Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет8/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   292
Б Е С І Н Ш І Б Ө Л І М


Тәлім және тәрбие

Тәлім дегеніміз – халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктермен өнерлерді дарыту деген сөз.


Тәлім тек сөзбен іске асырылады, ал тәрбиелеу кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер [адамдардың] жан дүниесін баурап алатындай және [адамдарды] осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді. Ал бірдеңе жасау тілегі кейде сөз арқылы, кейде іс-әрекет арқылы қоздырылады.
Теориялық білімді не имамдар мен әкімдер, не теориялық білім меңгеруге қабілетті адамдар [үйрене алады]. Осы екі топ, жоғарыда айтылғандай, көптеген әдіспен тәлім алады. Алғашында олар теориялық білімдердің әрбір тегіндегі бастапқы алғы шарттар мен алғашқы білімдер туралы, онан соң алғы шарттардың түрлері мен тәртібі жайында мағлұмат алады, бұл ретте жоғарыда айтқанымыздай осы нәрселер жөнінде білім алып тәрбиелеп шыққаннан кейін адамзат жаратылысына тән табиғи дәрежесіне сәйкес жас өспірімдердің жан дүниесін дағдыландыру керек. Олар барлық теориялық білімде логикалық әдістерді қолдануға дағдыланады, олар тәрбиенің басқа да қырларымен қатар Платон баяндаған тәртіп бойынша жастайынан оқып-үйрене бастайды, сөйтіп, ең биік мақсатқа жетуді көздейді, бұдан кейін әкім болуға жаралғандары жеке-дара басқару басқыштары мен билік дәрежесіне жеткенші бірте-бірте көтеріле береді. Олардың оқып-үйрену әдісі міне осындай. Олар - өздерінің теориялық танымдарында жалпы жұрт костаған пікірімен шектеліп қала алмайтын таңдаулы жандар.
Теориялық нәрселерді [қалын] жұртшылыққа иландыру әдістерімен үйреткен жөн, ал теориялық [білімдердің] иландыру көпшілігі қиялдау арқылы көңілге тоқылады. Бұлар адам өте көп нәрсені ақылмен пайымдаған кезде ғана ұғына алатын білімдер; ең түпкі бастамалар, тәнсіз бастамалар. Қалың жұртшылық бұларды бейнелі формада меңгеруі тиіс, ал бұларды [қалын жұртшылық] өкілдерінің зердесіне иландыру әдісі арқылы ұялатқан жөн. Белгілі бір халыққа бұдан не түсетінін, барлық халықтарға және әрбір қаланың барлық тұрғындарына не нәрсенің ортақ бола алатынын, ал кейбір қалаларға немесе халықтарға және қала тұрғындарының кейбір топтарына не тиетінін [таңдаулылар] ажытата біледі. [Адамдарға] теориялық ізгіліктерді дарытқан күнде мұның бәрін ойшылдық қабілет арқылы айқын ажыратуға болады.
Практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлерді алатын болсақ бұлар [адамдардың] өздеріне тән әрекет жасау дағдысы арқылы [ұғынылады]. Бұған екі түрлі әдіспен жетеді: бірінші, иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөз және басқа нақыл сөздер әдісі арқылы жетеді; бұл әрекеттермен қасиеттердің көңілге толық ұялайтыны соншалық, [адамдарды] осы қасиеттерге байланысты әрекеттерді өз еркімен жасауға жігерлендіреді, ал бұлардың [көңілге ұялауы] шешендік өнерін пайдалану қабілеті мен дағдысына байланысты; екінші, өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге [құлақ аспайтын] бүлікшіл, көнімсіз қала тұрғындары мен халықтарға қолданылатын күштеу әдісі арқылы жетеді; сонымен [бұл әдіс] өздері үйрене бастаған теориялық білімдерді ұғынуға қарсылық білдіруші адамдарға да қолданылады.
Демек, өмірді басқару өнерінің ізгілігі, яғни ізгіліктерге ие болып отырған адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекетті қолдану өнері және жеке-дара өнерлермен айналысушы адамдардың өнері бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да өнерлі адамдарды пайданалатын адамдардың да болуы қажетті шарт.
[Осындай адамдардың] екі тобы бар: бір тобы тәрбиеге өз еркімен көнетін адамдарды тәрбиелейді, ал екінші тобы күштеп тәрбиелеуге келетіндерді тәрбиелейді. Мұның өзі семья басшыларының, балалар мен жас өспірімдер ұстаздарының арасында болып отыратын жағдай тәрізді.
Семья мүшелерінің тәрбиешісі болған семья басшысының оқытушысы, балалар мен жас өрендер ұстазының оларға оқытушысы болатыны сияқты, әкім де халықтардың тәрбиешісі мен оқытушысы. Міне, осылардың әрқайсысы біреулерді қайырымдылығы мен иландырғыштығы арқылы, екінші біреулерді күштеу арқылы тәрбиелейтін болса, әкім де [осылай етеді]. Күштеу арқылы тәрбиелеу тәлім-тәрбие алушы адамдар болмысының мәніне байланысты, бұлар өзінің аумағы мен күшіне қарай дараланып отырады. Халықтар мен қалалардың ұстаздары және тәрбиешілері ретіндегі әкімдердің тәрбие күші балалар мен жас өспірімдерді семья мүшелерінің тәрбиелеу күшінен ана құрлым асып түседі, дәл сол сияқты халықтарға тәлім-тәрбие беру ісінде де жас өспірімдер мен семья мүшелерін тәрбиелеуден күштірек болады.
Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте-мөте көп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал мұның мәнісі, басқасын былай қойғанда адамның өмірдегі арманы болып табылатын бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс-әрекет жасау, бағынбаған халықтар мен қалаларды жеңіп алу үшін әскерді шебер басқарып, қару-жарақ пен жауынгерлерді пайдалана білу деген сөз.
Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады. Бұдан [жалпы] адамға тиетін үлес ең жоғары бақыт деп аталады. Адамзат қоғамында ие болып отырған дәрежесіне сәйкес қайсыбір адамға тиетін үлес осы текке лайықты ең жоғары мақсат болады.
Осы мақсат үшін өмір суруші индивид - әділетті индивид, ал осы мақсатты көздейтін жеке-дара өнер – жеке-дара әділетті және ізгі өнер. Халықтар мен қалаларды ерікті түрде оқытып, үйрету үшін пайдаланатын [адамдар] – бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнері [дарыған] адамдар. Әлбетте, әкімнің ақыл-ойымен пайымдалатын теориялық білімдер жөнінен дағдысы болуы қажет. Бұларды анық дәлелдемелер арқылы меңгеруге болады. Бұлардың әрқайсысынан ол болуы мүмкін иландыру әдістерін іздейді және олардың әрқайсысында қандай иландыру әдістерінің [қолайлы екенін] зерттейді. Ол мұны әрбір қағида жөнінде иландыра білетіндігі арқылы істей алады, бұл ретте ол нақ осы қағидаларға жүгінбей-ақ, бұлардың [аллегориялық] бейнелерін алады. Бұл бейнелер барлықтарға ортақ теориялық қағидаларды адамның зердесінде ұялатуға тиіс. Иландыру арқылы осы бейнелердің сипаттамасын табу керек, оның бер жағында мұның бәрін барлық халықтар мен қалаларға ортақ иландыру әдісі арқылы оны олардың барлығына ортақ бейне ету керек. Бұдан соң ол жеке-дара практикалық ізгіліктер мен өнерлерге байланысты әрекеттерді, жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша, топ-топқа бөлуге және бұлар жөнінде жұртты осы әрекеттерге талпындыратын белгілі иландыру әдістерін қолдануға тиіс. Бұл ретте нақты мәселеге орайлас нықыл сөздер де, сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер де пайдаланылады, бұлар қала тұрғындарының жан-жүйесін баурап, бағындырып алады, жөнге салып, жуасытады, ал бұларға қарама-қарсы реттерде сезімге әсер ететін этикалық нақыл сөздер пайдаланылады, бұлар қала тұрғындарының жан-жүйесін нығайтып, күшейтеді, қатайтып, қайраттандырады. Өзі сияқты және өзіне қарама-қарсы әкім жөнінде де, өзі пайдаланатын адамдары мен көмекшілері жөнінде де, қайырымды адамдар мен оларға қарама-қарсы адамдар жөнінде де ол осы нақыл сөздерді пайдаланады. Керек жерінде ол адамның жан-жүйесін баурап алып, бағындыратын нақыл сөздерді пайдаланады, ал бұған қарама-қарсы жағдайда адамның жан дүниесін нығайтып, қатайтып, қайраттандыратын нақыл сөздерді пайдаланады, өзінің көзқарастары мен іс-әрекетіне қарсы адамдармен иландыру арқылы күресуге көмектесетін нақыл [сөздерді пайдаланады], сонымен қатар әлгілердің қөзқарастары мен әрекеттерін масқаралайтын, сұмпайылығы мен бейбастығын әшкерелейтін нақыл сөздерді пайдаланады. Бұл жағдайда ол екі түрлі нақыл сөзді қолданады: 1) белгілі бір күндерде, белгілі бір мезгілдерде, оқта–текте есте сақтамай-ақ және қағаз бетіне түсірмей-ақ қолдануға болатын сөздер.
2) Есте сақтап қағаз бетіне түсіруне болатын түрі. Бұл ретте әрбір жазбасында ол жұртқа ұсынып отырған қөзқарастар мен іс-әрекетін, осы ұсынған ұрандарын жұрттын зердесінде өшпестей етіп сақтап, көңіліне ұялату үшін пайдаланатын нақыл сөздерді және қарама-қарсы көзкарастар мен әрекеттерді жақтаушы адамдарға қарсы қолданатын нақыл сөздерін көрсетеді.
Жұртты тәрбиелеу үшін қолданылатын білімдер үш сатылы болады. Әрбір білімді сақтауға жаралған кісілер болады. Олар сақталатын осы тектес білімнің көмескі жерін анықтауға, оны жақтауға және оған қайшы келетін немесе қарсы болатын нәрсені теріске шығаруға қабілетті болады; осының бәрін үйретуге [қабілетті] олар бірінші басшының халықтар мен қалалар жөнінде көздейтін мақсатының жүзеге асырылуына жәрдем береді.
Онан соң [әкім] халықтардың түрлерін қарастырады, халық [біткенді санап шығып], әрқайсысының жалпы жаратылысынан тән адамның қасиеттері мен әрекеттерін атап көрсетеді. Бұдан кейін халықтардың бәрін немесе көпшілігін қарастыруға көшіп, барлық халықтарға ортақ қасиеттерді, атап айтқанда: олардың өздеріне тән адамдық жаратылысын, содан кейін әрбір топтың, әрбір халықтың өзгешелігі қандай екенін анықтайды. Оның қолында әрбір халыққа қандай әрекеттер мен қасиеттер тән екені жөнінде, мұны бақытқа жету үшін қалай жұмсау керектігі жөнінде, шамамен алғанда олардың санының қанша екенін, теориялық және практикалық ізгіліктерді [дамыту үшін] иландырудың қандай түрлері қажет екені жөнінде мағлұмат алады да, алдын ала топ - топқа бөлгеннен кейін қай халыққа ненің лайықты екенін анықтайды. Қайсыбір топ теориялық білімдерді игере ала ма, жоқ па?, жұрттың ойындағыдай меңгеретіні кең тараған білім бе, әлде қиялдағы [білім бе], - міне осыларды қарастырады. Егер олар бәрін меңгеретін болса, төрт [түрлі] білім алады : біріншісі – теориялық ізгілік, осының арқасындағы өмірдегі заттар анық дәлелдемелер арқылы ақылмен пайымдалады; бұдан кейінгісі – иландыру арқылы қол жететін нәрсенің мәнін ақылмен пайымдау; онан соң – осы ақылмен пайымдалатын мәндердің бейнелерін арқау еткен, иландыру арқылы расталған білім; бұдан кейін – осы аталған үш [білім түрінен] белгілі бір халықтардың арасында тараған білім, солай болғасын халықтардың санына қарай бөлінген осы білімдердің әрқайсысы бір-бірін қамтып соның арқасында халық кемелденіп, бақытқа жетеді.
Сондықтан әкім белгілі бір адамды немесе халықты, бақытқа жеткізетін белгілі бір білім сатысын анықтап, сол халықты ненің көмегімен тәрбиелеу керек екенін есте сақтауға, сонымен қатар сол халықты иландыру әдісімен тәрбиелеу үшін қолданатын нәрселерді білуге тиіс. Белгілі бір халықтың білетінін есте сақтайтын, сақталуға тиісті игілік жайында [әлі де] танылып болмаған нәрсені анықтай алатын, осыны жақтап, қарама-қарсы нәрсені теріске шығара алатын, халықты осыған үйретіп, халықтын қамын ойлаған, соған барын берген бірінші басшының мақсатын жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамның немесе адамдар тобының болуы қажет. Халықтарды ерікті түрде тәрбиелеу үшін нақ осылардың пайдаланылуы мүмкін. [Бірақ] халықтарды тәрбиелеуге уәкілдік алған топтарда әркімнің бойынан жеке-дара ізгілік пен ойшылдық ізгіліктің табылғаны жақсы, өйткені ол соның арқасында қажет болатын болса соғыста әскерлерді өте дұрыс пайдалана алады, сөйтіп, олардың әрқайсысы өз бойында екі түрлі тәрбие болмысының мәнін ұштастыра алады. Егер бұл [қасиеттер] бір адамның бойында ұштастырылмаса, онда ерікті түрде тәрбиелейтін адамға болмыстың [күштеп тәрбиелеуге қатысты] жеке-дара мәніне ие болып отырған адам жәрдемге келеді.
Әдетте әрбір халықты тәрбиелеуге уәкілдік алған кісінің [қарамағында] осы халықты ерікті түрде немесе күштеу әдісімен тәрбиелеуге пайдаланатын адамдары болады, бұл ретте оның пайдаланатын адамдары екі топқа немесе осы екі [түрлі тәрбиеге қатысты] болмыстың мәніне ие болып отырған бір топқа бірігеді. Өз тарапынан, бұл топ немесе осы екі топ екі бөлімге немесе осы [бөлімдер] ішіндегі бөлшектерге бөлінеді, сөйтіп ең кішкене бөлшектерге немесе [бөлшектердегі] ең шағын тәрбие күшіне дейін осылай кете береді.
Бұл [топтардағы] басқыштар өз өкілдерінің әрқайсысының ойшылдық ізгілігіне сәйкес орналасады. Белгілі бір бөлшектерді пайдалануға септігін тигізетін белгілі бір ойшылдық ізгілікті алатын болсақ, мұның өзі біреулерде екінші біреулердегіден көп болады, сондықтан бұлардың мәні ойшылдық ізгілік күшіне сәйкес келмек. Ал егер осындай екі топ әрбір халық пен қалада болса, онда бұлардан төмендете басқа бөлімдер құрылады. Адамға тән, адамдар мен қалаларды ең жоғары бақытқа жеткізетін және төрт түрлі нәрсеге кеңелтетін амалдар мен әдістер міне, осындай.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   292




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет