Нормативтік сілтемелер


Зерттеудің негізгі кезеңдері



бет6/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Зерттеу базасы:

Зерттеудің негізгі кезеңдері:


Бірінші кезеңде (2017-2018 жж.) зерттеу мақсатына сәйкес материалдар, ресми құжаттар деректері жинақталып, талдау жасалды, ғылыми аппарат негізделді; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың озық тәжірибелері жинақталды; зерттеу мәселесінің теориялық және теориялық негіздері, мәселенің ғылымда зерттелу жайы айқындалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың негізгі ұғымдары мен олардың мәні айқындалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың мәні мен мазмұны зерделеніп, тәжірибелік эксперимент жұмыстарының бағдарламасы жасалып, анықтау эксперименті жүргізілді.
Екінші кезеңде (2018-2019 жж.) педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлаудың құрылымдық моделі жасалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды жүзеге асырудың әдістемесі жасалды; білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешен жасалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтардың даярлығын қалыптастыру бойынша эксперимент жүзеге асырылды, аралық кесінділер алынды.
Үшінші кезеңде (2019-2022 жж.) білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделін апробациядан өткізу және тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерістен өткізілді; эксперимент жұмысы кезеңінде алынған аралық, қорытынды нәтижелерге салыстырмалы талдау жасалды және статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:


  • білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері айқындалды;

  • білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педаготарды даярлаудың құрылымдық моделі жасалды;

  • педагогтарды білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды;

  • білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формалары және оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет