О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет70/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

9. МЕКТЕПТЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР
9.1. Мектептегi географиялық үйiрмелердiң ұйымдасты-
рылуы мен мақсаты
Үйiрмелердiң мақсаттары. 
География курсын өту үшiн әрбiр 
сыныпта белгiлi мөлшерде сағат көрсетiледi. Сол сағаттар iшiнде 
мұғалiм бағдарламада көрсетiлгендердiң бәрiн өтiп шығуы ке-
рек. Бiрақ географияны тек бiр ғана бағдарлама көлемiнде өту 
оқушыларды әрқашан да оншалықты қанағаттандыра бермейдi. 
Олардың кейбiр мәселелерді неғұрлым тереңiрек және тия-
нақты өткiзгiсi келедi. Мiне, осы жағдайдың өзi-ақ мұғалiмнiң 
басқаруымен оқушылар өздерiнiң географиялық бiлiмiн кеңей-
тiп, тереңдетуiне мүмкiншiлiк болатын үйiрмелер ұйымдастыру 
қажет екенiн көрсетедi. Өз өлкесiн зерттеу жұмысын да осы үйiр-
мелерде ұйымдастыруға болады. Өлкетану жұмысы әрқашан да 
дерлiк экскурсиялық жұмысты күшейте түседi. Экскурсиялар-
да жиналған материалдар (жазу, сурет, фото, коллекциялар) кө-
бiнесе үйiрмелерде өңделедi. Модельдер, таблицалар, карта және 
басқа да құралдар жасауда үйiрмелер мұғалiмге көп көмек бередi. 
Модельдердi, карталарды және кестелерді оқушылар өздерiнiң 
баяндамаларын иллюстрациялау үшiн жасайды, ал олар кейiн 
географиялық кабинетке тапсырылып, сонда жиналады. 
Осындай мектеп жұмысымен тығыз байланысты мақсат тар-
дан басқа да мақсаттар болуы ықтимал. Бұған жататындар ба-
лалар үшiн қызықты географиялық тақырыптар туралы баянда-
малар, географиялық журнал шығару, экспедиция мүшелерiмен 
кездесу, география кештерiн өткiзу, т.с.с. Сыныптан тыс осын-
дай жұмыстарды тиiстi географиялық үйiрмелерде ойдағыдай 
өткiзуге болады. 
Оқушылардың географиялық үйiрмеде жұмыс iстегiсi 


142
келгендерiне мұғалiм ерекше көңіл бөлiп, олардың жұмысына 
әртүрлi көмек беруi мiндет екендiгi туралы айтудың қажеттiлігi 
де жоқ. Оқушылар географиялық үйiрмелерде өздерiнiң инициа-
тивасын көтерiп, жiгерiн көрсете алады және олардың кiтапты 
пайдаланып өздiгiнен жұмыс iстеп дағдылануы үшiн үйiрмеден 
артық жер табылмайды. Ақырында, балалардың арасындағы та-
ланттылары да сол үйiрмелерде көзге түсiп, iрiктелiп шығады. 
Оларға зор көңiл бөлiнуi керек. Жастар арасынан таланттыларын 
анықтау – мемлекеттiк аса iрi мәселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет