Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет7/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   292
Т Ө Р Т І Н Ш І Б Ө Л І М


Ізгілік дәрежелері мен ондағы табиғаттың алатын орны

Демек, ең күші аса кемелді ізгілікті зерттеу керек. Ол қандай ізгілік? Бұл барлық ізгіліктердің жиынтығы ма, әлде бір ғана ізгілік пе немесе барлық ізгіліктің күшін бойына дарытқан бірнеше ізгілік пе? Соны зерттеу керек, сонда ең күші астам ізгілік болу үшін қандай ізгіліктің күші барлық ізгіліктердің күші мен тең болуға тиіс екендігі анықталады. Мұның өзі сондай ізгілік, егер адам оның барлық әрекетін толық іске асырғысы келсе, онда ол мұны барлық басқа ізгіліктердің әрекетін пайдаланған күнде ғана істей алған болар еді. Ал, егер ол өзінде бар ізгіліктің барлық әрекетін іске асырғысы келгенімен, мұның бойында басқа ізгіліктер болмай шықса, онда ол өз бойындағы жеке ізгіліктерді пайдаланады. Бралық басқа халықтарда немесе қалаларда, бір халықта, қаланың аудандарында немесе әрбір ауданның атыраптарында болатын ізгіліктердің әрекеті нақ этикалық ізгілікте пайдаланылады.


Бұл ізгілік жетекші ізгілік ретінде өзінен бұрын жетекшілік етіп өзіне ұқсаған ізгілікті жоққа шығарады. Кейін осы сияқты [этикалық] ізгіліктер келеді, бұлардың күші қала [тіршілігінің] әрбір саласындағы осындай күш сияқты. Мысалы, әскер басын алайық.Ол кісіде жауынгерлерге ортақ ең пайдалы да әдемі нәрсені зерттеуге жұмсалатын ойлау қабілетімен қатар этикалық ізгілікте болуға тиіс, ал егер ол мұның әрекетін аяғына дейін аяқтағысы келсе, онда ол айтулы жауынгерлерге тән ізгіліктерді пайдаланады. Мысалы, оның батырлығы жеке-дара батыл қимылдар кезінде жауынгерлер көрсеткен батырлыққа сай болуға тиіс. Дәл сол сияқты [егер] қаланың қамы үшін қаражат іздеуші адамдардың ойшылдық ізгілігі арқылы қаражат іздеп табу мақсатындағы ең пайдалы әрі ең әдемі нәрсе анықталатын болса, онда қаражат іздеуші алуан түрлі адамдарға тән жеке-дара ізгіліктердің бәрін пайдалануға тиіс. Өнер біткеннің жағдайы да дәл осындай болуға тиіс.
Жетекшілік жағынан бір де бір басқа өнерді алдына салмайтын жетекші өнер деп әрекетін барлық өнердің әрекеттерін пайдалану арқылы аяқтай алатын өнерді айтады. Бұл өз мақсатына толық жету үшін барлық басқа өнер атаулына керек ететін өнер. Мұндай өнер жетекші және күші жағынан ең мықты өнер, ал этикалық ізгілік күші жағынан ең мықты этикалық ізгілік болып табылады.
Бұл өнерден кейін басқа өнерлер келеді. Өнер дәлі сол текті өнерлердің әрекетін пайдалана отырып, өзінің мақсатына толық жеткен күнде ғана өз тегіндегі ең кемелді және күші жағынан ең мықты өнер болып шығады. Мысалы, ең басты жеке-дара өнерлердің ішінде әскер бастығының өнері нақ осындай өнер болып табылады, ал мұның өзі жеке-дара өнерлердің әрекетін пайдаланған күнде ғана мақсатына жетеді, дәл сол сияқты, қалада ақша мәселелерімен айналысатын өнер қаражат іздеп табуда жеке-дара өнерлерді пайдаланған күнде ғана өз мақсатына жетеді. Қала [тіршілігінің] әрбір басқа ірі саласы жөнінде де дәл осыны айтуға болады.
Тағы бір айқын жағдай, ең пайдалы да әдемі нәрсе біткеннің бәрі не барша жұрт қабылдаған [мағынада], не қайсы бір халық, не шын өмірде әдемі; сол сияқты ізгі мақсаттар не барша жұрт қабылдаған [мағынада], не қайсы бір халықта, не шын өмірде ізгі де игілікті мақсаттар болып табылады. Қайсыбір халық өкілдерінің бойындағы ең әдемі, қасиетті, этикалық ізгіліктерді сол халықтың ізгіліктеріне тән адам ғана анықтай алады. Барлық басқа нәрсенің жағдайыда осындай.
Ең күшті ізгіліктер мен әлсіздеу жеке-дара [ізгіліктер] жөнінде де осыны айтуға болады. Ең күшті ойшылдық ізгілікпен ең күшті этикалық ізгілік бір бірінен айырғысыз. Әлбетте, ең басты ойшылдық ізгілік тек теорялық ізгіліктің соңынан жүрмек, өйткені мұның өзі осы теоиялық ізгілік белгілеп беретін ақыл-оймен пайымдалатын мәндердің акциденцияларын ғана ажырата алады. Бұл акциденциялар оған ілеспейді. Кімде кімнің бойына ойшылдық ізгілік дарыған болса ол ақыл-ойы пайымдалатын мәндердің өзгеріп отыратын акциденциялары мен күйін анықтайды, өйткені бұларды танып білу дегеніміз өзіңді өзің түсініп, білу деген сөз, Сондықтан, егер ойшылдық ізгілікті теориялық ізгіліктен бөліп алуға болады деп жоритын болсақ, ол анықтайтын нәрсесін анықтай алмайды. Теориялық ізгілік, басты ойшылдық ізгілік, басты этикалық ізгілік және басты өнер бір бірінен аыйрғысыз. Әйтпесе бұлардың шырқы бұзылар еді де, кемелді болмас еді және жетекшілік мақсатын [көздей] алмас еді. Бірақ, теориялық ізгілік этикалық ізгіліктерді ойшылдық ізгілік арқылы ақыл-оймен пайымдалатын мәнерге айналдырғаннан кейін ғана олар өмір сүруші нәрселер болмақ, (67-бет) ал ойшылдық ізгілік бұларда ажыратып, акциденцияларын анықтайды, өйткені бұлар жайындағы ұғымдар осы акциденциялардың сонымен ұштасуынан келіп шыққан, демек, ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктерден бұрын келіп отырады. Мұның өзі олардан бұрын келтіндіктен ойшылдық ізгіліктің иесі осы арқылы этикалық ізгіліктерді анықтайды, ал егер ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктен оқшау болса, мұның өзі этикалық ізгіліктерден бөлек өмір сүре алады, бұл ретте ол игілік ретіндегі ізгіліктерді анықтай алады, [солай бола тұрса да] ол бірде-бір этикалық ізгілікте игілікті болмақшы емес. Ал егер ол игілікті болмайтын болса, онда ол нақ өзі үшін немесе басқа бір нәрсе үшін нағыз игілік болатын игілікті қалайша тілей алады? Ал егер ол [осындай] игілікті болмаса, онда мұны өзінің мақсатына айналдырмайынша оны қалай анықтай алмақ? Демек, егер ойшылдық ізгілік этикалық ізгіліктен оқшау болса онда бұл арқылы этикалық ізгілікті анықтауға болмайды, ал егер этикалық ізгілік ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген болса, онда ойшылдық ізгілік қалайша анықтап, өзімен қалай ұштастыра алады? Егер [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлінбеген болса, оны ойшылдық ізгіліктің анықтауы қажет. Егер ол мұны анықтамаса, онда [этикалық ізгілік] ойшылдық ізгіліктен бөлек кетеді. Сондықтан да ол не игілікті болады, не ойшылдық ізгіліктің анықтайтынынан өзгеше басқа бір ізгілік ойшылдық ізгілікпен біріккен болып шығады. Егер де осы этикалық ізгілік ерікке негізделген болса, онда мұны нақ ойшылдық ізгілік анықтайды. Сонда тағыда бірінші күдік туады. Демек, нақ ойшылдық ізгілік оны [этикалық ізгілікті] қажетті түрде, игілікті ізгілікпен ізгі мақсаттың иесін ынтызар ететін ізгілік ретінде анықтайды. Бұл ізгілік жаратылыс негізінде өмір сүріп отырған ойшылдық ізгілікпен біріккен және ерікке негізделген этикалық ізгіліктер арқылы анықталатын табиғи ізгілік болмақ.
Ерікке негізделген ізгілік адамдық ізгілік болмақ, адам ерікке негізделген басқа заттарды алардағы жолмен осыған жеткенде адамзатқа тән ойшылдық ізгілікке ие болады. Бірақ осы табиғи ізгіліктің қандай екенін қарастырып өткен жөн: мұның өзі ерікке негізделген ізгілікпен бірдей ме, жоқ па; мұның өзі санасыз жануарлардан аңғарылатын қасиеттер сияқты, мысалы арыстанның батырлығы, түлкінің айлакерлігі, қасқырдың ептілігі, сауысқанның ұрлықшылығы және сол сияқтылар. Әрбір адамның бойына жаратылысынан сондай рухани күш-жігер бітуі мүмкін. Ал мұның өзі белгілі бір ізгілікпен немесе белгілі бір қасиетпен байланысты іс-әрекет жасауға келгенде оп-оңай қоза кетеді де, бұған қарама-қарсы әрекетке келгенде тартылып қалады. Адам ең алдымен оңай істелетін нәрсеге бейім тұрады, әйтеуір мұнда оған еш нәрсе бөгет жасамаса болғаны. Егер адам, мысалы қауып төнгенде одан жасқанбай батылдық көрсетуге жаратылысынан бейім болса ол бірнеше рет осылай істесе болғаны, оның бұл қасиеті ерікке негізделген қасиетке айналады, ал оның осыған ұқсас алғашқы қасиеті табиғи қасиет болатын.
Егер жеке-дара ойшылдық ізгіліктермен ұштасып отыратын жеке-дара этикалық ізгіліктердің жайы осындай болса, онда үлкен ойшылдық ізгіліктермен ұштасып отыратын ортақ этикалық ізгіліктердің жайы да дәл осындай болуға тиіс. Сондықтан тек кейбір адамдарға ғана үлкен ізгілікке қатысы бар және үлкен табиғи ойшылдық қабілетпен байланысты ізгілікке жаратылысынан бейім келеді. Барлық басқа жағыдайлар жөнінде де осыны айтуға болады. Осының нәтижесінде кез келген адамның өнері, этикалық және ойшылдық ізгіліктері күшті бола бермейді.
Демек, әкім тек еркі бойынша ғана емес, жаратылысы бойынша да әкім болмақ, дәл сол сияқты қызметкерлер де ең алдымен жаратылысы бойынша кейін барып еркі бойынша да қызметкер болулары керек. Сөйтіп олардың жаратылысынан берілген нәрсесі кемелдене береді. Егер осылай болса, онда теориялық ізгілік, үлкен ойшылдық ізгілік, үлкен этикалық ізгілік және білімге негізделген үлкен өнер жаратылысына бейім тұратын адамдар ғана болмақ. [Бұл адамдардың] бойына аса күшті абзал табиғи қасиеттер дарыған. Егер мұның [бәрі] бір адамның бойынан табылатын болса, онда жеке-дара [ізгіліктердің] халықтар мен қалаларда пайда болуын көздеу, онан соң осы жеке-дара [ізгіліктерді] бойға дарыту әдісін білу керек болады. Осындай үлкен қабілет бойына дарыған адамдар осы жеке-дара [ізгіліктердің] халықтар мен қалаларға дарытуға да қабілетті болуға тиіс. Бұл [ізгіліктерге] екі түрлі бастапқы жолмен ие болады: үйрету және тәрбиелеу.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   292




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет