О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Экскурсия уақытында денсаулықты сақтау



Pdf көрінісі
бет69/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Экскурсия уақытында денсаулықты сақтау. 
Экскурсияға 
тек денi толығымен сау адам ғана жақсы барып қайта алатынын 
әркiм-ақ бiледi. Сондықтан қаладан тысқары экскурсияға барарда 
оқушылардың денсаулығын жақсы тексерiп шығу қажет. Жолға 
шыққаннан соң да балалардың ауырып қалуы мүмкiн, бiрақ 
ондайлық қатты ауырып қалу өте сирек болады, онда да тек алыс 
экскурсияларда кездеседi. Ал анау-мынау ауру-сырқаулар аз бол-
майды. Ең көбiрек кездесетiндерiне тоқталайық:
15 шақырымдық жолдың орта шенiне келгенде, «Менiң аяғым 
қажалып қанап қалды» дейдi оқушылардың бiрi. Мұнда алып 


139
бара жатқан ештеңе де жоқ, бiрақ жағдай ауыр. Әрине, оны бол-
дырмауға шара қолдану керек. Ондай шаралар мыналар:
1. Экскурсияға ешуақытта жаңа аяқ киiммен баруға болмайды, 
өйтпегенде 1-2 шақырымнан соң-ақ аяқ қажалып қолдырайды. 
2. Еш уақытта экскурсияға өкшесi немесе тұмсығы жыртық 
ұйық киiп баруға болмайды, жыртық жерлерiнiң шеттерi шира-
тылып, аяқты қажайды. 
3. Жолда аяқты салқын сумен, тiптi, жылы сумен де жууға 
болмайды. Одан кейiн аяқ терлейдi де, соның салдарынан қол-
дырайды және бақайларының арасы үйкелiп терiсi сыдырылып 
қалады. Аяғы терлей беретiндер болса, бақайларының арасын ва-
зелин немесе қойдың таза майымен жақсылап майлаулары қажет. 
Осындай шаралар аяқ қажалмауын қамтамасыз етедi. 
Жолығатын қиыншылықтың екiншi түрi – құрғақ ыстық күн-
дерде ерiннiң жарылуы, бұл жанға өте батады. Ерiннiң жарылу 
себебi: адам кеберсiгенiн сезiп, оны бұрынғысындай жұмсартпақ 
болып жалай беретiн болады. Сiлекейдiң желiмдi массасы (му-
цин) кебедi де, ерiндi одан да жаман кеберсiте түседi. Қайта-қайта 
жаланғаннан кейiн адамның ернiне қатты қабыршақ пайда болып, 
ол барып жарылып, ерiннiң терiсiн тiлiп кетедi. Ондай жа рыл-
ған жерлер өте қатты ауырады және көпке дейiн жазылмайды. Ал 
экскурсияға шығар алдында немесе ерiн кеберси бастағанын сез-
генде, оны таза маймен немесе вазелинмен майлаған болса, он-
дай жағдай болмас едi. Ерiндi кеберсiтпеу үшiн және мұрынның, 
беттiң күнге күймеуi үшiн вазелин немесе май (тұздалмаған) 
жаққан жақсы болады. 
Бiрдеңе кесiп не жыртып кеткен болса, онда йод жағып бай-
лап қою керек. Экскурсия уақытында сусынмен қамтамасыз 
етудiң маңызы зор. Бұрын мәлiм болмаған жерлерден су iшу 
қашан да болса қауiптi. Сондықтан ең жақсысы – оқушылардың 
жолда суды неғұрлым аз сирек iшкенi. Бұл қиын да емес, ол үшiн 
экскурсияға шығар алдында оқушылар тұзды тамақ жемеу керек. 
Жолда шекiлдеуiк шақпау және аузына кәмпит салып, сорып же-
меу керек. Тағы үшiншi шарт, жоспарда белгiленген жерге жет-
кенше сусын iшпеу керек. 
Тоқталатын жерге жетiп, сусын iшетiн уақыт болғанда
мұғалiм алдын ала оқушыларды су алатын жермен танысты-


рып, мынадай шаралар қолданады: егер су өте суық болып, күн 
ыстық болса немесе балалар жүрiстен терлеп, қызып келген 
болса, суды тек 10-12 минут дем алғаннан кейiн iшуге болады. 
Адамның жiгерi даму үшiн өте пайдалы болатын сондай кiдiрiс 
балаларды тұмауратып аурудан сақтайды. Сусынды әдейi соған 
арнап алып шыққан кружкадан iшу керек. Сусын iшу тәртiбi де 
тамақ жегендегiдей балалардың ең әуелi әлсiздеулерi, онан кейiн 
әлдiлеулерi iшедi. 
Дем алғанда дымқыл жерге, әсiресе салқын жерге жат-
пау керек. Экскурсияда жүрiп, суға түсу өте қауiптi. Экскурсия 
уақытында мұғалiм өзiнiң қарамағындағы балалар үшiн толық 
жауапты екендiгiн ұмытпауы керек. Бұрын таныс емес жердегi 
суға балалар түгiлi жақсы жүзе бiлетiн кiсi де суға кетiп қалады. 
Экскурсия уақытында үш баланың бiрден суға кетiп қалғаны 
бiзге мәлiм. Бұл оқиғаның олардың ата-аналарына да, мұғалiмнiң 
өзiне де қандай әсерi тиетiнiн өздерiңiз ойлап қараңыздар. Амал 
қанша ондай жағдайлар кездесiп тұрады. 


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет