О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет71/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Үйiрме ұйымдастыру
Үйiрмелер ұйымдастыру идеясы әуелi 
оқушылардың өзiнде тусын деп күтiп отыру әруақытта дұрыс 
бола бермейдi. Егер мектепте географиялық үйiрмелер бұрын 
болмаған болса, ондай идеяның тумауы да мүмкiн. Олай болуы 
түсiнiктi де. 
Үйiрменiң қажет екендiгi туралы идеяға жету оңай iс емес. 
Сондықтан оқушылардың өздерiнiң география жөнiндегi бiлi-
мiн тереңдетуге ынталы екендiгiн байқаған мұғалiм оларға 
көмектесуi керек. Үйiрмелердi ұйымдастыру жолы да түрлiше 
болады. Ұйымдастырудың бiрiншi және оңай жолы үйiрме ту-
ралы, үйiрмелерде өткiзiлген жұмыстар туралы, мектепте сон-
дай үйiрмелер құру қажеттiлігi туралы алдын ала әңгiме өткiзу. 
Үйiрмелер ұйымдастырудың бұл әдiсi көбiрек өрiс алған әдiс 
екендiгiн айта кету керек. Бiрақ мұғалiм iстiң таза ғана формаль-
ды осы жағын ескерiп, басқа бiр ойы болмаса, онда iстiң алға 
баспайтындығы анық. Оқушылар алғашқы кезде елiктегенмен
үйiрмеде қызығарлық iс iстелмесе, тез көңiлi қалып суынады 
да, үйiрме жұмысы бiржолата тоқталып қалады. Мұғалiм осы 
жағдайды еске алып, iске басқаша кiрiсуi керек. Егер белсенді 
болмаса, үйiрменiң алдына қойылған мақсат жөнiнде мұғалiмнiң 
өзiнде анық түсi нiк болмаса, асығудың да қажеттiлігi жоқ. Үйiрме 
құрылады деп жарияламай-ақ, бiр-екi баяндама өткiзiп, өлке тану 
тақырыбында жоспардан тыс экскурсия немесе басқа бiр түрлi 
жұмыс өткiзуге болады. Осындай жұмыстардың барысында 
бел сенділер байқалып, жұмыстың болашағы көрiне бастайды, 
үйiрменi ұйымдастыру жұмысына батыл кiрiсуге болады. Осы-
лайша, ұйымдастырылған үйiрмелердiң өмiрi ұзақ, жұмыстары 
жемiстi болып шықпақ. 


143
Үйiрме ұйымдастырудың осы екi жолының қайсысын ұстан-
саңыз да естен шығармайтын бiр нәрсе: оқушылардың үйiрме 
жұмысына қатынасуы тек қана ерiктi түрде болуы керек, үйiрме 
жұмысы сияқты жұмысқа оқушыларды ерiксiз жегуден ештеңе 
шықпайды. Әрине, кейде қайсыбiр зерек, бiрақ жұмысқа тез 
құмартып, тез суынып қалатын балаларды қысыңқырауға да тура 
келедi. Бiрақ ондай қысым әкiмшiлiк ретiнде болмай, тәрбие 
ретiнде болуы қажет. 
Үйiрменiң iсi мен жұмысы үшiн үйiрменiң белсендісі деп 
атарлық iскер топтың болуының маңызы өте зор. Жұмыс жемiстi 
болуының басты шарты – жақсы ынтаның болуы. Сондықтан 
мұғалiм белсенділікке ерекше көңiл бөлуi мiндет. Оқушылардың 
кейбiреуi географияны өте ұнататынын байқап, мұғалiм ондай 
оқушыларға өзiнiң қызметiне қажет карталар, модельдер жасау-
ды немесе тiптi, сабаққа үлгермей жүретiндерге көмектесудi 
тапсыратын жағдай да аз кездеспейдi. Әрине, үйiрме мүшелерi 
мұғалiмге кейде бар ынтасын салып көмектеседi, әсiресе түрлi 
құралдар жасауда балалардың ондай көмегiнен бас тартудың 
қажеті жоқ. Бiрақ ондай көмектi қабылдаумен бiрге мұғалiмнiң 
де шектен шықпай, балалардың ықыласын мiндетке айналдырып 
жiбермейтiн болу керек. 
Не дегенмен үйiрме жұмысының көп жағдайында шешушi 
факторы болып мұғалiмнiң өзi табылатындығы туралы айтудың 
қажетi болмас. Айналаңызға қарасаңыз, кiмнiң үйiрмелерi жақ-
сы. Жауап қашан болса да бiреу-ақ: оқу жұмысына көбiрек кө-
ңiл бөлетiн тәжірибелі мұғалiмдердiң үйiрмелерi қашан да болса 
жақсы. Егер мұғалiмнiң өзi география жөнiнде жаңадан шыққан 
кiтап тарды, географиялық түрлi жаңалықтарды құнттап қарап 
жүрмейтiн болса, географияны оқыту әдiстерiнiң дамуын құнттап 
қарастырмайтын болса, үйiрмеге басшылық ету оған қиын бола-
ды. Үйiрмеге басшылық ету әуелгi кезде жұмысқа жаңа кiрiсiп 
отырған мұғалiмдерге де қиын тиедi. Бiрақ ондай мұғалiмде 
тәжiрибеге төлеу боларлық «қызу жiгер» көбiрек, оның сол жiгерi 
көбiнесе оқушыларды да қыздырып, содан барып тамаша нәтиже 
шығады. Сондықтан не өте тәжiрибелi немесе ең жас мұғалiмдер 
басқарған үйiрмелердiң жақсы болатынына таңғалуға болмайды. 
Соңғы бiр шарт, үйiрменiң азды-көптi жабдығы болады: 


144
кiтаптар, журналдар, газет кесiндiлерi, коллекциялар, жазылған 
баяндамалар, модельдер, аспап-саймандар, т.с.с. Егер үйiрмеде 
осылардың бәрiн қоятын үй, тым болмаса кiлтпен бекiтiлген шка-
фы болуы қажет. Онсыз үйiрменiң жабдықтары да, жұмыстары 
да сақталмайды. Ал жабдығы сақталған жұмыстары болмаса
үйiрменiң жұмысы да жемiстi болмайды. Осы жағдайды естен 
шығармау керек, олай етпегенде, тiптi, жақсы жұмыстың өзi на-
шарлап, құрып кетедi. 
Үйiрме кiтап пен журналдың бiразын үйiрме мүшелерiнiң 
еріктi жарнасына, бiразын мектептiң оқу бөлiмi (үйiрменiң жұ-
мысы жақсы жолға қойылғаны байқалса) беретiн азғана сомаға 
сатып алады. Үйiрменiң кiтапханасын оқушылардың уақытша 
өздерi әкелген кiтаптарынан құрастыруға болады. Егер кiтапхана 
сондай уақытша әкелiнген кiтаптардан құралған болса, әкелiнген 
кiтаптардың дұрыс жазылып отырылуы қажет, олай болмаса, кiтап 
жоғалып кетуi ықтимал. Үйiрмеге қажет саймандар ал ғаш қы кезде 
география кабинетiнен уақытша пайдалануға алынып одан кейiн 
бiртiндеп өздерi құрастырып алады. Үйiрменiң жұмысы әлдене ше 
түрлi болуы мүмкiн. Оған бiрнеше мысалдар келтiрейiк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет