Нормативтік сілтемелер



бет3/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем




КІРІСПЕ




Зерттеудің көкейкестілігі. Инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты-барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарның әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана-тіліне, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне ,жеке ерекшеліктеріне қарамай білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдай жасау және БҰҰ «Бала құқығы туралы » Конвенциясының негізінде балалардың тіршілік етуінің дамуы Ережесі,құқығын қорғау, қоғам өміріне балалардың араласу кепілі қарастырылған. Инклюзивті білім беру үрдісі ҚР « Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы, « Мүмкіндігі шектелген балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлем» туралы, «Арнаулы әлеуметтік қыщметтер туралы», сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімдері, ҚР БҒМ бұйрықтарында инклюзивті білім беруді жалпы білім ортасына ешбір дискриминациясыз «Баршаға бірдей» сапалы білім беру, медициналық -әлеуметік, психологиялық-педагогикалық түзету ортасымен қолдау, бейімдеу баланы емес, балалардывң сұраныстарымен жеке ерекшеліктерімен ортаның ,отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру маңызы туралы айтуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Қазақстан халқына міндеттер қойылды: өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту және алдыңғы қатарлы халықаралық білім беру жөніндегі жұмысты дамыту . Осы міндеттерді шешуде білім беру бағдарламалары, технологиялар психологиялық- педагогикалық жағдайлар, оның ішінде ерекше білім алуды қажет ететін жағдайларды қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес: білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;
4) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет.
ЮНЕСКО-ның Екінші халықаралық Конгресінде ХХІ ғасырда қоғам мен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайтындығы, бұл өзгерістер білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік білім беру саласына да ықпал ететіндігі атап көрсетілген [2].
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму саласындағы 17 жаһандық мақсатының бірі «инклюзивті және әділ сапалы біліммен қамтамасыз етудің және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін арттыру» болып отыр [6].
Білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың практикалық дағдыларды меңгеруіне өте тиімді [7]. Күні бүгінге дейін білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту, оларға кәсіби білім беру мәселесі отандық білім беру ұйымдарында ауқымды түрде талқылауды қажет ететін зерттеу пәні ретінде қарастырылмай келеді.
2020 жылғы мәліметтер бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын және инклюзивті оқытумен қамтылған денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі студенттер саны 1666 адамды құрады [8].
Демек, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында жоғары білім алуды, белгілі бір кәсіпті меңгеруді мақсат еткен азаматтар саны жылдан жылға артып отыр деген сөз.
Сонымен қатар отандық білім беру жүйесі де қоғамда орын алған әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани-мәдени жаңғыртуларға байланысты елеулі өзгерістерге ұшырауда. Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің жаңашыл бағыты мен сипаты педагогтардың сапасын көтеруді, инновациялық білім беруді дамытуды, оны ғылыми- зерттеу әрекетімен байланыстыруды және білім беру мақсаттарын жүзеге асыруда сапалы білім беруге дайын педагогтармен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазір жоғары оқу орындары үздіксіз кәсіби дамуға, өзін-өзі жетілдіруге бағдарланған құзыретті педагогтар даярлау үшін тиісті жағдайлар жасауда.
Соңғы жылдары педагогтардың кәсіби сапасын арттыру және кәсіби жетілдіру бағытында оң үдерістер орын алды. Өйткені қазіргі қоғамға теориялық және практикалық дайындығы бар, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгерген сапалы педагог қажет етілуде. Мыңдаған мамандықтардың ішінде педагог мамандығы - «адам-адам» ұйымдарында әрекет ететін мамандық екендігі белігілі. Сапалы педагог - еліміздің ертеңі, олай болса болашақ мамандарға білім беретін педагогтардың бейнесі аталған талаптарға сай болуы тиіс.
Зерттеудің теориялық негіздері келесі зерттеу жұмыстарына сүйенеді:
-педагогтарды даярлау мәселесін Л.М. Митина [9], В.А.Сластенин [10], В.Д. Шадриков [11], Е.Н. Шиянов [12] және т.б. зерделеді;
-инклюзивті білім беру мәселелерін С.П. Романов [13], С.А.Жолдасбекова [14], Ж.О. Нуржанбаева [15], К.Ж. Бузаубакова [16],
М.К. Асаналиев [17], А.Т. Туралбаева [18], А.А. Сманова [19], Н.Д.Тастанбекова [20] және т.б. қарастырды;
-инклюзивті оқытуды С.В. Алехина [25], М.М. Семаго [26], Н.Я.Семаго [27] және т.б., ал денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектелуі тұлғаларды инклюзивті оқыту мәселесін Н.Н. Малофеев [28], Н.Д. Шматко [29] қарастырды;
-кәсіптік оқыту педагогының кәсіби мәдениеті К.М. Беркимбаев
[30] еңбектерінде сараланды.
И.Н.Хафизуллина [31] өзінің диссертациялық зерттеуінде педагогтардың инклюзивті құзыреттілік мәселелерін, Ю.В.Шумиловская

  1. педагогты инклюзивті оқыту жағдайында тұлғалармен жұмыс жасауға даярлауды, Э.А. Гафари [33] мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын зерделесе, Ю.В. Мельник [34] шетелдер мен Ресейдегі инклюзивті оқытуға салыстырмалы талдау жасады, ал Н.А.Медова [35] муниципалдық білім беру жағдайында инклюзивті оқыту моделін ұсынды.

Отандық ғалымдар Р.А.Сулейменова [36], Ж.И. Намазбаева [37], З.А.Мовкебаева [38], А.Т. Искакова [39], А.А. Байтұрсынова [40] өз еңбектерінде инклюзивті білім берудің ізгіліктілік-философиялық сипатына, құқықтық-нормативтік негізіне тоқтала отырып, инклюзивті орта құру мәселелерін тереңінен қарастырды. И.Оралканова [41], А.К.Оралбекова [42], С.Д. Аубакирова [43], Б.М. Мажинов [44], Г.А. Испамбетова [45], Д.С.Хамитова [46] философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациялық зерттеу жұмыстарында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс жасайтын мамандарды дайындау, инклюзивті оқыту жағдайында педагогтард даярлау мәселелерін зерделенген.
Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша әдебиеттерге жасалған шолу мен талдау білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау мәселесі тіпті зерттелмегендігін көрсетті. Яғни білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістемелік жүйесі, ерекшеліктері, педагогикалық шарттары, формалары мен әдістері, инклюзивті оқытуды қашықтықтан ұйымдастыру - өзекті мәселе. Сондықтан білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.
Осылайша, инклюзивті оқытуды сәтті жүзеге асырудың маңызды шарты - педагогтардың кәсіби қызметін атқаруға және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға даяр болуы. Әрине педагогтың инклюзивті оқытуға даяр болуы оның педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімі мен құзыретінің деңгейін айқындайды.
Зерттеу жұмысы ғылымды дамытудың келесі басым бағыттарына және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес орындалды:
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының «Техникалық және кәсіптік білім» 3-бағытына және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» 4-бағытына;
- «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» ғылымды дамытудың басым бағытына;
- «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348 бұйрығына;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 26 маусымдағы
Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, педагог мамандарға деген сұраныс пен білім беру ұйымдарында денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту арасында келесі қарама-қайшылықтар анықталды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет