Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Олардың айтқандары көңіліңе



Pdf көрінісі
бет19/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
Олардың айтқандары көңіліңе 
келетінін жақсы білеміз. Негізінде, сені өтірікші санамайды, бірақ біле 
тұра Аллаһтың аят- тарына қарсы шығады
» («Әнғам», 33-аят.) деген.
17. Қас дұшпандары иман келтірген бе? 
Білім – барлық нәрсенің негізі. Сену үшін де білу керек. Аллаһ өзінің 
дінін түсіндіру үшін елшілер жіберді, Құран кітапты түсірді, сондықтан біз 
білмеген нәрсемізді тани да алмаймыз, түсіне де алмаймыз. Олай болса, 
Пайғамбарымызды тереңінен тану үшін алдымен ол туралы мәліметті толық 
білуіміз керек. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қашан туылып, қашан қайтыс 
болғандығын, балалық шағы мен соғыстарын, әйелдері мен балаларын білу, 
оны шынайы түрде тану үшін жеткіліксіз, өйткені бұл мәліметтерді оның 
достары білгені секілді оның қас дұшпаны болған Әбу Жәһил мен Әбу Ләһәб 
секілділер де білетін. Ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) бір Аллаһтың елшісі 
ретінде, ақырғы пайғамбар ретінде тани алмағандықтан оған қарсы шықты. 
Егер оны білуге, тануға тырысқанда, ниеті дұрыс болғанда, міндетті түрде 
мойындайтын еді. Суһайл ибн Амр мұсылмандардың қас дұшпаны, әрі 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) мойындамайтын Мекке мүшріктерінің бірі 
болатын. Һудайбия келісімі кезінде Меккеліктер Пайғамбарымызбен 
келісімге Суһайлды жіберді. Келісім барысында Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
хатшылық етіп отырған Алиге (р.а.) «Бисмилләһир- рахманир-рахим», – деп 
жаздырды. Сонда Суһайл: «Жо- жоқ, біз бұған келіспейміз, «бисмилләһир-
рахманир- рахим»-ді біз білмейміз. «Бисмикә Аллаһуммә» (Аллаһтың 
атымен) деп жазылсын», – деп қарсы шықты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл ұсынысты қабыл алып, солай жазғызды. 
Сосын Хазірет Алиге:


«Бұл Аллаһтың елшісі Мұхаммедтен...» – дегенде Суһайл тағы да 
наразылық білдіріп:
«Біз сенің пайғамбар екендігіңе сенсек, Меккеге кіруіңе тыйым 
салмаған болар едік, сондықтан «Аллаһтың елшісі» деп жазуға қарсымын», – 
деді. Бұған да келіскен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Али! «Аллаһтың елшісі» 
дегенді өшір, Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед деп жаз», – деді. Хазірет Али: 
«Уаллаһи, мен «Аллаһтың елшісі» сипатын ешқашан өз қолыммен өшіре 
алмаймын», – деп жауап берді. Мұсылмандар да оны қоштап:
«Біз «Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» деп жаздырамыз. Дінімізді 
менсінбеушілік қой бұл, бұғып қала алмаспыз», – деп дабырласып кетті. 
Расулаллаһ оларға «үндемеңдер» деп мүбәрак қолымен ишара берді де:
«Қане, қай жерде Расулаллаһ жазуы?» – деп сұрады. Қағазға төнген 
күйі өз қолымен оны өшіріп, орнына «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед», – деп 
жаздырды.
Міне, 
мұсылмандарды 
қас 
жауындай 
көрген 
Суһайл 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігін мойындағысы 
келмейтін, оны танымайтын болғандықтан дінімізге, Пайғамбарымызға 
шамасы жеткенше қарсы шықты. Суһайл істеген ісіне мақтанып, 
тәкаппарланып Меккеге оралды. Арада үш жыл өтер-өтпес Мекке азат етілді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) соңғы қажылығын жасау үшін Меккеде еді. Ихрам- нан 
шығу үшін шаш алдырып жатқан болатын. Сол сәтте Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
жанына біреу жасырынып келіп, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) түскен мүбәрак 
шаштары мен сақалын жинап, бір шетке шығып, алған сақал мен шаштарын 
жүзіне басып жылап отыра кетті. Әнас ибн Мәлик: «Бұл кісінің кім екендігін 
білгім келіп, сұрастырдым. Соңында оның Худайбияда Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) дұшпандай қарсы сөйлеген Суһайл ибн Амр екендігін білдім. Кеше 
ғана Аллаһ елшісіне қарсы шығып, соғысуға әрекет жасап жүрген Суһайл, 
енді, міне, оның шашын құрметтеп жылап отырғанын көріп қайран қалдым», 
– дейді. Арада көп уақыт өтпей-ақ Аллаһ елшісін (с.а.с.) таныды, таңданды, 
мұсылман болды.
Сайд ибн Муслим былай дейді: «Мекке азат 
етілгенде 
құрайыштықтардың ішіндегі Исламды қабылдаған және ең кеш мұсылман 
болғанына қарамастан, ең алғашқылардан намазымен, оразасымен, берген 
садақасымен, ақиретке дайындығымен озған Суһайл ибн Амрдай ешкім 
болған емес. Ол Құран оқығанда мағынасының тереңіне бойлап жылап 
оқитын», – деп таңданады.
Аллаһ елшісі қайтыс болғаннан кейін де ол Ислам жолында барын 
салып, дінді таратуға кірісті. Бір сөзінде: « 
Ей, құрайыш халқы, ең соңғы 
болып Ислам дінін қабылдап, ең алғашқы Ислам дінінен шыққандардан 
болмаңдар. Аллаһтың атымен ант етейін, бұл дін Ай мен Күн шығып, 
батқан барлық жерге жетеді
», – деген болатын. Ол өзінің туған елін қатты 
жақсы көретін. Мұсылмандармен бірге Сирияны азат еткеннен кейін сол 
жерде, өз отанынан жырақ қалуды ұйғарды. Мұның себебін былай 
түсіндіреді: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: « 
Қандай да бір 
мұсылманның Аллаһ жолында бір сағат тұруы, өмір бойы амал етуінен 


қайырлы
». Мен ақырғы сәтіме дейін Аллаһ разылығы үшін шекараларда 
тұрамын, Меккеге қайтпаймын». Осылайша қалған өмірін дін жолына 
арнады, еліне оралмады. Суһайл білу жолында жүріп Пайғамбарымызды 
(с.а.с.) таныды, оның әрбір сөзіне амал етуді өзіне міндет санады, өзіне үлгі 
тұтты. Танымай дұшпан болып жүріп, танығаннан кейін ең сүйікті адамына 
айналды.
Осы Суһайл секілді Халид ибн Уәлид, Омар ибн Хаттаб, Әбу Суфиян, 
Амр ибн Ас секілді талайлары алғашқыда Пайғамбарымызға қарсы шығып, 
тіпті өлтірмекші де болған. Алайда жаманнан жақсыны шығаратын Аллаһ 
тағала барлығын мұсылман қылды, тіпті кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай 
мұсылмандардың алдыңғы қатарынан етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет