О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Автордан
К
ез келген идея адамның жандүниесінен өніп 
шығатыны белгілі. Санада піскен ой сыртқа 
шыққанда ғана өз нәтижесін береді. Бұл кітапты 
жазу туралы ой бізді бұдан 5-6 жыл бұрын колледж 
қабырғасында жүргенде мазалаған. Сол кезде көптеген 
құрдастарымызбен «өмірдің мәні», «құлшылықтың 
мәні мен сыры», «намаз бастау», «өмірде түбегейлі 
бетбұрыс жасау» секілді түрлі психологиялық 
және рухани тақырыптарды қозғайтынбыз. Әдетте 
олармен әңгімелескенде уақыттың тығыздығы не 
болмаса мәселенің мәнін дұрыс жеткізе алмау сынды 
жағдайларға тап болатын едік. Сондай-ақ, курстастар 
мен құрдастар арасында туған күн секілді өзге де 
мерекелерде сыйлыққа рухани құндылығы бар
адамға дем беретін, жаңашыл форматтағы кітап беруге 
тырысатынбыз. Өкінішке орай, ондай кітап табу қиын 
болатын. Осы факторлардың ықпалы мен жастар 
аудиториясының жаңашылдыққа ұмтылысы бәрі 
жинала келе «Мүмкіндік» кітабының жазылуына себеп 
болды.


МҮМКІНДІК
14
Кітапта оқырманға рухани күйзеліс пен кризис 
кезінде 
уайымға 
салынбай 
ол 
мәселелерді 
психологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып 
шешуді ұсындық. Ол үшін күнделікті өмірде орын 
алған оқиғалардан мысалдар келтірдік. Сонымен қатар 
әлемдік бестселлерге айналған кітаптардың стилі мен 
кеңестерін, мысалдарын пайдалануға тырыстық.
Аллаға шүкір, бұл еңбегіміз әлеуметтік желідегі 
жастар аудиториясында жылы қабылданып, тіпті 
таралып үлгерді. Тырнақ алды еңбегімізбен танысқан 
жастар рухани құндылықтардың, діннің мән-мазмұнын 
жаңашылдықпен, психологиялық тәсілдерді қолдана 
отырып жеткізуге де болатынын көріп таңдануда. 
Біздің де басты мақсатымыз соны іспен дәлелдемек-
тұғын. Еліміздегі исламтанушылар сонымен қатар, 
ҚМДБ «Ғұламалар кеңесі» мүшелері мен ұстаздарымыз 
қолыңыздағы еңбекті жоғары бағалап, қоғамның 
рухани қажеттілігін қамтамасыз етіп, бір жыртығын 
жамайды деп сенім білдіруде. Ұстаздарымыздан, 
оқырмандардан мұндай пікірлер есту біз үшін қуаныш 
әрі мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Алдағы уақытта бұл еңбекпен тоқтап қалмай қоғамға 
пайдасы тиетін рухани әрі психологиялық бағыттағы 
еңбектер жазамыз деген ойдамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет