НҰСҚаулық Ақтау қаласы 2016 жыл


Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты бөлімдері



бет5/7
Дата07.07.2018
өлшемі274,95 Kb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты бөлімдері
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді

Параграф 17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      221. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік мекемелермен және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен қолданылады.


      222. Заңмен көзделген біліктілік талаптарын анықтайтын, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларды өткізудің рәсімдерін және мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
      223. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
      224. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 5-бабымен көзделген бағытта қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар жарғысына сәйкес қатысады.
      225. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде әлеуетті өнім берушілерге келесі біліктілік талаптары қолданылмайды:
      1) төлем қабілеттілігінің болуы;
      2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының болуы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талаптар бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
      226. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде Заңмен және осы Қағидалармен көзделген талаптардан басқа, конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасына сипаттама және талаптар қамтуы тиіс.
      227. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
      228. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
      229. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінімдерді ашу ұйымдастырушымен конкурстық құжаттамада көрсетілген өтінімдерді ұсынудың күні және уақыты өткен кезде веб-порталмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
      230. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алудың ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
      231. Конкурстық комиссия мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді веб-портал арқылы олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысында конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.
      232. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар конкурсына өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 226-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамайды.
      233. Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:
      1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;
      2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);
      3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда» болуы туралы мәліметтерін;
      4) жұмыс тәжірибесінің болуы;
      5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);
      6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;
      7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (сандық және пайыздық түрінде);
      8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту).
      Осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллды есептеу конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасына сәйкес есептеледі.
      Ескерту. 233-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      234. 233-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша бір баллдан төмен жинаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      235. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурс қатысушысы ретінде таниды;
      2) осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді;
      3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 233-тармағында көзделген техникалық ерекшелікті бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдарға қарап шартты азайту бағасын қолданады;
      4) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
      236. Барлық өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталмен автоматты түрде қосылып, нәтижесімен әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігіне баллдармен білдірілген қорытынды баға беріледі.
      237. Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      238. Егер әлеуетті өнім берушімен осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемшарттарды растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
      239. Шартқа әлеуетті өнім берушілермен өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынылған шарттары енгізіледі.
      240. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайтуды қолданылады:
      1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 15 баллдан 20 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
      2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 21-ден 27-ге дейін баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;
      3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 27 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады;
      241. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген баллдарды конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде есептейді.
      242. Конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады.
      243. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.
      244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
      245. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
      246. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.
      247. Егер осы Қағидалардың 245-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      248. Заңның 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес егер конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе, тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 248-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      249. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;
      2) конкурстық комиссия Заңның 21-бабы 4-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;
      3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды;
      4) конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды;
      5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Әлеуетті өнім берішінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға берген өтінімі, егер берілген конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      250. Осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтеріне мемлекеттік сатып алу жүргізу бойынша конкурс жүзеге асырылған кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

Конкурстық құжаттамаға


12-қосымша     

Техникалық ерекшеліктердің әлеуетті өнім берушілерінің ұсынған бағалау критерийлері

      Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





Бағалау критерийі

Балл



Балдарды таратып жазу











1

Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына әлеуеттік өнім берушінің ұсынатын жобасының сәйкес келуі

0-ден 2-ге дейін

0

тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптары жобасына сәйкес келмеуі* (әлеуетті өнім беруші сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына жобаның сәйкес келуі

2

әлеуетті өнім берушінің ұсынылып отырған жобасы неғұрлым жақсы сипаттаманы қамтиды

2

Сатып алынатын қызметтің Тапсырыс берушінің салалық мамандандыру ұйымы миссиясына (ұйым мақсатының құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі) сәйкес келуі

0-ден 5-ке дейін

0

әлеуетті өнім берушінің құрылтайшы құжаттарында сатып алынатын қызмет мәніне сәйкес келетін қызмет түрлері жоқ

1

миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандандандыруына сәйкес келмейді

2

миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануға ішінара сәйкес келеді

3

миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келеді

3

Әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтер

0-ден 1-ге дейін

0

Базада орналаспаған өнім беруші

1

Базада орналасқан өнім беруші

4

Жұмыс тәжірибесінің болуы (бір критерий ғана алынады)

0-ден 6-ге дейін

0

жұмыс тәжірибесінің болмауы

1

екі жылға дейін әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі

2

екі жылдан бес жылға дейін әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі

3

бес жылдан жоғары әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі

4

екі жылға дейін сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі

5

екі жылдан бес жылға дейін сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі

6

бес жылдан жоғары сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі

5

Жобаны іске асыру шеңберіндегі қызметтерді әлеуетті алушылардың сандық және сапалық құрамы

1-ден 2-ге дейін

1

қызметтерді алушылардың сандық және сапалық құрамы бойынша жобаға сәйкес

2

қызметтерді алушылардың неғұрлым кең сандық және сапалық құрамы ұсынылады

6

Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы

0-ден 3-ке дейін

0

техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ

1

сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы

2

сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы

3

барлық деңгейлердегі сандық және сапалық индикаторлардың болуы (салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер)

7

Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер (пайыздық және мәндік шамада)

0-ден 10-ға дейін

0

өнім беруші қосымша қаражаттың тартылу мүмкіндігінің болмауын көрсетті

5

өнім беруші сұралатын сомадан 5% сомада жоба үшін қажетті бюджеттен тыс көздерден қаржы қаражатын тарту мүмкіндігін растады

10

өнім беруші сұралатын сомадан 10% сомада жоба үшін қажетті бюджеттен тыс көздерден қаржы қаражатын тарту мүмкіндігін көрсетті

8

Тапсырыс беруші қойған мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарының болуы (іс-шаралардың атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімі, хатықты қамту)

0-ден 2-ге дейін

0

Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары жоқ

1

Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді

2

Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді

      Ескерту
      * Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты конкурстық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді

Коммерциялық емес ұйымдар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 Заңы



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңмен реттелетін мәселелер

      Осы Заңмен реттелетiн мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.
      Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.

      2-бап. Коммерциялық емес ұйым ұғымы

      Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

      3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.
      3. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

      4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары

      Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
      Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

      5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен


              мiндеттерi

      1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:


      1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
      2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
      3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
      4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
      5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
      6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
      7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
      8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
      9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Коммерциялық емес ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
      2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
      3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.

      6-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары

      Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

      7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан


              жерi

      1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн. 


      Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
      3. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

Каталог: web -> img -> article -> textImages -> 100
web -> От Ивелина Стоянова Студентка Компютърна химия 1 курс
web -> Реферат по истории и философии соответствующей отрасли наук по согласованию с научным руководителем диссертации и кафедрой философии
web -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
web -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
web -> Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет