Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения


-тарау.Мектепке даярлық тобы (6 жастан 7 жасқа дейін)



бет25/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
6-тарау.Мектепке даярлық тобы (6 жастан 7 жасқа дейін)

Параграф 1. «Қатынас» білім саласы

Тіл дамыту
110.Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері). Сөздіктің көлемін ұлғайту жекелеген іс-әрекеттерді нақтылау, талдау есебінен жүргізіледі.

111. Дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін).


Параграф 2. I -жарты жылдық

112. Қатынас:



  1. ойынға, тапсырмаға, адамға, болып жатқан жағдайға деген қатынасын білдіру;

  2. жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилінің өзгеруі;

  3. жақсы меңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста ауызша сөйлеу тілін пайдалану;

  4. ауызша сөйлеу тілінің көмегімен құрдастарымен ақпарат алмасу;

  5. ересек адамдар мен бейтаныс адамдарға «сіз» деп сөйлеу;

  6. топтағы басқа балалардың орындаған тапсырмаларын бағалау;

  7. кіші жастағы балалар мен құрдастарын қолдау, жұбату, мақтау;

  8. қатынастық дағдыларды тәжірибеде пайдалану: сәлемдесу; кешіру; жолдау; қолдауды өтіну; көмек сұрау; қолдау; көмек; қызмет көрсету; алғыс айту, қабыл алмау, кешіру;

  9. алғыс айтуды білу, ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұрау.

113. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. сөйлеу барысында өзге тілді таныс емес сөздерді бөлу;

  2. «дыбыс», «әріп», «сөз», «буын», «дауысты дыбыс», «дауыссыз дыбыс», «жіңішкелік белгісі», «жуандық белгісі» сөздерінің мәнін түсіну;

  3. дыбысталуы бойынша жақын сөздердің мағынасын ажырату;

  4. таныс өлеңдер, әуен, ертегілерді бірінші сөйлемінен тану;

  5. мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасының түсіну.

114. Айтылым:

  1. құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилдісөйлеу тілін қалауынша пайдалану;

  2. жұмбақ, жаңылтпаштарды, өлең шумақтарын жатқа, мәнерлеп оқу;

  3. өлеңді мәнерлеп оқу;

  4. сөйлеу тілінің әртүрлі түрлерін қолдану;

  5. есімдіктерді қолданып, зат есімдерді септік, жіктік, көптік, тәуелдік жалғауларында түрлендіру;

  6. сын есімдерді септік, жіктік, көптікжалғаулармен түрленген зат есімдермен қолдану;

  7. айналасындағы заттарды сипаттау (гүлдер, ағаштар, құстар, жануарлар);

  8. заттардың және кейіпкелердің реттілігін сақтап, сюжетті суреттерді сипаттау (10 сөйлемге дейін);

  9. тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен немесе өз бетімен дауыстап оқылған қысқа мәтіндер мен ертегілерді бірізділікпен, кідірмей мазмұндау;

  10. заттардың сапасы толық айтылған сөздермен сөзік қорды толықтыру (материалдар, пішін, түстері, көлемі);

  11. сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;

  12. жетекші сұрақтардың көмегімен кеңейтілген пікір айту;

  13. берілген тақырыпқа сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау (10 сөйлемге дейін);

  14. оқиғаны (сюжетті) толықтырып, сурет, суреттер топтамасы бойынша әңгімелеу (бұрын не болған, енді не болды?);

  15. қарапайым жоспарды сақтай отырып, сюжетті суреттерге сипаттама беру;

  16. объектілердің елеулі белгілерін тауып,заттарды салыстыру;

  17. келеңсіз жағдайда (шаршадым, ыстық) және құрдастарының іс - әркетіне (ойыншықты бермейді) шағымдана білу;

  18. бірізділікпен қисынды байланыстырып, өз өміріндегі қарапайым жағдайларды әңгімелеу;

  19. зат есімді сын есіммен, есімдікпен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолдану;

  20. зат есімді сын есіммен, сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрде қиыстырып қолдану және бірыңғай зат есімге қатысты анықтауышты табу;

  21. сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолдану икемділігі (зат есімнің септелуі, жекеше және көпше түрлері);

  22. сөз арасында сұрақтар, ниеттер, хабарламалар, терiске шығаруларды қолдану;

  23. етістікті өткен, осы, келер шақта қолдану;

  24. сөздердің мағналарын олардыңның салыстыру процесінде анықтау.

115. Оқылым, жазылым:

  1. жазба нұсқаулық бойынша түрлі тапсырмалар орындау;

  2. тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;

  3. үйде, серуенде, топтағы балалардың өміріндегі жағдаяттарды суреттеу (балама сұрақтар қою, сурет салу, жағдайды көрсету арқылы);

  4. өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқу;

  5. хат және құттықтау қағаздарын жазу;

  6. сөзден дауысты (екпінді) дыбысты табу;

  7. дағдыларды меңгеру:сөздерді бөлек жазу, адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу;

  8. сөздерді буынға бөлу, бір буынды, екі буынды сөздердің буындық сұлбасын құру;

  9. кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, соған сәйкес суреттерді таңдау, мазмұнға сәйкес сурет салу;

  10. жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырып немесе керісінше мәтінді оқу.

Тақырыптық сабақ үлгілері: негізгі 25 тақырып.

Үлгілік сөздік: 1-4 жылға арналған сөздік. Жаңа сөздер, басқа тілдерден алынған сөздік. (қазақ тілді емес). Қазақстан. Астана. Алматы. Ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік мерекелер. Наурыз. Әскер. «Құрылғы және қазақтың киіз үйінің ішкі жабдықтары», «Ұлттық киімдер мен әшекейлердің атрибуттары» сөздер тобынан.

116. Күтілетін нәтижелер:


  1. құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилді сөйлеу тілін пайдаланады;

  2. сөйлеу барысында өзге тілді (қазақ тілді емес) таныс емес сөздерді ажыратады;

  3. тапсырмаға, болып жатқан оқиғаларға, ойынға, адамға деген қатынасын білдіреді;

  4. құрдастарының жағымсыз әрекеттеріне шағымданады;

  5. жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырады немесе керісінше;

  6. тақырыптық топтамалар бойынша сөздерді сөздікке жазады;

  7. жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилін өзгертеді;

  8. зат есімді сын есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады;

  9. зат есімді сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады;

  10. кешірім сұрайды, ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды;

  11. берілген тақырып бойынша сюжетті суреттерді, үйдегі жағдайды әңгімелейді;

  12. өз бетінше хат және құттықтау қағаздарын жазады;

  13. өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқиды;

  14. таныс көркем шығармаларды бірінші сөйлемінен таниды;

  15. сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолданады;

  16. мәтінді оқиды, безендіреді, суреттейді, оқыған мәтінді драмалайды;



Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет