О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет8/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
ҰШАҚ ҚАЛАЙ 
ҰШАДЫ


iqup
27
Ұшақ қалай ұшады
Ә
рдайым заттардың қалай пайда болғанын тануға 
құштар едім. Себебі белгілі бір істің тарихын, 
басын білмей, оны толық тани алмайсың. Егер қазіргі 
таңдағы конструкциясы күрделі ұшақтардың қалай 
ұшатынын түсінгің келсе, онда ең әуелі ұшақтың қалай 
жұмыс жасайтынын түсінуің қажет. Сол кезде ұшақтың 
қалай ұшатынын түсіну оңай болады.
Күні кешеге дейін намазына берік адамның бойында 
бізде жоқ ерекше бір құдірет пен қасиет бар деп сеніп 
келдік. Мәселен, олар кішкентай кезінен бастап намазға 
әдеттеніп кеткен немесе олар діни ортада өскен деген 
түсінік болды.
Мұны психологияда өзіңді «оқшаулау» деп айтады. 
Бұл дегеніміз – қандай да бір жетістікке қолың жетпей, 
басқа адам жетіп кетсе, өзіңді бір сылтаумен ақтап 
алу. Яғни, ол адамда бір ерекше қабілет бар және 
мүмкіндіктер көбірек болды деу.
Осылайша санамызда намаз оқитындарды оқшаулай 
бастаймыз. Өйткені оларға намаз жеңіл болып көрінсе 
біз бір намазды оқи алмаймыз, оны ауыр деп ойлаймыз. 


МҮМКІНДІК
28
Өйткені біз проблеманың түп-тамырын әлі шешпедік. 
Ол проблема «неге намаз оқу ауыр?» деген сұрақтың 
жауабында жатыр.
Бұл нені білдіреді?
Пайғамбарымыз намаз парыз болмас бұрын 
сахабаларына он екі жыл бойы түсіп жатқан Құранды 
түсіндірген еді.
Барлығын білуші, Даналық Иесі Алла Тағаланың 
намазды қалаған уақытта міндет етуінің хикметі бар. Ең 
әуелі сахабалардың жүректеріне Аллаға деген махаббат 
орнату үшін, әуелі Алланың мейірімділігін, құдіретін 
тану қажет еді. Содан кейін намаз міндеттеліп, олардың 
жүрегінен орын алды. Тіпті олардың сүйіспеншілігі 
ұлғайып Жаратушымен байланысуға құштар дәрежеге 
жетті. Олардың түсінігіндегі намаз сондай болатын.
Әміршіні жақсы танығанда оның бұйрығы қалтықсыз 
орындалады. Сахабалар да Алла Тағаланы таныған соң 
Оны жақсы көрді. Сондықтан да намаз сырт көріністе 
ғибадат болғанымен, сахабалар үшін Сүйіктісімен 
байланыс орнатуға берілген сый еді.
Сонымен қатар олардың арасында түнімен әрі 
қосымша намаз оқитындар болған. Ал пайғамбарымыз 
екі аяғы ісігенше түні бойы намаз оқыған екен.
Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Көпшілік адамдар 
сүйіктісімен бірге уақыт өткізгенде жалықпайды ғой, 
солай емес пе?


iqup
29
Сахабалар үшін намаз - рухани демалыс. Себебі, 
олар үшін намаз - Сүйіктісінің әмірін орындап, оған бір 
табан жақындауға берілген МҮМКІНДІК.
Намаз оқымас бұрын сені намазға еріксіз байлайтын 
ең бірінші нәрсе – ол Алла Тағаланы тану. Өйткені Оны 
толық таныған кезде еріксіз жақсы көресің. Ал жақсы 
көрсең, міндетті түрде бойұсынасың.
Алла Тағала Ерекше мейірімді, Тәубені қабыл етуші. 
Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін 
қабыл алып, кешіреді. Құлының ризығын толассыз 
беріп, рақымын тақуа құлдарынан аямайды. Қорғаушы, 
сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтаушы
әлсіздердің жәрдемшісі. Құдаймен байланысты 
бұйрық пен тыйым деп түсіну – қателік. Алла Тағаланың 
мейірімі мен махаббаты тек пайғамбарлар, әулиелер, 
Құдай жолында құрбан болғандарға ғана арналған деп 
сену – иманның нұқсандығынан.
Алла Тағала бізге жақын, жақындығы сол, тіпті күнә 
жасауда шектен шыққандарды сипаттаған кезде «Менің 
құлдарым» деп Өзіне теліп, олардан бас тартпады:
«(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді 
жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне 
жамандық жасауда шектен шыққан һәм 
өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер 
мен қабілеттерді орынды пайдаланбай 
зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан 
iqup


МҮМКІНДІК
30
үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені Алла барлық 
күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур 
(құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр 
болса да тәубелеріне келген жағдайда 
кешіруші), Рахим (ерекше мейірімді)!» [39:53]
Ендеше, Жаратушыны толық 
тану – міндетің. Қайда жүрсең де 
дұғаңды Естуші Алланы таны!
Сенің болмашы амалыңа көп сауап 
сыйлайтын Жомартты таны!
Қорыққан кезіңде бас ұрып, паналаушың, еш 
нәрсеге мұқтаж болмаған, керісінше, күллі 
жаратылыс Оған мұқтаж Раббыңды ТАНЫ!
Әрбір әмірі жамандықтан ада, тек 
жақсылықтарға толы Раббыңды таны!
Егер Раббыңды дәл осылай таныр болсаң, 
Жаратушың жайлы ойың жақсарып, 
жүрегің тыныштық табар еді.
iqup
iqup


iqup
31
Қиындыққа тап болғанда қолыңды 
жайып шағым айтар болсаң, Ол 
саған сөзсіз кеңдік танытады...
Егер Оған жапа шеккеніңде 
барсаң, мейірімін төгеді...
Егер әлдекімнің қатыгездігіне 
шағымдансаң, Ол саған мәпелеп 
өсірген анаңнан да жұмсақ.
Егер саған біреу зұлымдық қылып, жәбірлеп, 
қорласа, Ол – Қаһарлы, Күшті және Одан 
артық Жәбірлеуші, Қорғаушы жоқ.
Жүрегіңді Аллаға деген махаббатқа толтыратын 
істерге күніне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет