НҰСҚаулық Ақтау қаласы 2016 жыл



бет7/7
Дата07.07.2018
өлшемі274,95 Kb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7

              мен өкiлдiктерi

      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар құрып, өкiлдiктер аша алады.


      Қоғамдық және дiни бiрлестiктер, мекемелер осы ұйымдар туралы заң актiлерiне сәйкес өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн құра алады.

      2. Коммерциялық емес ұйымның филиалы оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiктiң мiндетiн жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.

      3. Коммерциялық емес ұйымның өкiлдiгi оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және коммерциялық емес ұйымның мүдделерiн қорғауды және оның өкiлдiгiн жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.

      4. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Олар өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иемденеді және ол бекiткен ереже негiзiнде әрекет етедi. Филиалдың немесе өкiлдiктiң мүлкi жеке баланста және оларды құрған коммерциялық емес ұйымның балансында ескерiледi.

      5. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда) басшыларын коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi органы тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде әрекет етедi.
      Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктер) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
      Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктер) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы мен өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

      6. Филиал және өкiлдiк өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның атынан қызметiн жүзеге асырады. Өз филиалының не өкiлдiгiнiң қызметi үшiн оларды құрған коммерциялық емес ұйым жауапкершiлiкте болады.


      6-1. Коммерциялық емес ұйымның филиалы мен өкілдiгiнiң атауы өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның атауын көрсетуді қамтуға тиіс.

      7. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi есептiк тiркелуге, ал атауын өзгерткен жағдайда - қайта тiркелуге жатады.


      Есептiк тiркеудің (қайта тiркеудің) тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалады.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.03.18 N 537, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру

      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы заңда, басқа да заң актiлерiнде көзделген тәртiппен қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

      2. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру қосу, бiріктіру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру нысанында және заңдарда көзделген басқа да нысандарда жүргiзiлуi мүмкiн.

      3. Коммерциялық емес ұйым, бiрiктiру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттiк тiркеуден өткен кезiнен бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.
      Коммерциялық емес ұйым оған екінші бір ұйымның қосылуы нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қосылған ұйым қызметiнің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлген кезден бастап олардың біріншісі қайта ұйымдастырылды деп есептеледi.

      4. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде жаңадан пайда болған ұйымды (ұйымдарды) мемлекеттiк тiркеу және қайта ұйымдастырылған ұйым (ұйымдар) қызметiнің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      26-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату

      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде көзделген негiзде және тәртiппен ерiктi түрде (оның мүлкiн иеленушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ бұған құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша) және мәжбүрлеп (сот шешiмi бойынша) таратылуы мүмкiн. 

      2. Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырған әдiлет органына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.


      Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшылар немесе орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымды таратудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.

      3. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған коммерциялық емес ұйымның мүлкiн және iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көшедi. Тарату комиссиясы таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотта әрекет етедi.

      27-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртiбi

      1. Тарату комиссиясы орталық әдiлет органының ресми басылымдарында заңды тұлғаның таратылуы туралы, сондай-ақ оның кредит берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат жариялайды. Талаптарды мәлiмдеудiң мерзiмi коммерциялық емес ұйымды тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауға тиiс.


      Тарату комиссиясы кредит берушiлердi айқындауға және берешектерiн алуға, филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығаруға шара қолданады, сондай-ақ кредит берушiлердi коммерциялық емес ұйымның таратылғандығы туралы жазбаша хабардар етедi.

      2. Кредит берушiлердiң талаптар қоюына арналған мерзiм аяқталған соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлiк құрамы туралы мәлiметтер, кредит берушiлер мәлiмдеген талаптардың тiзбесi, сондай-ақ олардың қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.


      Аралық тарату балансын коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иеленушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

      3. Егер таратылған коммерциялық емес ұйымның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен, коммерциялық емес ұйымның мүлкiн ашық сауда арқылы сатуды жүзеге асырады.

      4. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның кредит берушiлерiне ақша төлеудi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51-бабында белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен, аралық тарату балансына сәйкес, ол бекiтiлген күннен бастап тарату комиссиясы жүргiзедi.

      5. Кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталған соң тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны коммерциялық емес ұйымның мүлкiн меншiктенушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

      6. Таратылатын мекеменiң ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғысы талаптардың қалған бөлiгiн осы мекеменiң мүлкiн меншiктенушiнiң есебiнен қанағаттандыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.03.18. N 537 Заңымен.

      28-бап. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi

      1. Коммерциялық емес ұйымның таратылған кезде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заң актілерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
      Коммерциялық емес ұйым салық жеңiлдiктерiн және басқа да жеңiлдiктердi пайдаланған және мүшелерiнiң және (немесе) құрылтайшыларының жарналары мен өз қызметiнен түскен кiрiстерi, жұртшылықтың қайырмалдықтары есебiнен жұмыс жасаған, мемлекеттен немесе мемлекеттiк емес ұйымдардан гранттар алған жағдайда, таратылған кезде кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктi ұйымның мүшелерi, құрылтайшылары, лауазымды адамдары немесе жалдамалы қызметкерлерi арасында қайта бөлуге болмайды, ол ұйымның жарғысына сәйкес оның жарғылық мақсаттарына пайдаланылуға тиiс. Егер ұйымның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, тарату туралы шешiм қабылдаған органның ұйғаруы бойынша қалған мүлiк таратылатын ұйымдiкi сияқты мақсаттарды немесе оларға жақын мақсаттарды ұстанатын коммерциялық емес ұйымға берiлуi мүмкiн.
      2. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда оның тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен үлесiн өз пайына бара-бар бөлiп алуға құқығы бар.
      Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделген жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативi мүлкiнен оның пайына бара-бар үлесiн төлейдi.
      3. Құрылтайшылар мекеменiң мүлкiне меншiк құқығын сақтайды.
      4. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкi барлық акционерлер арасында оларға тиесiлi акциялардың санына бара-бар бөлiнедi.
      Ескерту. 28-бап өзгерді - ҚР 16.05.2003 N 416 Заңымен; 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы

      Коммерциялық емес ұйымның таратылуы аяқталды, ал коммерциялық емес ұйым өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      30-бап. <*>

      Ескерту. 30-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.03.18. N 537 Заңымен.

      31-бап. Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк


              тiркеу және қайта тiркеу

      Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI

      32-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi

      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге асыра алады.

      2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.

      3. Коммерциялық емес ұйымдар заң актiлерiне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады.

      33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк
              қызметпен айналысуға құқығы

      1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.

      2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.

      3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.

      4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық көмекке пайдалануына жол берiледi.


      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi

      1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.
      Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
      Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.

      2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.

      35-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi

      1. Мыналар:

      1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;

      2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;

      3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);

      4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);

      5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.

      2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң актiлерiмен шектеулер қойылуы мүмкiн.

      3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де қаражат түсiмдерiнiң тәртiбi коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.

      4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға тиiс.


      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      36-бап. Мүдделер қайшылығы

      1. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы ұйымның мүлкiн пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын алуын ұйғарымдайды.

      2. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық етушi органының) мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi арқылы мәмiлелер жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға билiк етуге ықпал ете алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.

      3. Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады.

      37-бап. Мүдделер қайшылығын шешу

      Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың ұйғарымдалғаны туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
      Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы орын алған мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
      Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай мәмiленi жасау нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық емес ұйымға қайтаруға тиiс.
      Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде туындаған болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi тиiс.

5-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ

      38-бап. Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi

      Коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымы, құзыретi, құрылу тәртiбi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi, олардың шешiмдер қабылдау мен коммерциялық емес ұйымның атынан әрекет жасау тәртiбi заңдарда және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.

      39-бап. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары

      1. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:


      1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
      2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) - коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
      3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
      4) заңдарға және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.
      2. Коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:
      1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
      3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
      4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
      5) заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
      Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
      3. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.
      4. Коммерциялық емес ұйымның еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
      5. Осы баптың 1 – 3-тармақтарының ережелері дербес білім беру ұйымдарына және дербес кластерлік қорға қолданылмайды.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 200.05.15 N 253, 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР

      40-бап. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар

      1. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсендi қызмет етуiн көтермелейдi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға салық, кеден жеңiлдiктерi және басқа да жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.


      2. Коммерциялық емес ұйымдар өз қызметiнiң мақсаттарына сәйкес мемлекеттiк органдармен келiсiмдер жасасын, ынтымақтасуы және олар үшiн белгiлi бiр жұмыстарды орындауы мүмкiн.

      41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау

      1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және алғашқы статистикалық деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
      2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік кіріс органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.
      Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына осы қаражатты пайдалануы туралы есептi ұсынады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы ақпарат жариялайды.
      4. Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн пайдалану туралы мәлiметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.
      5. Мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.8 № 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      42-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру

      1. Коммерциялық емес ұйымның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық емес ұйымның жарғысында белгiленген қызметтiң мәнi мен мiндеттерi шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негiзiнде шығарылған сот шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, коммерциялық емес ұйымның қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған құрылтай құжаттарында көзделген қызметпен айналысуға тыйым салынады. Оның банк шоттарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi салдарынан келтiрiлген шығындардың орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
      Егер коммерциялық емес ұйым өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған бұзушылықтарды қызметi тоқтатыла тұруы белгiленген мерзiм iшiнде жойса, онда аталған мерзiм аяқталған соң коммерциялық емес ұйым өз қызметiн қайта бастайды. Коммерциялық емес ұйым бұзушылықтарды жоймаған жағдайда прокуратура органдары оны тарату туралы сотқа арыз берiп жолдануға құқылы.
      3. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдаған сот коммерциялық емес ұйымның бұзушылықты жоюына байланысты ұсынысы бойынша осы шектеудi мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.

      43-бап. Коммерциялық емес ұйымның, жеке және заңды


               тұлғалардың жауапкершілігі

      1. Заңдарды бұзу коммерциялық емес ұйымның Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болуына әкеп соқтырады.


      2. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарды бұзғандығы үшін бұған кінәлі жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары да жауапты болады.

     ҚазақстанРеспубликасының


      Президенті

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы

Ақтау қаласы, 14 ш.а., облыс әкімдігі ғимараты, 2 қабат

тел 421300, 435235

Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі

Ақтау қаласы, 6 ш.а.,"Арман" жастар орталығы, 2 қабат, 17кеңсе



тел.: 87292600124, тел/факс 87292600126

электрондық пошта : gamo_aktau@mail.ru
Каталог: web -> img -> article -> textImages -> 100
web -> От Ивелина Стоянова Студентка Компютърна химия 1 курс
web -> Реферат по истории и философии соответствующей отрасли наук по согласованию с научным руководителем диссертации и кафедрой философии
web -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
web -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
web -> Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет