Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет5/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары
fd5gd1s4f, fd5gd1s4f

  • 20 Билет 1. Қазақ халқының мəдениеті (музыкалық аспаптары) 2. Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызын анықтаңыз. 3. Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз жəне оның зардаптарын талдаңыз. Жауабы: 1.Қазақ халқының мəдениеті (муыкалық аспаптар). Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мəдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер əр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады. Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық жəне фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз жəне сыбызғы. Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны əр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тəрізді жəне қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі жəне садақ тəріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау əдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тəсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны əнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дəстүрлі күйлерімен қатар орыстың жəне Батыс Еуропаның классикалық жəне қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды. 2.Кіші жүз Қазақтарының Е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы Осы көп ұлтты көтеріліске қазақтардыңда қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден мал жайылымы жетіспеді.Патша қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі шебіне өтуіне,сондай-ақ оған жақын көшіп қонуға тыйым салынды.Оның үстіне Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойына өтуге тыйым салынды.1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың үлкен бір бөлігі өздерінің тарихи отанына,Жоңғарияның қаңырап бос қалған жеріне жетуге көш бетін түзеді.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары,патша үкіметінің айдап салуы мен Жоңғарияны көшіп бара жатқан қалмақтарды тас-талқан етіп қыруға белсене ат салысты.Қалмақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жайлаған жерледі иемденіп қалуға қазақтар толықтай құқығымыз бар деген талап қойды.Бірақ патша үкіметі бұған құлақ асқан жоқ. Екіншіден,қазақ халқы өздерінің жер аумағында əскери бекіністер салуға тіпті де келісе алмады.Өйткені бұл мал шаруашылығына елеулі түрде зиянын тигізді. Үшіншіден, патша үкіметі Орта жүз емін еркін малын жайып жүрген Жаңаесіл жерін 1752-1755 жылдары басып алды. Төртіншіден,патша үкіметі қазақ жеріне əскери іздестіру деген сылтаумен қазақ жеріне кіріп қазақтарды ашық түрде тонап кетті. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тəртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен жəне үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар жəне қазақтар да қатысты. Орта жүз, əсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мəселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уəде берген еді. A.Е.И. Пугачев18 ғасырдың 1-жартысында Ресей империясының Қазақстанда, əсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібір бекіністерін салу, көшіп-қонудың дəстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері əсер етті. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс əскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз əрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мəлімдеп, əрі Пугачевке қарсы əскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мəн бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уəде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор əкімш-нің мəлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет əскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 жылы қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей əкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды.Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына жəне Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жəрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сəуірде Сакмара ауданындағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, əскер əрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының əскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі əскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай əсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады. 3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз жəне оның зардаптарын талда

  • 21 Билет 1. Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі 2. Тəуелсіз Қазақстанның мəдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз. 3. 1950-1960 жж. Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалаларын карта бойынша көрсетіңіз жəне оның маңызын анықтаңыз. Жауабы: 1. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дəстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас əскер ұйымдастыруда əсіресе қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен жəне мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз жəне басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас - талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тəуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде əлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер əлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін əлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Əбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мəліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Əбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Əбілқайырдың қарсыластары Əбілмəмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ əскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері əсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Əбілқайыр мен Сəмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Əбілқайыр Кіші жүздің əскерін бастап Қазакстанның солтүстік- батысына қайтып оралса, Сəмеке Орта жүздің жасағын бөліп əкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің əскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Əйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті. 2.Тəуелсіз Қазақстанның мəдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Əлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл əлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік, мəдени- интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мəселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан жəне ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мəселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” жəне Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” жəне "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мəдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 əр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды. 3.1950-1960 жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет жəне оның маңызын анықта

  • 22 Билет 1. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жəнібек 2. Қазақстан Республикасы əлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметін талдаңыз. 3. «Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқастары болған өңірлерді карта бойынша көрсетіңіз жəне болған жылдарын анықтаңыз. Жауабы: 1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жəнібек М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сүйенсек, ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жəнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432–1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Əбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының бір бөлігінің Керей мен Жəнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады. Бұлтуралы тарих беттерінде былай делінген: Дешті-Қыпшақта шайбанид Əбілқайыр билікті қолына алғансоң, көшпелі халықтың Жəнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шумен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жəнібек хан мен Керей ханның маңына топтасады. Осы тұста Əбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты Моғолстанға қарсы əскери жорық тоқтатылды. Əбілқайырдың өлімінен кейін «Көшпенді өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей менЖəнібек қоластындағы тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс басталды. Əбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх- Хайдар қолбасшыларының бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх- Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. Осылайша, «Көшпенді өзбектер мемлекетіндегі» билік Əбілқайыр хан əулетінен Керей мен Жəнібектің қолына өтті. Олар тағыда отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі-де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға"Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақболып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады жəне бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күрес қазақтарды ңөзара бірігіп Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болды. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде Жəнібек пен Керей хандар 1465 жылы Шуөзенінің бойында Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының іргесін қалады деп көрсетеді. Жəнібек хан - Жəнібек Əбусағит (туға нжылы мен өлген жылы белгісіз)- Қазақ хандығымен қазақ хандары əулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Керей хан- Болатұлы Керей хан (?-1473ж.)- қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі. 2.Қазақстан Республикасы əлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметін талда Тəуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси жəне экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тəуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру жəне оны тиянақтау. «Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық жəне əскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты». Бүгінгі əлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық жəне саяси беделіне ауысты. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ жəне Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты- басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан əкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды. 90-жылдары əлемде бірқатар аса маңызды геосаяси жəне экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі. Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мəскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мəселе көтерді. 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пəкстан, Түркия, Əзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды. Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей əлеуметтік-экономикалық жəне əлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа жəне Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу əлдеқайда тиімді. Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды 3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет жəне жылдарын анықта

  • 23 Билет 1. Əмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары. 2. КСРО-ның ыдырауына əсер еткен негізгі себептерді атаңыз жəне Қазақстан Республикасының тəуелсіздік жариялауының тарихи маңызын анықтаңыз. 3. Тəуелсіз Қазақстан Республикасымен шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Əмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады. Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.птары 2.КСРОның ыдырауына əсер еткен негізгі себептерді анықта жəне ҚР тəуелсіздік жариялануының тарихи маңызын талда КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы əлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы ГЛОБУС + https://vk.com/official_globus əлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Əлем “социалистік” жəне “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бəсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мəселелердің бірі болып табылыды. Келешекте бұл мəселенің, тарихымыздың түйінді проблемаласы ретінде, арнайы да кешенді зерттелері күмəнсіз. Тəуелсіздігіміздің объективті алғышарттарының маңызды факторларының бірі ретінде, КСРО-ның күйреу себептерін талдауда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде алар орны ерекше. 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сəуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған Н. Назарбаевқа қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бақылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мəскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куəгері болуына тура келді. Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі: “Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, əрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға жəне салыстыруға, қортындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын”- деп жазды [114, 219 б.]. Бұл жерде ерекше көңіл аударатын нəрсе, ол Н. Назарбаевтың “өзінің жеке пікірін айтуға бару” себебі Одақты жаңарту арқылы сақтап қалу болғандығы. Оның өз кітабында: “Шындықтың бетіне қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды… Бізге керегі – қоғамдағы күштердің басын қосып, біріктіру, мұны құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бəрімізді біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман – саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығайуы сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады”- деп жазуы [114, 246-247 бб.], соның айқын дəлелі. 3.Тəуелсіз ҚР шектесетін емлекеттерді карта бойынша көрсет


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет