Нәзипа Құлжанова Орындаған: Бақытжан Еңлік Тексерген: Кенжан Айсұлу


Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (1887-1934),педагог-оқымысты, журналист, жазушы,аудармашы,қайраткер



бет2/4
Дата15.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#111959
1   2   3   4
Байланысты:
Нәзипа Құлжанова
№9 Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары, 8 «Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан «Түрік -melimde.com, СПИСОК ИННОВАЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ СБИ 2023, transfer-receipt-13 16156602971
Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (1887-1934),педагог-оқымысты, журналист, жазушы,аудармашы,қайраткер

ХХ ғасырдың басында өз халқын білімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, этнограф, журналист-публицист.



Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылы Торғай облысы,Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеңшары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ыбырай Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген.

1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903–1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен және осында жүріп Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген.

Училищеде қызмет етіп жүріп, семинария мұғалімі Құлжанов Нұрғалимен тұрмыс құрады. Екеуін үйлестірген жағдай олардың дүниетанымы мен өмірге деген көзқарас ортақтығы болды.1904 жылы бұлар

Семейге көшіп келеді.1905–1919 жылдары екеуі де Семей Мұғалімдер дайындайтын семинарияда мұғалімдік қызметте болған.

Нәзипаның өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов 1870 жылы Торғай облысының Жетіқара болысында туған, Орынбордағы оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан 1919 жылға дейін Семей қаласындағы Мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен. 1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапқан.Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар халықтың рухани дүниесіне өлшеусіз үлес қосқан адамдар. Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар, озық ойлы, биік мәдениетті жаңашыл жайсаң жандар еді. Олар қоғамдық саяси кітаптарды көп оқып, көркем әдебиет, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларынан рухани нәр алған білімді, білгір ұстаздар болды. Сондай-ақ, олар екі тілде (орыс-қазақ) бірдей таза сөйлейтін шешен кісілер еді. Сондықтан да бұлардың есімін «қос қарлығаш» деп халық үлкен құрметпен атайтын.

Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан Нәзипа 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне,  «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады.          

1914 жылы      26      қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ерлі-зайыпты Құлжановтар әдеби-музыкалық және этнографиялық кеш ұйымдастырып, онда Нәзипа баяндамасын орысша және қазақша екі тілде жасап, жиналғандарды таң қалдырған. Нәзипа Абайды қазаққа танытқан зиялылардың бірі болды.

Жазушы, драматург, Жүсіпбек Аймауытов «Айқап» журналына бұл туралы: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс» деп жоғары баға берген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет