Ө. СҰлтанғазин атындағЫ Қостанай мемлекеттік педагогикалық унтверситеті



бет2/3
Дата03.04.2020
өлшемі85,3 Kb.
#61484
1   2   3
Байланысты:
Жұманова Айжамал

Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығын Я.И.Базик, Э.К.Гульяц, Ф.Ждан, Е.Я.Беляеваның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы шарықтап, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, ұжымдыққа тәрбиелеп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді.

Е.Б.Горунович, У.А.Карамзин, А.В.Пантелееваның  мектепке дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыру екі бағытта жүргізілетінін: балалар әр түрлі материалдардан сыйлықтар жасауы; екіншіден топты мерекеге карсы әшекейлеу, көрмені безендіру әрекетері екендігі анықталған [10, 215 б.].  

Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық  және практикалық тұрғыдан дайындау  - бұл қоғам үшін  балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;

Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы  толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара  көмек және жауапершілік нығаяды.

Н.К.Крупская балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берді, «балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек - ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші осы ұжымдық еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді»- деп атап көрсетті .

 А.С. Макаренко балалардың ұжымдық еңбегіне айрықша мән берді, мұндай еңбек үстінде оған қатысушылардың өзара жауапкершілігі пайда болады. «Бірлескен еңбек, ұжымдағы жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұпайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ, - деп жазды ол.

В.И.Логинованың пікіріне тоқталсақ, ересектердің еңбегімен таныстыру мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің басты құралы болмақ. Балаларды күнделікті еңбектің әр түріне қатыстыру, еңбек туралы білімді жүйелі түрде қалыптастыру, еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері мен құралдарының өзара байланыста болуы нәтижелі еңбек тәрбиесінің бұлжымас шарты болып табылады.

Аралбаева Р.К.орыс және қазақ балабақшаларында сәби және естияр топтарындағы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайтудың әдіс-тәсілдерін зерттесе, Т.А.Макеева ауыл балабақшаларындағы әртүрлі топтағы 5-6 жастағы балалардың ересектің еңбегі туралы түсінігін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаған [11, 20-21 б.].

Қазіргі кезде балабақшада еңбекке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

-еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;

-балаларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;

-мамандықты таңдауға дайындау

Еңбек тәрбиесінің балаларды еңбекке даярлауда ерекше маңызы бар, өйткені еңбек үстінде алуан түрлі материалдармен жұмыс істеу қол іскерлігі мен дағдысын дамытады, қолдың бұлшық еттері жетіледі, орындаушылық қабілеті қалыптасады.

Балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыруда іс-әрекетпен, яғни тек қол еңбегінің немесе дене еңбегінің қимыл қозғалысымен шектеу жеткіліксіз. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің барлық іс-әрекетіне, сөйлеген сөзіне сеніммен қарап, шындық ретінде  қабылдайтын болғандыктан, тәрбиешінің баланы еңбекке баулудағы әрбір әдіс-тәсілі мен оқыған шығармасы баланың ақыл-ойында өзіндік із қалдырып отыруы керек. Бала санасында абстракциялық ойлау жүйесі қалыптасып, жетілмегендіктен, олардың естіп, көріп, қабылдағандары ойын міндеттері  де күнделікті іс-әрекетінде көрініс табады [12, 30-31 б.].

         

1.2 Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері


Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен   тығыз байланысты. Бұл өзара байланыс әр   түрлі   формада балалар еңбегінің    көрінеді: ойын ересектердің еңбегін бейнелейді; ойын-өзіндік ерекшеліктері да еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді;   еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі.

Ойындарда ересектердің еңбек әрекеттерін бейнелеу арқылы балалар олардың еңбегіне дұрыс қарауға дағдыланады; жолаушыларға ұқыпты қарайды, түскі тамақтың дәмді болуының қамын жасайды және т.с.с. Мектепке дейінгі сәбилер бұл ретте нақты еңбек әрекеттерін жасамайды: олар машина айдаған, тамақ пісірген сияқтанады.

Ересектеу балалардың ойындарында еңбектену кажеттігі: үстел басында өзі тамақ ішкен ыдысты жуу, қуыршақ қызын шомылдыру немесе оның кірленген көйлегін жуу қажеттігі жиілейді. Мұндай ойын балаларды нақты еңбек әрекетіне итермелейді.

Ойынның барысында (мектепке дейінгі неғұрлым ересек жаста) өзіне алған рольді бейнелеу үшін тиісті атрибуттар: матрос малақайы, жол жүру ережелері, жалаушалар мен фонариктер және т. б. қажет болатын реттерде де еңбектің ойынмен байланысы байқалады. Ойында персонаждардың іс-әрекеттерін неғұрлым толық бейнелеу, өзінің ойын дәлірек жеткізу ниеті балаларды еңбекке араласуға ынталандырады.

Көп жағдайда еңбек ойынмен алмасып отырады. Бала бояулар салынған розеткаларды үстелдерге апарып қояды. Тәрбиешінің үстеліне қайтып келе жатып қолындағы подносты руль етіп ойнап, машинаны   бейнелейді.

Мектепке дейінгі сәби балалардың еңбек іс-әрекетіне тән нәрсе - іс-әрекет процесінің өзіне қызығу. Мысалы, бала өсімдікті суғара сала оған қайта су құя бастайды; үстел үстіне әр балаға қасық қойған соң, екінші рет тағы қоя бастайды.

Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып кояды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру (керекті нәрсенің бәрін дайындап, әрекеттердің қай кезекпен істелетінін белгілеп қою), істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды.

Еңбек үстінде балалар күнделікті өмірде: өзіне-өзі қызмет көрсетуде, тұрмыстық-шаруашылық қызметінде және т.б. қажет болатын алуан түрлі дағды мен іскерлікке үйренеді. Баланың ересектер көмегін керек етпеуі іскерлік пен дағдының жетілуі емес. Оның дербестігі қиыншылықтарды жеңе білушілігі, жігерлі әрекет жасау қабілеті дамиды. Бұл оны қуанышқа бөлеп, жаңа іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге құлшындырады.

Еңбек процесінде балалар маңайындағы заттардың қасиеттерін тәжірибе жүзінде біледі, өсімдіктердің өсуі мен өзгеруін бақылайды, жануарларды көреді, олардың тіршілік жағдайымен танысады және т.т. Олар көрген нәрселерін теңестіреді, салыстырады, «неге» деген шексіз сұрақтарға өз бетімен жауап табуға тырысады. Олардың әуесқойлығы, тануға құштарлығы дамиды. Еңбек балалардың ақыл-ойы дамуының маңызды құралына айналады.

Еңбек қызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың қандай істі болсын ұқыпты орындап, өзінің қолға алағанын әдемі жасау іскерлігі қалыптасады. Олар өсімдіктерді суарып жүріп жаңа ашылған шанақты, мұнтаздай жиналған бөлмені, қуыршақтардың таза жуылған киім-кешектерін көргенде қуанатын болады.

Еңбек балаларды дене құрылысы жағынан да шынықтырады, өйткені оның көптеген түрлері таза ауада атқарылады (жүйек қазу, су әкелу, қар күреу және т.б.). Балалар күш салуға, қиыншылықтарды жеңуге қабілеттенеді.

Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынадай негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді: ересектердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу; қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету; еңбекке ықыластылыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау мотивтеріне, ұжымда және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Балалар бақшасында, отбасында, бала болатын қоғамдық орындарда -барлық жерде бала ересектердің еңбегімен ұшырасып, оның нәтижелерін пайдаланады. Алғашында балаларды сыртқы көріністер ғана: еңбек әрекеттері процесінің өзі, механизмдердің, машиналардың қозғалысы қызықтырады. Балаларды жақын жердегі, содан соң балалар бақшасынан тыс жердегі ересектер еңбегімен дәйекті түрде таныстыру оларда еңбек әрекеттерінің мәні мен маңызы туралы ұғым қалыптастыруға, ересектердің еңбекке көзқарасын, оның қоғамдық маңыздылығын нақты мысалдармен түсіндіруге мүмкіндік береді. Тәрбиеші балаларға еңбек сүйгіш адамның қандай болу керек екенін (ол бар ықыласымен еңбектенеді, жұмысты ақырына дейін апарады), жақсы еңбектену, маңайындағыларға қамқорлық жасау дегеннің не екенін түсіндіреді, оларға еңбек туралы жазылған, еңбектің маңызы мен сұлулығы жарқын, тартымды көрсетілген шығармаларды оқып береді. Балалардың бойында еңбекші адамға құрметпен қарау сезімін, соған ұқсағысы келу құштарлығын қалыптастыра отырып, педагог оларды еңбек нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балалардың ересектер еңбегі туралы білуі олардың бойында еңбекке дұрыс көзқарас қалыртастыруға үлкен ықпал жасауға тиіс, бірақ еңбек қызметімен танысу балалардың өздерінің еңбегімен ұштастырылмаса, оның жай формалды болып қалуы мүмкін. Тікелей еңбек үстінде балалар еңбек жігерін сезінеді жіне нәтиже алу үшін сондай жігер жұмсаудың қажет екенін түсінеді, еңбек сүйгіштік дегеніміз ерікті күш-қайратты, қиыншылықтарды қаймықпай, тапсырылған істі ақырына дейін алып бара білуді қамтитынын сезіне бастайды.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» әрбір жас тобындағы балалар меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктердің көлемін ашып береді. Мәселен, мектепке дейінгі сәби балаларда тұрмыстық-шаруашылық еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырған кезде  тәрбиеші оларға ойыншықтарды ылғал шүберекпен сүртуді, қуыршақ көйлегін шаюды т.с.с. үйретеді. Естияр топтағы балалар ойыншық сүрткен шүберектерді шайып сығады, куыршақтың көйлектерін сабындап жуады. Мектепке дейінгі ересектер ойыншықтарды сабын жағылған губкамен жуады, ұсақ заттарды жуады, сабаққа, еңбекке, ойынға қажетті заттарды дайындайды, содан соң оларды тәртіпке келтіреді.

Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін белгілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынылып отырған еңбектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін, оның тәрбиелік құндылығын, сондай-ақ оны ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс. Балалар өсіп, дамыған сайын олардың қызметінің сапасына, ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талап береді, орындалатын жұмыстың мөлшері ұлғайтылып, қарқыны тіледі.

Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың шамасы келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады, қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады. Мектепке дейінгі балалардың ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз жасап, содан қапаланып калуына жол беруге болмайды, өйткені мұндай жағдайда бала өз күшіне сенбеушілік және еңбектенуге кұлықсыздық пайда болады. Қайта керісінше, баланың дербестік көрсетуге тырысқан әрбір әрекетін көтермелеп отыру оның қиыншылықты жеңуіне көмектеседі, өзінің іскерлігі оны қуаныш сезіміне бөлейді, еңбекті сүйе бастайды.

Мынаны есте ұстау керек: еңбек қол жеткен нәтижесімен, басқаларға келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс [12, 180-181 б.].

Мектепке дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі - оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады.Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс імтей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жстағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі - мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндегі.

Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, т.б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері:

1)Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту;

2)Қарапайым еңбек дағдыларына баулу;

3)Еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу;

4)Көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, тұрмыстық-шаруашылық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбетің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек кызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамығандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші осы балалардың өзінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттенеді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, сәбилердің кейде пайдасыз ықыласының өзін қолдап, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, өздерін киіндірген ересектерге сүйіспеншілік пен сенім сезіміне бөленеді.

Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқаң тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріледі. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларынын арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескерте отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау және т.с.с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге қалыптастырады [13, 115-115б].

Мектепке дейінгі балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолғабыс тигізуге бағытталған. Балалар топтық бөлмеде немесе учаскеде қандай да болса тәртіптің бұзылуын байқауға және оны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек ұжымда қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.

Естияр топта тұрмыстық-шаруашылық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар үстел үстіне ыдыс-аяқты түгел өздері жайғастырады, оқуға қажетті барлық нәрсені дайындайды, қуыршақтардың киім-кешегін жуады, текшелердің шаңын сүртеді, учаскедегі жолдарды сыпырады және т.б. Балалардың ұлғайған мүмкіндіктерін пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып, педагог балаларды еңбекте күш-жігер жұмсау қажет екеніне үйретеді, тапсырылған істі орындауда олардың дербестігін, белсенділігі мен инициативасын дамытады.

Балалар бақшасының ересектер тобында тұрмыстық-шаруашылық еңбек мазмұны бұрынғыдан да молығып, жүйеленеді де көбіне кезекшілердің тұрақты міндетіне айналады. Балалар бөлме мен учаскеде тазалық сақтайды, ойыншықтарды, кітаптарды жамап, жасқайды, сәбилерге көмектеседі. Мектепке дейінгі ересек балаларды тұрмыстық-шаруашылық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде: қажетті құрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар ыждағаттылық, жақсы нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды.

Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі.

Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әр түрлі көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар тозаңдатқышпен өсімдіктерді бүркеді, щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қопсытады.

Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек процесінде балалар жеке кұбылыстар арасыңдағы байланысты анықтауды, заңдылықты аңғара білуді үйренеді. Табиғи құбылыстарды материалист тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жаңды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек істеріндегі дербестігі артады.

Қол еңбегі - алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан. (ағаш бүрінен, емен жаңғағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері собығынан, шабдалы сүйегінен), қалдық материалдан (катушкадан, қораптан), мех, қауырысын, мата қиқымдарын және т.с.с. пайдалана отырып заттар жасау - балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын , атрибуттарын: қайықтар, машиналар, кәрзеңкелер, үйлер, жиһаздар, жануарлар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектендіреді.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен атлаптарына сәйкес еңбектің төмендегі түрлері ұйымдастырылады:

1. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілік (топ бөлмесін, учаскені тазарту). Бұл - баланы еңбекке даярлайтын ерекше іс-әрекет. Бұлардың бәрі баланың күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет қимылдарына үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеңнен бастап өзіне-өзі қызмет ету (өздігінен киіну, шешіну, төсегін жинау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пне реттілікті қажетсінуге, мәдени-гигиеналық талаптарды саналы орындауға баулиды.

Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарында жүргізіледі.

2. Балаларды үй шаруасы еңбегіне, тұрмыстық еңбекке қатыстыру. А.С.Макаренко «Балалар тәрбиесі туралы дәрістерінде» балалардың үй шаруашылығына араласуы оларды көпшілдікке, қамқор болуға, ұқыптылыққа, өзінің жеке заты мен қоғамдық меншікті сақтауға, өз жұмысы мен уақытын дұрыс пайдалануға үйретеді деген болатын. Үй шаруашылығындағы еңбек - бірден-бір өмірлік қажеттілік және оның мақсатын баланың санасына оңай жеткізуге болады.

Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4-5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, ьапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.

3. Табиғат аясында (бақшада, бақта, гүлзарда) еңбек ету - табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөніс өсіру, мал бағу - нәтижесі көрінетін еңбек. Бұл сәбилер тобынан басталады, көбіне таза ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады.

Табиғаттағы күнделікті жүйелі еңбек балаларды өзара біріктіреді, жалпы қызығушылығын, жауапкершілік сезімін дамытады, дағдысын қалыптастырады, білімділігі артып, бақылампаздығы мен ақыл-ой аясы кеңиді.

Бала ағзасы дұрыс өсуі үшін еңбектің шамасы, ұзақтығы, баланың жеке ерекшелігіне сай болғаны дұрыс. Оның психикасының дамуын, шаршауын, еңбек пен демалыстың ауысып келуін қадағалаған жөн.

Баланы еңбекке тәрбиелеу үшін төмендегі шарттар орындалуы қажет: а) еңбек процесінің жүйелілігі және сыртқы жағдайдың, қоршаған ортаның реттілігі, жүйелі болуы. Еңбек әрекетінің бір түрлі жағдайда, бір мезгілде қайталануы балалардың мінез-құлқын ұйымдастырып, берік дағды қалыптасуына мүмкіндік тудырады:

б) тәрбиешінің жеке басының үлгісі топта жалпы еңбек ету ахуалын тудырып, ыңғайлы жағдай жасайды. Тәрбиеші баланың еліктегіштік қабілетін ескере отырып, оған еңбекке жақсы көзқарастың, еңбек сүйгіштіктің, жинақылықтың, ұйымшылдықтың үлгісін көрсете білуі қажет;

в) тұрақты, берік еңбек дағдысын қалыптастыру үшін ересек адамдар тарапынан бала еңбегіне басшылық еткен және талап қоя білген жөн [14,182-184 б.].    


2 Балабақшада балаларға еңбек тәрбиесін берудің әдістемесі

2.1 Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі
Сәбилер тобындағы балалардың еңбек әрекеті - күнделікті тұрмыстағы еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады: 1) өзіне-өзі қызмет ету; 2) балалар ұжымының мүддесі мен қажетін қанағаттандыратын қоғамдық мәні бар еңбек (кезекшілік, сабаққа дайындалу, топ бөлмесі мен учаскені тазалау, т.б.). Балалардың беті-қолын жууы, құрғатып сүртуі, гигиеналық дағдылары мен дербестігін тәрбиелеуі, бастаған ісін аяқтауы - осының бәрі ларды белгілі бір еңбекке даярлайдыү Еңбектің бұл қарапайым түрлері күнделікті қажеттіліктен туады. Тәрбиеші балалардың дамып, жетіліп келе жатқан санасына, әр қилы іс-әрекетке қызығушылығына сүйене отырып, өзін-өзі күтуі дағдыларын қалыптастырады [15, 77-85б].

Бұл кезеңдегі балалар дағдысының қалыптасуында шартты байланыстардың құрылуына мүмкіндік тудыратын жағдайлардың (күн тәртібі, сыртқы ортадағы реттілік) барлығын қатаң сақтау қажет. Өзіне-өзі қызмет ету үнемі бір жағдайда, бір мезгілде, белгілі бір жерде, өзінің орындығы мен шкафының жанында, қатты дауыстар мен өзге кісілердің көзінен тыс, жайбарақат жағдайда өтуі керек. Осы әрекеттеріне де жиі-жиі ойын элементтері еніп отырады. Балабақшада балалардың еңбегі негізінен үш түрлі формада ұйымдастырылады: тапсырма беру, кезекшілік, бірігіп істейтін еңбек. Тапсырма балаларға жас ерекшелігіне сай беріледі (жеке, топпен, шағын топпен, т.б.). Тапсырма ұзақ не қысқа мерзімді, қарапайым және күрделі болады. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы» (қасықты алып кел, кітапшаны орнына қой, гүлді суар, балыққа жем сал, құсқа су бер, т.б.) жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды дұрыс орындаудан балалар бақылауды үйренеді, қарапайым білім алады, сол туралы түсінігі молаяды. Тәрбиеші мен күтушінің күнделікті жұмысын балалардың бақылауы олардың еңбек етсем, көмектессем деген ішкі ниетін тудырады, көтеріңкі көңіл күйін, сергек қалпын сақтайды.

Жеке тапсырмалармен қатар топпен орындайтын тапсырмалар да беріледі. Көпшілікпен істейтін еңбектің мақсаты өте қарапайым болып, еңбекті орындау нәтижесінен әрбір бала қуаныш, ләззат алатындай етіп ұйымдастыру керек. Бұл жастағы балалар зейінінің тұрақсыздығын ескеріп, оларға алғаш бір мезгілде орындалатын жұмыстар берілуі тиіс [16, 125б] .

Естиярлар тобындағы балалар еңбегінің түрі баланың дамуына байланысты өзгереді, күрделенеді. Бұл жаста тежелу процесі, ырықты зейін едәуір дамиды. Мінез-құлқының күрделі жақтары қалыптасып, қимылын мақсатқа бағыттай игеру қабілеті көрініс табады. Осы өзгерістерге байланысты балалардың еңбегі белсенді және дербес сипат алады. Балалардың өзіне-өзі қызмет етуі, шаруашылыққа араласуы тұрақты бола бастайды, еңбектің көлемі мен мазмұны кеңи түседі, жауапкершілігі артады, көпшілік үшін еңбек етудің мәні ұғынылады.

Бұл топтағы тәрбиешінің басты міндеті балалардан топ бөлмесі мен учаскедегі тазалық пен тәртіпті сақтау, Бірте-бірте тапсырман дәл, ұқыпты орындауды талап ету, саналы түрде ерік күшін жұмсай орындайтын еңбектің түрін ендіріп отыру.

Балалар күнделікті асханадағы кезекшілікке тартылады - бұл көпшілік үшін орындалатын міндетті еңбек. Балалар кезекшілікке бірте-бірте тартылады. Тәрбиеші әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, еңбегін әділ бағалайды, біртіндеп кезекшілік жұмысының аясы кеңейіп, түрі көбейе түседі. Асханаға, дастархан жабдықтауға, сабақ әзірліктерін жасауға кезекшілік, топ бөлмесі мен учаскені, ойыншықтарды жинау кезекшілігі, табиғат бұрышындағы кезекшілік сияқты балалардың қоғамдық сипаттағы дағдысын жетілдіруге, көпшілдікке тәрбиелеуге, ерік күші мен тапқырлығын дамытуға жағдай жасайды. Кезекшінің міндетін бірте-бірте күрделендіріп отыру керек. Тәрбиеші баланы кезекшінің міндеттерімен таныстырып, түсіндіреді, ұқыптылықпен, адал орындауға баулиды. Балалардың сабаққа дайындық жасау кезекшілігі жылдың екінші жартысынан бастап енгізіледі (үстел үстіне оқуға керекті көрнекті құралдарды, т.б. ұқыпты жайып қою). Бұл үлкен дербестікті талап етеді. Кезекші барлығына қамқорлық жасауға тиісті. Аса маңызды адамгершілік қасиеттер: басқаға қамқорлық жасау, жолдасына пайдасын тигізу ниеті осылайша қалыптасады [17, 56-58б].

Тәрбиеші топтағы балаларды ересектердің еңбегіне (күтуші, аспазшы) ден қоюға, көмектесуге баулиды, қоғамдық еңбектің маңызы туралы алғашқы түсінік қалыптастырады. Балаларды дербес жұмыстарға үйретеді, әуелі тәрбиеші өзі көмектеседі, олардың орындалуын бақылай отырып, еңбектерінің нәтижесін көрсетеді, алайда балаларға тапсырманы көп беріп, жұмысбасты етуге болмайды.

Ересектер тобында тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғаттағы еңбек, еңбектің көпшілікпен орындайтын түрі әрі қарай жалғастырылады. Топ бөлмесін, учаскесін тазалау, егісті жинау, мерекеге залды безендіру, кезекшілік, т.б. бірігіп істейтін еңбек, қол еңбегі көрініс табады. Табиғаттағы алуан түрлі еңбек балалардың білімқұмарлық, бақылағыштық, тұрақтылық сияқты адамгершілік қасиеттерін жетілідіреді.

«Шаруашылық еңбектің бәрі қызықты бола бермейді. Тәрбиеші балаларға қызықты болмаса да, орындау қажеттігін мұқият түсіндіреді. Балаларды тек қызықтыратын іспен ғана емес, қызықтырмайтын іске де үйретіңіздер - өз міндетін өзінің керегі деп орындайтындай б олсын. Сіздер баланы өмірге дайындайсыздар, ал өмірдегі міндеттердің бәрі қызықты емес» - деп К.Д.Ушинский өз еңбегінде атап айтқан екен [18, 315б].

Мектепке даярлық тобында «құрылыс жұмысына» жоспар жасай білуге, жұмысты бірізді, рет-ретімен орындауға үйретеді, ұқыптылыққа, дәлдікке, ойлап істеуге баулиды, бір затты тұтас жасап шығатындай тапсырма беріледі, заттың бір бөлшегін ғана орындау оларды қанағаттандырмайды.

Мектепке даярлық тобындағы балалардың алдын қойылатын міндет -оларды мектепке даярлау. Олардың дербестігін, саналылығын, қызығушылығын, жаңа әдеті мен дағдысын игеруге құштарлығын дамыту, балалар тобының арасында ішкі еңбек қатынасын тәрбиелеу, нығайту ерекше орын алады. Бұл жаста еңбектің түрлері, мазмұны, мәні күрделене түседі. Бала өмірінде қоғамдық пайдалы еңбек үлкен орын алып, қол еңбегі ерекше оқшауланады. Бұрынғы игерген дағдылар сапалы, саналы сипат алып, беки түседі. Бұл кезеңде балалардың еңбекке талпынысы мен құштарлығын жетілдірудің алғышарттары мыналар: 1) осының алдындағы топтарда балаларды еңбекке баулудың жүйелі жүргізілуі; 2) балалардың еңбегіне деген отбасындағы, балабақшадағы үлкендер мен тәрбиешінің дұрыс қарым-қатынасы, сенім білдірілуі, өзінің және балалардың еңбегін құрметтеуі, жауапкершілікті сезінуі; 3) еңбекті орындау барысында белгілі дәрежеде күш жұмсауы.

Мектепке даярлық тобында кезекшіліктің жаңа түрлері: ұйықтайтын бөлмедегі, учаскідегі, бақшадағы, қуыршақтар мен ойыншықтар бұрышындағы, кітап бұрышындағы кезекшілік, жыртылған кітаптарды, қораптарды жөндеу, түрлі материалдан ойыншық жасау қосылады. Бұл белгілі бір жоспар бойынша топтағы балаларды түгел қамти отырып, тәрбиеші жеке бала еңбегінің өзге балалардың еңбегімен байланысты екенін, олар тек тәрбиешінің алдында ғана емес, бүкіл балалар ұжымының алдында жауапты екенін ашып түсіндіреді [19, 185-187б].

Еңбек процесін ұйымдастыруда балалардың жасы өскен сайын тәрбиешінің әдісі мен тәсілі де өзгереді. Балаларға тапсырманы орындату кезінде нақты көмек берудің орнына тәрбиеші жанама еске түсіру, ақыл-кеңес беру әдістерін қолданады, сөйтіп жеңіл міндеттерді дербес шешуге бағыттайды. Ересек балаларды «үйренсем» деген ішкі ниет пайда болады. Бұл еңбек әрекетінің негізі болып есептеледі, тәрбиеші осыған сүйеніп жүйелі, бірқалыпты, белгілі мөлшерде тәрбие жұмысын жүргізеді.

Тәрбиешінің негізгі әдістемелік тәсілі - жұмысты түсіндіру, көрсету, үйрету. Жаңа дағдыны игеру балаға қиыншлықты жеңу қуанышын әкеліп, еңбекке, қоршаған ортаға, үлкендер мен балаларға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады [20, 58-66б].

Балалардың еңбегі дербестігімен ерекшеленеді және сөзсіз тексеріліп отырады. Кезекшінің жақсы жұмысы мадақталады, кемшіліктері мен қателіктері көрсетіледі, оны түзетудің жолдары айтылады. Әр кезеңде тексеру формасы өзгеріп отырады: мысалы, кезекшіні жұмысына әңгіме - талдау, өз жұмысы, өзгелердің жұмысы жайында қорытынды жасау, кезекшілікті балалардың алдында тапсыру. Кезекшілікті қабылдап алатындарға не нәрсеге көңіл бөлу қажет екенін де айтылады. Тәрбиеші балаларды бір-бірінің жұмысын тексеруге, оның нәтижесін бағалауға, өзіне және жолдастарына талап қоюға, бір-біріне қолғабыс тигізуге баулиды. Тәрбиеші жұымсының тағы бір тәсілі кезекшімен қысқа әңгіме жүргізіп, жұымысына бағыт береді, тапсырылған жұмысқа байланысты білімді хабарлайды, міндетін анықтайды, орындау тәсілін үйретеді, жолдасының жұмысына көңіл бөлу, қамқоршы болу, өзін-өзі бақылау, саналы қарау сезімін оятады.

Бұл кезеңдегі балалар техникаға құштар келеді. Көп нәрсенің (ұшақтың, машинаның, т.б.) тетігін жасай алады, сондықтан тәрбиеші оларға әр түрлі ойыншық телефон, диірмен, бағдаршам, радиоқабылдағыш, теледидар және т.б. жасауды үйретеді. Құрастыру ойыны топпен және жеке ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, көрсетеді, бірақ бала үшін өзі істемейді. Бала бір затты жасау үшін ойланады, салыстырады, талдайды, пікір таластырады. Тәбиеші оны шешім жасауға, ойлануға баулиды [21, 95б].

Балалардың желімдеу, жапсыру, бояу, құрастыру, сурет салу, т.б. дағдыларын ойын барысында меңгертудің маңызы зор. Мектепке даярлайтын топтағы балалар тігу және кестелеумен де шұғылданады. Олар ине сабақтауды, жіп түюді, қайшымен қиюды, түйме қадауды, қарапайым тігіспен кестелеуді өздігінен істей алуы керек. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесінің нәтижесінде тәрбиеші шәкірттің еңбекке деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді.

Еңбек тәрбиесі балалардың эстетикалық талғамын дамытып, сұлулыққа, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық және жеке еңбектің барлық түрі, олардың нәтижесі балаларды қанағаттану сезімін, еңбекке жақсы қарым-қатынасын тудырып, ақыл-ой, қиял, шығармашылығын дамытады, дағдыларын қалыптастырып, ересектердің еңбегін бағалауға үйретеді, сөйтіп оларды мектептегі еңбекке даярлайды.

Балабақша мен отбасының бірлесе жүргізген тәжірибе жұмысы ғана еңбек тәрбиесінің дұрыс іске асуын қамтамасыз етеді. Педагогтер ата-аналар жиналысында, олармен жеке әңгімелескенде «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» талап-тілегімен таныстырады, үйде балаға еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жайлы ақыл-кеңес береді. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты отбасында ұйымдастыратын еңбектің түрлері жайлы ата-аналарға нақты тапсырмалар беріп, балаға үйде де, балабақшада да бірдей талап қою қажеттігі айтылады.

Тәрбиеші балалар жұмыстарының көрмесін, фотокөрмелер ұйымдастырып, ата-аналарға қажетті педагогикалық әдебиеттер, мақалдар ұсынады, сөйтіп балалар еңбегін көрсетіп отырады [22,85-88 б.].

2.2 Балабақшадағы еңбек тәрбиесіне байланысты жүргізілген жұмыстар


Осы орайда біз Қостанай қаласының №9 Балабақшада еңбек тәрбиесіне байланысты сауалнама жүргіздік. Біздің ол жерде басты мақсат- балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орнына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету. Үлкендердің көмегімен гүлдерді суару, ағаштарға су құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды қойып шығу сияқты жұмыстарды үйрету. Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Балаларды алдына мақсат қоя білуге, оған жетуге үйрету жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Балалардың қызығушылығын оятатындай қызықты сұрақтар қарастырдық:



-Балалар сендер таңертен төсектеріңді жинайсындарма?

-Ағаштарға су құясыңдар ма?

-Ойнап болған соң ойыншықтарыңды жинайсыңдар ма?

-Тамақтың алдында қолыңды жуасың ба?- деген сұрақтарды сауалнама ретінде қарастырдық.

Сауалнаманың өту барысы:

Балаларды екі топқа бөліп, ойынға ұйымдастыру.

1. Қызығушылығын ояту

˗ Балалар, сендерді екі топқа бөліп яғни «Балапан » тобы және «Байшешек» тобы деп, топ бойынша топтағы адамдар жеке- жеке сұрақтарға жауап береміз. «Балапан» тобында 6 бала, ал «Байшешек» тобында 6 бала етіп бөліп сауалнамаларды біртіндеп жеке қоя бастадық. Сауалнаманны бітіріп онын нәтижесін шығардық.

Бағалау критерийлері:

5-4 балл- жақсы

3-2 балл- орташа

1-0 балл- төмен

«5» - сауалдардың барлығына жақсы жауап берген балаларға;

«4» - төрт сауалға да жауап берген, бірақ нақты, толық емес;

«3» - үш сауалға жауап берген балаларға;

«2» - екі сауалға жауап берген балаларға;

«1» - бір ғана сауалға жауап берген балаларға;

«0» - барлық сауалдарға мүлдем жауап бере алмаған балаларға;

Сауалнама нәтижесі:




Балапан тобы



Аты - жөні

1-сұрақ

2-сұрақ

3- сұрақ

4- сұрақ




1

Асанов Арман

5

3

1

4

2

Әуезханова Күнімай

3

2

5

0

3

Садулла Аида

4

5

2

3

4

Молдахан Жанерке

2

3

5

5

5

Елеуханова Айдана

4

5

3

2

6

Әсетов Бекжан

5

3

2

5

Барлығы:

23

21

18

19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет