О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Алғы сөз
Қ
азіргі қоғамда жастар аудиториясының назарын 
аудару, олардың қызығушылығын белгілі бір 
тарапқа бағыттау қиын екендігі белгілі. Бұған дамыған, 
соңғы заманауи технологиялар мен қоғамдық 
жүйелердің модернизациялануы қатты ықпал етіп 
жатыр. Қалыптасу кезеңіндегі әлемдік ортақ мәдениет 
те дәстүрлі мәдениетті, қалыпты құндылықтарды 
ұстануға өзінше әсер етіп жатқандығын да байқаймыз. 
Оған қоса ақпараттық ғасыр, мағлұматтардың 
шектен тыс көп болуы да адам санасына белгілі бір 
деңгейде әсер етпей қоймайды. Осындай жан- жақты 
психологиялық, әлеуметтік, ақпараттық тағы басқа түрлі 
қысымдар арасында қалған жастар мен жасөспірімдер 
аудиториясына да рухани тепе-теңдікті сақтау, оны 
қалыпты ұстап тұру оңай соқпай тұрғанына куә болып 
жүрміз.
Осы тұста Қазақстандық исламтану мектебінің 
жас өкілдері қоғамның негізгі қозғаушы күші жастар 
мен жасөспірімдер аудиториясының назарын дәстүрлі 
құндылықтарға жаңашыл форматпен аудара алуы 
көңіл қуантарлық жағдай. Рухани құндылықтар мен 
ұлттық болмысымызды, діни таным, діни сана, діни 


МҮМКІНДІК
12
тәжірибемізді жаңашыл форматта, заманауи әдіс- 
тәсілді қолдана отырып насихаттау кезек күттірмейтін 
мәселе. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты орынды 
қолданудың тиімділігі айқындала түседі.
Міне, қолымыздағы «Мүмкіндік» атты жаңа 
форматтағы мотивациялық кітаптың да қоғамға, әсіресе 
жастар аудиториясына берері мол деп ойлаймыз. 
Кітапта жоғарыда айтылған барлық түйіткілді 
мәселелер қарастырылған. Сонымен бірге, олардан 
шығу жолдары тек теориялық түрде емес, практикада 
орын алған оқиғалармен өрнектеліп жеткізілген. 
Теория мен практиканың (сөз бен амалдың) ұштасуы 
оқырманда ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.
Сондай-ақ, кітапта дәстүрлі рухани құндылықтар
діннің мән-мазмұны, өмірлік құнды қағидаттар 
тағы басқа қазіргі қоғамда насихатталуы тиіс, 
жастар арасында кездесетін рухани, психологиялық 
күйзелістерді шешуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер 
баяндалады. Сондықтан да, оқырманға рухани 
құндылықтардың мән- мазмұнынын түсінуге, өмірді 
жаңа қырынан тануға, жаңа құлшыныстарға бет бұруға 
мүмкіндік беретіндіктен кітап «Мүмкіндік» деп аталған.
Көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын «Мүмкіндік» 
кітабының жас аудиторияға берері мол, дәстүрлі рухани 
құндылықтарды жаңа қырынан танып, қайта түлетудегі 
ықпалы зор деп айтуға болады. Кітаптың әрбір жастың 
жақын досына айналып, әр отбасының кітап сөресінен 
табылатынына сенеміз.
Қанат Байбосынұлы, исламтанушы


iqup
13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет