Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі61,19 Kb.
#94597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-19501
1384244509344, 1384244509344, 1513651441
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

10. «Музыка» пәні бойынша 5 - сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.


11. «Айтыс және жыраулық өнер» – 9 сағат:
1) айтыс өнері, айтыс түрлері – қайым, түре және сүре;
2) қысқа қағыспа айтыс;
3) Құлыншақ пен Майлықожа;
4) ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең құрау;
5) жыраулардын хан-сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы;
6) Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі;
7) Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі;
8) Базар жырау мұрасы;
9) Ақтан жырау - он жаман.
12. «Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар» – 7 сағат:
1) көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз;
2) башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы;
3) аспанмен тілдескен музыка;
4) киелі аспап – қобыз;
5) монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы;
6) түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар.
13. «Әлем халықтарының музыкалық театры» – 10 сағат:
1) жапонның «Кабуки» театры;
2) қытай дәстүрлі музыкалық театры;
3) дәстүрлі Үнді театры;
4) биге тіл бітірген үнділер;
5) үндінің сұлу сазды рагасы;
6) корей халықтарының музыкалық театры;
7) маком – өмірден сыр шерткен музыка;
8) Вена классикалық симфониясы;
9) Италия классикалық музыкасы – опера өнері;
10) орыс классикалық музыкасы – балет өнері;
11) романтикалық музыка – Шопен, Лист.
14. «Дәстүр және жаңашылдық» – 8 сағат:
1) ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы;
2) «Қыз Жібек»: жыр-опера-кино;
3) «Жігер» – күй және симфония;
4) «Құдаша» – симфониялық күй;
5) «Сарыжайлау» – ән және күй;
6) ән мен күйге саз берген – Алатау;
7) «Туған жер».
15. Музыка тыңдау: музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде қарастырылады; қушылар қазақ халқының және алыс-жақын шет елдердегі – қырғыз, түркмен, якут, башқұрт, хакас, азербайжан, парсы, үнді, жапон, қытай, неміс, итальян, орыс, поляк, венгр халықтарының дәстүрлі классикалық және кәсіби музыкасымен танысады; білім алушылардың музыкалық талғамы дамып жетіліп, түрлі жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, ең негізгі және басты көркемдеуші құралдарын талдай алуына мүмкіндік туады; музыкалық туындыларды тыңдау арқылы көркемдік талғамы қалыптасып, әлемдік музыкалық мәдениеттің құндылықтарын саралай білуге ұмтылыс жасайды.
16. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: айтыс, қайым айтыс, «Майлықожа мен Құлыншақ ақынның айтысы»; Бұқар жырау «Биік тауға жарасар»; Ақтан жырау «Не жаман»; Базар жырау «Айдан ару нәрсе жоқ»; қырғыздың халық күйі «Қаразгөй» орын; Нұрақ Абдрахманұлы; Якут-Саха халық шығармасы «Ормандағы таң»; башқұрт халық күйі «Жау төбе»; хакастың «Алыпты нымах» жырынан үзінді; Ықылас «Айрауықтың ашы күйі»; қазақтың халық күйі «Нар идірген»; үнді рагасынан үзінді; азербайжан мугамынан үзінді; үндінің «Бхарат‑ натьям» биі; Вивальди А. Лютняға арналған концерт, Ре мажор; Паганини «Каприс»; жапонның «Кабуки» театры спектаклінен үзінді; Моцарт В. А. № 40 симфония, соль минор, экспозиция I бөлім; Бетховен Л. № 3 симфония, «Батырлық», экспозиция I бөлім; Чайковский П. «Аққу көлі» балетінен үзінді; Верди Дж. «Травиата»: Виолетта және Жермон ариясы; Шопен Ф. Полонез Ля мажор, мазурка; Лист Ф. № 2 Рапсодия.
17. Ән орындау барысында оқушылар хор мен ән айту дағдыларын жетілдіре түседі. Әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, дирижердің нұсқауымен әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айтуді меңгереді. Әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгере түседі.
18. Ұсынылған әндер: Ж.Дәулетов «Қазақ елі», Н.Тлендиев «Әжеме»,
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Б.Байқадамов «Туған жер», Ә.Еспаев «Ұстазым», Е.Хасанғалиев «Анаға сәлем», А.Қоразбаев «Үш қоңыр», Закиров Ф. «Чайхана», «Ялла» ансамблінің орындаунда; Закиров Ф., Березяков Е. «Шахризабз».
19. Музыкалық сауаттылық:

  1. дәстүрлі музыка жанрлары мен түрлері: айтыс, жыр, олонхо, карғыра, хоомей, сығыт, былина, рага, маком, раст, шур, чаргях, гагаку, бугаку;

  2. Батыс Еуропа музыкасының жанрлық ерекшеліктері: симфония - сонаталық allegro, опера –увертюра, ария, ариозо, каватина, дуэт, хор; балет – па-де-де, adagio, кордебалет; полонез, мазурка, рапсодия, каприс.

3) музыкалық аспаптар: қурай, шоор, түйдүк, зурна, екобуэ, нәй, ней, вина, ситар, сямисэн, моринхур, кеманча, ғиджак, гусли, чатхан, цинь, цитракото, тайко, дутар, комуз, саз, тар, тамбур, рубаб, лютня, гитара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет