Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған


Қосымша білім беретін оқу бағдарламасына пікір жазу



бет25/29
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#27375
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
2.6. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасына пікір жазу
Бағдарламаға пікір тіркеледі. Екі пікір алу ұсынылады: ішкі (оны бағдарлама әзірлеген ұжымның әдіскері дайындайды) және сыртқы (оны бағдарламада көрсетілген іс-әрекет саласы бойынша тәулсіз сарапшы дайындайды).
Пікірдің үлгі жоспары
1. Құжат тақырыбы:

  • бағдарламаға пікір (атауы);

  • бағдарлама авторының тегі, аты, әкесінің аты;

  • бағдарламаны жүзеге асыратын білім ұйымының атауы.

2. Бағдарламаның жалпы сипаттамасы:

  • білім беру аймағы;

  • пікір берілген бағдарлама іске асырылатын балалар бірлестігінің түрі (студия, ансамбль және т.б.);

  • мекен-жайы (балалар санаты, жасы, әлеуметтік құрамы және т.б.);

  • бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі;

  • жалпы білім беретін мектепте осы тектес бағдарлама бар ма (мазмұндық жағы бойынша салыстыру); пікір берілген бағдарламаның «қосымша» аталуы неліктен;

  • материалды баяндау стилі және сапасы (кәсіби, жүйелі, сауатты және т.б.).

3. Қосымша білім бері жүйесіндегі бағдарламаның өзектілігі және оның жаңалығы.
Бағдарлама құрылымының сипаттамасы (бөлімдерін қысқаша баяндау және оларды талдау):

  • алғы сөз талдау;

  • бағдарламаның мазмұндық бөлігін талдау: сабақтың негізгі тақырыптары қаншалықты толық ашылған;

  • бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау: оқыту нәтижесіне жету үшін қажетті педагогикалық, психологиялық, ұйымдастыру шарттарын автор қаншалықты сипаттаған; мазмұнымен, оқу материалымен, нәтижелерді қадағалау және тіреку жүйесімен; білім алушылардың білімін және дағдысын бағалаумен жұмыс әдісі қаншалықты терең қарастырылған;

  • әдебиеттер тізімін бағалау.

  1. Бағдарлама толықтығы (құрылымдық бөліктер айқындалған ба, бөлім ішіндегі құрамдас бөліктері толық көрсетілген бе).

  2. Бағдарлама тұтастығы (мақсат. міндеттері мен жетістікке жету иәсілі келісілген бе).

  3. Бағдарламаның жетекші идеясы және оны іске асыру жолдары; мазмұнын іріктеудегі тәсіл жаңалығы; ұсынылған әдістеменің шынайылығы; бағдарламаның осы білім беру ұйымына жарамдылығы.

  4. Материалдың берілу сапасы, тілі мен баяндау стилі (анық, нақты, дәлелді, үйлесімді және т.б.).

  5. Пікір берушілер бағдарлама материалының қосымша білім берудің ерекшелігіне қаншалықты сәйкестігін ескеруі қажет:

    • Баланың танымдық әрекетін көтермелеу;

    • Коммуникативтік дағдыларын дамыт;

    • Қарым-қатынастың әлеуметтік мәдени ортасын құру;

    • Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету;

    • өз бетінше әрекет етуге және өз бетінше білім алуға ынталандыру;

    • баланың өмірлік тәжірибесін шығармашылықпен қолдануға көмек көрсету;

    • өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтауға ықпал ету.

  6. Бағдарламаның қосымшасына сипаттама (әдістемелік жоспар, дидактикалық материал, сабақ өткізу кестесі, келісімшарт түрлері және т.б.).

  7. Педагогтың бағдарлама авторы ретіндегі кәсіби білім мен біліктілігі.

  8. Бағдарламаның жалпы бағасы: жетістігі мен кемшілігі, қателері мен ескерпелері.

  9. Бағдарламаға пікір жазуда лайықты бағасын көрсету қажет, кемшіліктерін жою туралы ұсыныс және балаларға қосымша білім беру жүйесінде қолдануға болатындығы (болмайтындығы) туралы қорытынды беріледі.

Авторлық бағдарламаны сарапаттау үдерісі қорытындыны рәсімдеумен аяқталады, онда мына мәселелер қамтылуы тиіс:

  • Бағдарлама бектілді ме, бекітілмеді ме;

  • Бағдарламаға нақты дәреже беріледі ме (авторлық, жаңартылған, эксперименттік, үлгілік);

  • Бағдарламалық құжат жетілдіруді қажет ете ме;

  • Педагог тәжірибесін тарату ұсынылды ма.

Пікір жазған маман құжат мазмұнын өзі жеке қолын қойып аяқтайды, өзінің толық тегін, атын, әкесінің атын, лауызымын және орнын көрсетеді. (Қосымша Г)
Құжат пікір жазған маманның қолын растап, ұйым мөрімен куәландырылады, екі данамен беріледі.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет