өрлеп дамуымен сипатталады. К.Маркс және Ф.Энгельстің диалектико – материалистік зерттеулері биология аймағындағы теориялық концепцияларды құруда зерттеушілер және философтар өз көмегін тигізді. Материалистік көзқарастардың дамуына үлкен әсер еткен биология аймағындағы Ч.Дарвиннің «Пройсхождение видов» (1859) және И.М. Сеченов «Рефлексы головного мозга» (1863) атты кітаптардың шығуы дүр сілкіндірді.
И.М. Сеченовтың бұл жұмысында, психикалық құбылыстардың құрылуы орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы жұмысының нәтижесі деген.

Психологияда және педагогикада көптеген экспериментальды зерттеу әдістері қолданылады.


XIX ғасырдың 2 жартысында XX ғасырдың басында ақыл – ой кемдіктің мінездемесі және айқынды түсінігін екі бағытта анықтады.
Бірінші бағыттағы ақыл –ойы кем балаларды зерттеу клиникалық негізде болады, яғни ақыл – ой кемдіктің себебін, материалдық негізде аномальды дамуды анықтау.
Зерттеудің екінші бағыты психолого – педагогикалық мінездемеде болады. Бұл бағытты ұстанушылар А. Бинэ, Т.Симон, Санте де Санктис және басқалары ақыл – ойы кемдердің логикалық түріне көңіл аударды. Бұлардың ойынша ақыл –ойы кем баланың дамуы дұрыс дамудағы баладан дамудың сандық жағынан артта қалып отырады. Жоғарыда айтылған зерттеушілер ақыл – ойы кем балалардың психикалық деңгейін анықтады. Оларды негізінен нормадағы дамудан ауытқушылықтың себебі қызықтырды.
Тұлғалық ерекшелігін анықтау мақсатында 1-ші болып 1890 жылы Американдық психолог Кэттэл қолданған болды.
Индивидтің қарапайым және күрделі тұлғалық жағдайларын анықтауда француз психологы Альфред Бинэ (1857-1911) енгізген. Ол бірінші болып индивидуалды және практикалық психологияны қалаған. Альфред Бинэ тұлғаның қарапайым жағдайларына сезіну, ас, реакцияның тездігін жатқызды, ал күрделі жағдайларға – эмоция, ерік, өзіндік пікірді, эстетикалық критерийлерді жатқызған. Альфред Бинэ тұлғаның күрделі жақтарының эксперимент арқылы шығаруға қиынға соғатынын түсінген, дегенмен ол зерттей отырып тұлғаның күрделі жақтарын шығаруға тырысты. Альфред Бинэнің ізденістері тест әдістеріне алып келді. Оның ойынша тест арқылы күрделі психикалық құбылыстарды анықтауға болады.
Тесттің бірінші варианты 1896 жылы жарық көрді. Бұл тесттер ес, қиял, елестету, зейін, қабылдау, бұлшық ет сезімталдығын, ерік, эстетика және этикалық сезімдерді анықтауға арналған. Дегенмен бұл тест эксперименталдық зерттеу арқылы тұлғаның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік бермеді. Бинэ тест әдісінен бас тартқан жоқ. Бұл әдіске кеш келе отырып, тәжірибелік мақсатта қолдана бастады. 1904 жылы ақыл – ой кемдікті классификацияларын анықтау мақсатында А.Бинэ және Т.Симонға француз басқармасынан тапсырма берілді. Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің идиотия, имбецил, дебил деп дәстүрлі бөлінуіне қосылды. Олардың ақыл – ойы кем балаларға беретін мінездемесі келесідей: Идиот деңгейіндегі балалар деп өз ойын жазбаша жеткізе алмайтын және жазылған сөзді оқи алмайтын балаларды жатқызады. Дебил деңгейіндегі балаларға жазбаша және ауызша тілде сөйлей алатын балалар жатады.
Осылайша Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің бір жақ белгісі яғни сөйлеу ерекшелігін ала отырып суреттейді. Бинэ және Симон талап етілетін білімді әртүрлі жасқа, сыныпқа негізделе отырып: оқу дағдысын меңгеру деңгейін келесідей көрсеткіштер бойынша мінезделетінін көрсеткен.
1) Буындап оқу (6-7 жастағы балалар деңгейінде)
2) Сөзді немесе сөз тобын тоқтап оқу (7-8 жастағы балалар деңгейінде)
3) Бір қалыпты оқу (8-9 жастағы балалар деңгейінде)
4) Бір қалыпты жылдамырақ оқу (9-10 жастағы балалар деңгейінде)
5) Анық оқу (10-11 жастағы балалар деңгейінде)
Бинэ және Симон бала жасын ескере отырып психологиялық эксперимент жүргізді.
7 жастағы балаларға арналған сұрақтар:
1. Сабаққа кешігіп бара жатқанда не істеу керек? (Асығу керек)
2. Поездан қалып қалсаң не істеу керек? (Келесі поездпен кету керек)
3. Жалқау және жұмыс істегісі келмегендермен не болады? ( Олар надан болып қалады.)
4. Егер сен жүргеннен шаршасаң, трамвайға ақшаң жоқ болса не істеу керек? (демалып содан кейін жүру керек)

11 жастағы балалар үшін сұрақтар.


1. Керекті іске көше берместен не істеу керек? (Тәжірибелі адамдардан көмек сұрау керек)
2. Неге ашумен жасалған тәртіпті қалыпты жағдайда жасалған тәртіпке қарағанда тез кешіреді?
(Бірінші әрекет санасыз, ал екіншісі санамен жасалған әрекет)
3. Біз танымайтын адам туралы ойымызды айтуды сұрағанда не істеу керек? (Түкте айтпау керек)
4. Неге адамның сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалайды? (Іспен алдауға болмайды, сөзбен алдауға болады)
Жауаптың сапалы анализіне қарай ақыл-ой кемдіктің деңгейін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет