Нормативтік сілтемелер



бет5/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Зерттеудің міндеттері:
- білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді теориялық негіздерін анықтау;
- білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің педагогикалық шарттарын құрылымдық моделін әзірлеу;
- педагогтарды білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогикалық шарттарын айқындау;
- білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формаларын ұсыну және оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: педагогтарды инклюзивті білім беру ұйымдарында даярлаудың тәжірибелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану негізінде педагогтардың инклюзивті оқыту бойынша білім, іскерлік және дағдыларын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті, ұтқыр, жоғары білікті педагог даярлауға септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық негіздері ретінде зерттеудің теориялық ұстанымдары, зерттеу тақырыбына сай ұғымдардың мәнін ашатын философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік тұжырымдар, қағидалар, білім беру үдерістері мен жүйелерді құру теориясы туралы ережелер, білім беруді ізгілендіру, дуальды білім беру мен инклюзивті оқыту идеясы, ұстанымдары, педагогтарды даярлау тұжырымдамасы, білім саласындағы мемлекеттік құжаттар, инклюзивті оқытуға ықпал ететін психологиялық- педагогикалық философиялық тұғырлар, ресми құжаттар негіз болып табылады.
Зерттеу көздері: білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау мәселесі қарастырылған философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми зерттеулер; Қазақстан Республикасының заңнамалары мен қаулылары, нормативтік құжаттар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік бағдарламалары, тұжырымдары, білім беру саласындағы ресми құжаттары, жалпыға міндетті білім беру стандарттары; отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу тақырыбы бағытындағы ғылыми еңбектері; ғылыми-әдістемелік басылымдар; докторанттың ғылыми- ізденушілік және практикалық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: жалпы теориялық-зерттеу әдістері зерттеу мәселесіне қатысты философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; ҚР білім беру саясатының нормативті-құқықтық құжаттарымен, білім алушылар тұлғасын дамыту тұжырымдамаларымен танысу; озық тәжірибелерді талдау; оқу технологияларын жобалау, іс-әрекет нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау; сауалнама, тестілеу жүргізу, диагностикалық, педагогикалық, түзетушілік әдістемелер, статистикалық өңдеу әдістері мен тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет