Қобыз пәнінің II санатты мұғалімі



бет6/12
Дата08.07.2017
өлшемі2,24 Mb.
#20834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ІІ. Негізгі бөлімі 

1.Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі 

Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі 
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады.Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға,тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. 

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады. 
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау,теориялық,ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру,ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке,елжандылыққа,саналыққа,адамгершілікке,имандылыққа,еңбексүй-гіштікке тәрбиелеу.Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.[16]

Қазақтың күй дәстүрі атадан балаға мұра болып жеткен құдіретті өнер.Қазақ халқы таңды-таңға асырып күй тыңдауды үлкен дәстүрге айналдырған.Күйді қастерлеп, қадір тұтқан. Күй арқылы айдаһар жыланды арбап,ботасы өлген нарды да иіткен.Қазақта көнеден жеткен мынандай бір күй-аңызға құлақ түрейік!

Ертеде бір шалдың мал дегенде жалғыз түйесі болған екен.Күндердің бір күнінде әлгі түйе боталап,қос күндік болғанда ботасы ауырып өледі.Нар түйе

боздап ботасын іздеп шарқ ұрады.Екі көзінен жас ағып, желіні ісіп, сауып алайын десе иімей қояды.Сонда шал елдің ақылгөй дана қартынан ақыл сұрайды.Сонда ақылгөй дана қарт:«Мұны тек күйдің сазымен иітуге болады», - дейді.Дананың бұл айтқан сөзі елге тарап та кетеді. Мұны естіген халықтың арасынан нарды иітеміз деп көптеген күйшілер жиналады. Бірінші

кезекті жасы сексенге келген қарт күйшіге береді.Сонда қарт күйші домбырасын алып: «Көс-көс маям,көс маям. Айналайын, айналайын. Жаным, жаным»,-деп домбыраға тіл бітіріп, ботасының боздаған даусын домбырамен тартқан кезде,нар иіп қоя береді.Нарды сол сәтте сауа бастайды.Мұны көрген халық қарт күйшінің өнеріне тәнті болып, күйдің құдіретіне бас иеді.Қазақ халқы мұндай көне аңызға құрылған күйлерді аңыз-күйлер деп атап кеткен.

Педагог үшін де,орындаушы үшін де,ізденуші үшін де,кәсіби музыкант болу процесінде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады.Өз әрекетінде міндетті түрде психологиялық аспектісімен шұғылдану қажет.

Қазіргі ғылым,адам өзінің әрекет процесінде үштен бір,не төрттен бір қабілетін, мүмкіншілігін пайдаланады.Сондықтан,психологиялық механизмді біле тұра – өзінің әрекет деңгейін көтере алады. Әрине, психология саласын біле тұра,өз бетінше қабілетін дамыта алмайды,бірақ та потенциалын қолдана алатыны сөзсіз.[9]



2.Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы.

Музыка мұғалімінің кәсіби-маңыздылық сапалығы

Музыка сабағы өнер сабағы ретінде өте маңызды. Бұл тұрғыда музыкалық, педагогикалық, және басқа да білім, дағды мен икемділік қажет,онсыз музыка сабағы болмайды.Ең қажеті мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқушыларды музыкамен қызықтыра алуы, музыканы ләззат ала орындауға, тыңдауға деген сезімін оята білуі.Музыкант-мұғалімде «интелегентный» деген қасиет болады.«Интелегент» - тұлғаның негізгі бөлігі болып табылады. Өйткені - ол музыкант. Сондықтан музыка мұғалімінің қасиетіне жататыны:

- музыкалығы, өзін музыкант деп санауы;

- балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы;

- кәсіби ойшылдығы мен өзіндік сезімі;

- музыкалық-педагогикалық сезгіштігі;

- мұғалімнің әртістігі;

- музыка мұғалімінің тұлғалық позициясы.

Ең негізі,музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру – оның әдіснамалық мәдениеті.Әдіснама – ғылымның бір саласы, ізденіс жолының әдісі ретінде қолданылады.Әдіснаманың оқу-ізденіс жұмысында алғаш рет аннотация,рецензия,баяндама дайындау болса,келесі ізденістің шыңы – шешім,гипотеза, нәтиже ретінде кәсіби әрекетінің жетілуі.

Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас.Мақсаттары, функциясы,қазіргі талап,қатынас әдісі

Мұғалімнің кәсіби сапалылығы мен қасиеті – музыка сабағында жалпы сыныппен қарым-қатынасының икемділігі және әр оқушымен жеке қатынасы. Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының бір бөлігі ретінде қаралады да,ол функция жүйесі ретінде қалыптасады.



Мотивациялық элемент – музыкалық - педагогикалық қатынастың негізі (көркем - эстетикалық табиғаты).

Мазмұнды-мағыналы – көркем - коммуникативтік мақсаты ретінде қаралады.Ол – көркем - эстетикалық бағыт,мұғалім мен оқушының музыкалық қатынас ерекшелігі,және де ең негізі – музыка сабағында коммуникативтік эстетикалық ситуацияны жасау.

Музыкалық - педагогикалық қатынасқа музыкалық-орындаушылық элементі жатады.Олар: музыка мұғалімінің елесі, функция, эмпатия, рефлексия,зейіні,аффектілік есте сақтау,мимика,пантомимика,өз-өзін ұстау және музыкант-педагогтың көркем-интеллектуалды саласындағы тұлғалығы.[5]



Еріктілік – психологиялық категория.Еріктілік әрекетіне талдау және жіктелісі.Еріктілік деген – адамның өз мақсатына жету жолындағы кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерден өте білу,адамның ерекше мінездемелік қасиеті.Еріктілік деп мақсат бағытындағы адамның өзінің қиыншылықтарын жоя алатынын,өз мінез-құлқын ұстай білетінін,жүріс-тұрысын бақылай білетінін айтамыз.Еріктілік әрекетінің психологиялық логикасы: маған керек мен істеймін, ештеңеге қарамай міндетті түрде жасау керек.Ол істегісі келе ме,жоқ па,оған қарамай қандай іс әрекет болмасын,ол істеу керек.

Еріктілік импульс адамның сана сезімінен келеді,не іштей сезімінен болады.

Еріктілік феноменді екіге бөлеміз:жай және күрделі.Жай еріктілік күнделікті өмірде кездеседі – жұмыс істегім келмесе де,оны атқарам деу, үйренген музыкалық шығарманың қиын кездерін меңгеру,оқушыдан берілген тапсырманы сұрау түрінде болады.Музыкадағы кішкене де болсын мәнерін қадағалау үшін ерікті түріндегі ынтасы керек.

Күрделі ерік (әрекетінің кешені) тұлғадан өмірлік қажеттілікті, мақсатты, маңыздылықты талап етеді.Жас адам өзіне мақсат қояды:«Мен беделді жоғарғы оқу орнына түсемін,жауапты халықаралық конкурсқа қатысамын, емтиханда күрделі шығарманы дайындап, алдарыңызда естіртемін» - деп. Бірақ қандай қиыншылықтар кездесетінін біле тұра, мұндай шешімге келу қиын, қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік болуы мүмкін. (Істегім келеді, бірақ қорқамын. Істегім келмейді, бірақ істеу керек).

Осы қорқынышпен,сенімсіздікпен ерік күресе білуі қажет,оның ең маңызды функциясы,міндеті - осы.

Алған міндетті әрекет негізгі міндетіне айналады.Еріктік үрдіс адамның сұранысына,қызығушылығына,құштарлығына,тұлғалық құндылығына байланысты.



Мінез - психологиялық категория. Мінез типологиялары.

Ертеден мамандардың байқағаны,тек бірыңғай музыканттар ғана эмоционалды қарым-қатынас жағынан өздерін жарқын көрсете білген. Басқаларында кәсіби жетістіктері анықталып,интелектуалдық бастау алады. Ал келесіде өзіне міндеттелген іс-әрекеттер қасиеті еркінен сезіледі.Мінез классификациясы жөнінде ғалымдардың көркемдік-шығармашылық әрекетіндегі түрлері жайында айтады.



Сазды,әуенді есте сақтау– бұл бірнеше қабілеттердің бірігуі болып табылады. Сазды есте сақтау компоненттері : 

1.Моторика 
2.Бейнелеу:көру арқылы , есту арқылы. 
3.Сазды–логикалық 

1 . Баланың есте сақтау қабілетін жас кезінен бастап жүйелі түрде дамыту керек. Шыны керек практикада баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін, барлық шығарманы жатқа ойнау керек деген жалған түсінікпен кездесеміз. Дегенмен жатқа ойнай білу үшін алдымен шығарманы нотаға қарап ойнай білу керек.Шығарманы саусақтар әбден жаттыққанша нотаға қарап ойнау керек.Әрине бұл есте сақтау түрлерінің бірі моторлы болып саналмайды, себебі сазды есту қабілетісіз мулдем еш нәрсе жатқа ойнауға болмас еді. Кейбір композиторлар дәлірек айтсақ неміс композиторы Ганс Фон Бюлов моторлы – механикалық есте сақтау қабілетін – саусақтардың механикалық танымы ` деп санаған.Барлымызға белгілі аспапты тек асқан шеберлікпен қолдана білетін және табиғатынан шебер әрі жылдам саусақты орындаушының ғана жұмыстары тез әрі жеңіл орындалады.Бірақ анығында моторлы түрде есте сақтау қабілеті де сенімді емес,себебі ол ноталық мәтінді анализ жасау негізіне қарағанда бірнеше рет қайталауды қажет ететіндіктен уақытты екі есе көп алады,сонымен қатар тыңдау бейнесі мен сазгерлік ойлау қабілетін тұмшалайды.Домбырашылар мен қобызшылардың аспабымен ондағы механикалық ойынды ескере отырсақ үнемі тыңдалу кезіндегі бейнені,іштей дыбыс деңгейін шығарманың көңіл- күйін мүмкіндігінше сезіне біле алмауы қауіпі сақталып тұрады.Жақсы дамыған есту қабілеті ғана сазгерлік шығарманы сәтті есте сақтай алудың негізі болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың алғашқы кезеңінде нота грамотасымен танысуын қолданбау керек.[23] 

2.Есту қабілетін дамыту – оқытудың аса маңызды алғашқы кезеңі. 
Шығарманы есту қабілеті арқылы орындап келтіру және басқа дыбыс деңгейіне тасымалдау – оқытудың алғашқы кезеңдерінің негізгі жұмыстарының бірі оқытушыға шығарманы орындау кезіндегі іс – қимылдарына назар аударуға және баланың сазгерлік ой – өрісінің дамуына мүмкіндік береді.Ырғақтық заңдылықтарды бастапқыда қозғау міндетті емес,себебі ырғақ –көру , есту қабілеттері арқылы және мәтіндегі ұзақ – қысқа дыбыстардың салыстыруы арқылы қабылдайды.Нота граммотасына үйренудің ең ыңғайлы жолы деп оқушының өзінің ойнатын шығармасының көшіруі болып табылады.Жас ерекшелігі кіші балалармен жұмыс істеу кезінде ең қолайлысы шығарманы ойнай отырып әндету.Ішінен болсын немесе дауыстап тұрып әндетіп ойнау есте сақтау қабілетін барлық кезендерде жақсы дамытуға мүмкіндік береді.Кішігірім ырғақтық сазды құрылымдарды есте сақтауға көмектеседі.Яғни ішінен немесе дауыстап тұрып әндету – есте сақтау қабілетін барлық оқу кезеңдерінде дамытуға көмектеседі. 
Жалпы есту қабілеті арқылы кішігірім сазды құрылымдарды есте сақтау үшін аналитикалық ойлау қабілетіне сүйенуге яғни талдауға тура келеді. Баланың жас кезінен бастап аналитикалық ойлау қабілетін дамыту керек. Бұны венгр оқытушысы Маргит Варро ‘ интеллектуалды есту қабілеті ’ деп атаған. . 
Интеллектуалды есту қабілетін қалай дамыту керек?Ол үшін сазгерлік шығарманың қалай құрылғанына мүмкіндігінше ерте назар аудару керек. 
Кез - келген сазгерлік шығарманы талдау үшін төмендегі берілген кезеңдері арқылы пайдалануға болады. 

1.Салыстыру – айырмашылқ – ұқсастық 
2.Әуендік тізбектің анализы 
3. Әуеннің жалпы құрылымдық бөліктерін ойнау[2] 

Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі.Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:

1.композитордың,орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты;

2.композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;

3.музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.



Музыкалық қабылдаудың түрлері.Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты қойып отыр:

1.парапар қабылдауының шарты бойынша музыкалық тіл

жетіктігін меңгеру;

2.түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту

қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру;

3.музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және

қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы;

4.музыкадағы өзгерістерді білу - тақырыптық ұқсастығы,

айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың бейнесі.[18]

Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн.

Музыка тыңдауда:

- кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады);

- ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.);

- қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т.с.);

- аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр);

- теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ, музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т.б.);

Ең негізі – көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына,эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.

Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының айырмашылығы.

Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары, нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі – ол: бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы партитура ретінде (түрінде) елестетуі.Табиғат берген есту сезімі әртүрлі деңгейде дамиды, жағдайға байланысты.



Композитордың қабылдауы – музыкалық қабылдаудың ерекше түрі. Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс - тәсілдерінің негізгі жолы - өзі музыка жазуы.

Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі.

Музыканың алғаш шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі.

Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері.

Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.



Интонацияны–әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады,дамиды.Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация,оны қалай сезінемін,оны қалай жеткіземін...Оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады.

Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты.Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс,мықшыңдаудың дәрежесі.



Интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі.

«Музыкалық қабілеттілік» түсінігі.«Музыкалық әуесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі.Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы).Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.[18]

Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.

Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады.Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады.Оған музыкалық есту сезімі,музыканың сұранысы,музыкалық әсерлігі,музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.

«Амузия»деген ұғым - керісінше,музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын,ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды(қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).

Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.

Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық),музыкалық форманы сезінуі,стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.

Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар,жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса,соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.

Музыкалық қабілет құрылым өтімінің компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы,осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);

- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);

- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);

-музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан,ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).[12]

Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш оқушыларында қалыптасуы.

Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі.Ол дыбыс биіктік есту сезімі,оның ішінде тембрлік,динамикалық.Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса,оны әуенді дейміз.Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.

Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады,ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.

Екінші–бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды,сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.

Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.

Төртінші–жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.

Бесінші - әуен таза алынады.Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.

Алтыншы–сүйемелдеудің керегі жоқ;бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.

Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі.Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі.Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.

Есте сақтау қабілетінің дамуы және қалыптасуы.Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық әсердің қоры жиналуда,репертуардың кеңдігі пайда болады.Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.

Мектепке дейін және бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.

Кәсіби - музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.

Түсінік арқылы есте сақтауы.Оқушы-музыканттың орындаушылық есте сақтау тәсілінің жолдары және дамуы.Музыканы есте сақтау процесіндегі маңызды ерекшеліктері - мазмұны,сипаты,осы әрекетті орындау тәсілдері.

Қысқаша – музыкант-оқушының музыкалық шығарманы қай,қалай,қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау.Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта-қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.

Қайта-қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады,оның мазмұнын түсінбесе,музыкалық түсінігі болмайды.Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.

Көркем-интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады,есте сақталады,түсінетін болады.

4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады.Бұл кезеңді «байқау,сынау» дейміз.

5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді «ырғақтық кезең» деуге болады.

7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе түседі:көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады.Сондықтан,мектепке дейін және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне,музыкалық ойлау қалыптасады.Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период формасындағы - әуендік кезеңнің дамуы).

Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу әуендегі музыкалық аспаптар;балалар алдында қызығушылық музыкалық - танымдық мақсат қою,олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы,қор жинау т.б.;үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы,баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.



Музыкалық шығармаларды нобайы үйрену және музыканы парақтан оқу дамуының потенициалы.Музыкалық - орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ,кәсіби-дамушылық түрлері мен формаларының бірі – ол парақтан оқу. [24]

Музыканттың көз алдында,оның санасында,ойында қаншама түрлі музыкалық шағырмалар,көркем стильдер,тарихи замандар өтуде.Парақтан музыканы оқу - іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және кең түрде танысу барысын ашады. Сондықтан парақтан музыканы оқу әрқашанда және музыкалық қабылдаудың әсерлі,«жаңа ашуы»,жедел және түрлі сипатты музыкалық ақпараты ауысып отыруында. «Қанша оқысақ та – сонша білеміз» келе жатқан ақиқат қазіргі уақытта музыкалық білім беруде өз мәнін жойған жоқ.

Музыканы оқи отыра, музыкалық шығармалармен танысу,жаңашылын ашу. Ол жаттау емес,есте сақтау емес,меңгеру емес танысу үшін жасалатын іс-әрекеттің бірі.Осы кезде ерекше психологиялық қалып пайда болады. Музыканы оқу кезінде музыканттың ойлауы табиғилығы,дұрыс оқу кезінде, кәсіби оқу кезінде түсі өзгеріп,қабылдау шағы жарқырау,жанды,тұтқырлығы. Парақтан оқу барысында музыкамен танысу – процесс,ерекше жарық, эмоциялық бояуды қатыстыруы.Оқу - ол да сабақ,музыкалық ойлау процесінінің сапалығы көтеріп,жаңартады.Сондықтан, парақтан оқу -оқушылардың жалпы музыкалық дамуына,болашақ барысындағы қысқа жол.

Әрине нотаны парақтан оқу процесінде дамушылық оқыту принципі көрінеді, оқушының музыкалық материалды кең көлемінде пайдалануы және жедел танысуы.

Расында да парақтан оқу - ең аз уақытта барынша ақпарат алуы. Осыдан қорытынды жасауға болады: егер оқушының жалпы музыкалық дамуы – оның қабілеті,интелектісі,есту сезімінің кәсібилігі музыкалық педагогиканың арнайы мақсаты болса, онда парақтан оқу, осы мақсатқа тәжірибе барысында жетудегі арнайы құрал бола алады.

Ендігі бір мәселе – музыкалық шығармаларды нобайы уйрену, ол да бір музыканттың ерекше іс-әрекетінің формасы. Бұл да музыкалық шығарманы үйрену қорытындысы емес.Осы жұмыстың қорытынды кезеңі – музыканттың музыкалық шығарманы бейнелік - поэтикалық жағын қамту, шығарманың нақты көркем,түзелмейтін ойын орындаушының осы ойды жүзеге асыруында болып есептеледі. [22]

Шығармамен жедел жұмысын қысқартып,нобайы үйрену формасы оқушының музыкалық материалдарды сан жағынан үйренуі көбейеді, оқу процесіндегі материалды меңгеруі мен білуі.

Сондықтан, нобайы үйрену формасы музыкадағы дамушылық оқу принципін өмірде жүзеге асыруы,оқу репертуарымен жедел жұмыс істеуі,оқушының үздіксіз,жылдам қадамы болып саналады.



«Өнер жаттығусыз болмайды, жаттығусыз өнер болмайды» ұлы көне Греция ойшылы Пратогор айтқан.Соңы: жас музыканттың өзбетімен кәсіби ойлауы, оның нақтылығы, оның даму сипаттамасының белгісі – көркемдік бейнені өзбетімен білу,табу,бағалау,талдау өзбетімен оқу әрекетінде;дәл, нақты өзбетімен кәсібилік талдауында.Мұғалімнің мақсаты – жалпылама осындай сапаны қолдау, ынталандыру т.с.с. [13]

III.Қорытынды бөлім

Күтілетін нәтиже

Музыка адамның басқа дыбыстықіс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық, ритмдік) қатынастары өте қатан тәртіпте келтірілген.Эмоцияның көп түрлері ішінен Музыка ең алдымен көңіл-күйді білдіреді.Музыкалық шығарманың мазмұнында сонымен қатар жеке адамның ақыл-ой,ерік-күшініңэмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады.Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінезін ашуда Музыкаға жағдай тудырады. Адам эмоциясының нақтылығы, ерекше сыршыл сезімменбейнелеуде Музыканың мүмкіндігі мол.Сондай-ақ, музыка эмоциялық сфераларды ашып отырып,сол арқылы идеялар әлемін, алуан құбылыстарды және болмыс шындықтағы процесстерді суреттейді. Қалың бұқараны ұйымдастыру,оның рухани өмірін қалыптастыру құралдарының бірі болып отырып,Музыка қоғамдық тәжірибеге де белсенді түрде әсер етеді.

Егер қазіргі ғылым саналы адам қауымы осыдан 160 000 жыл бұрын Африкада қалыптасып, сосын осыдан 50 000 жыл бұрын басқа да тіршілікке ықпал құрлықтарға тараған деп санаса, музыканың да бір қарапайым түрлері да сол алғашқы қауымда адаммен бірге пайда болған деп есептейді.[4]

Қазіргі ғылым археологиялық және этнографиялық деректерге сүйене отырып,музыканы алғашқы қауым қоғамының кезінде-ақ өнердің би, поэзия т.б. түрлерінің ұрықтарын бойына жасырған синкретизмдік комплекстің «құрсағында» ұзақ уақыт «өсіп-жетілу» процессінен өтті деп санайды. Өнердің арғы атасы саналатын мұндай синкретизмдік комплекстер көпшілікке қажетті салт-жора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету процесінде адамдардың рухани санасын тәбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Мол диапазонды қамтып, бірінен соң бірі жалғаса беретін белгісіз биіктіктегі дыбыстардың әуел бастағы тәртіпке келтірілмеген тізбегі (құс әніне, аңдардың дыбысына еліктеу) кейін логикалық мәні жағынан тұрақты және жанама (тұрақсыз) биіктік бөлшектерге дараланған бірнеше тондардан ғана құралатын әуен саздармен алмасты. Мелодиялық-ритмдік формулалардың сан рет қайталануы мен оның қоғамдық тәжірибеде мықтап орын алуы бірте-бірте дыбыстарды логикалық жағынан қалыптастырып, ұйымдастыру мүмкіндігін ұғынуға жағдай жасады. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшем мен ладтың ең қарапайым түрлері туды. Тарихқа дейінгі немесе қарапайым музыка деп ауызша музыка есептеледі. Оның мысалы - аустралиялық немесе америкалық аборигендердің бір-біріне ауызба-ауыз айтылатын музыкасы. Бұл кезен музыкалық шығармалардың жазба түрінде сақталуының шығуымен аяқталады. Ең алғашқы сына жазулы музыкалық мәтін Ниппурдың археологиялық қазбаларында табылған,оның

жасы 4 мың жыл деп болжамданады.

Музыкалық өнер туралы өте сезгiш өнерлердi ара-арасындалар туралы сияқты айтады. Поэзия немесе кескiндеме, мысалға, мүмкiн емес ғана емес деңгейде физиологиялық реакциялар, музыкамен қабылдансын қабылдана алады, керiсiнше парасаттың қосындысысыз шығарсын, және мұндай тыңдау және музыка тартуды көкжиек жеткiлiктi (нақтылы сарындар, дискотекадағы билары, сөздi бұзылыстары бар аурулардың ән салуы және логикалық аппараттың бұзылуымен арқылы тиiмдi ойлауды ажыратуды медитацияланатын тәжiрибе) кең.Музыканың нейрофизиологиялық әсерi баяғыдан дәрiгерлiкте қолданылды. Сонымен бiрге, музыкасын баяғы заманнан жүретiн әдетiншелердi абстрактiлi өнермен - философия және математиканың көркем балама өте қорытылған болып мақұлдайды. Николай Кузанскийдiң қайта тууды дәуiрiнiң кардиналы жасауды аспапты музыкада Кеңiстiк көрдi. Мысалы, музыканың қабылдауының ерекшелiктерi орын және уақыттың көп факторларынан тәуелдi болады.[21]

Қорқыт бабамның қобызы тектес ыспалы аспап әлем халықтарының көбінде кездеседі.Жасалу тәсілдері әр түрлі, түр-тұрпаты бөлек, мойны, шанағы алуан ол аспаптардың бір-біріне жақындығы ойналу әдісінде. Музыкант ішектен үн шығару үшін міндетті түрде ысқыш пайдаланады

Бүгінгі күнде Орталық Азиядағы көшпелі халықтар арасында қазақтың қобызы тектес музыкалық аспаптар сақталған. Бұл аспаптардың да ішегі аттың Қылынан Қырғыз халқының Тыва халқының Монгол халқының қыяқ аспабы игил аспабы моринхур аспабы тағылып, ал шанағын терімен қаптап жасайды.Олар – қырғыздың қияқ, моңғолдардың моринхур, тывалықтардың игил, хур және алтай халықтарындағы тошпулуур аспабы. Бұл аспаптардың барлығы қоңыр да қою, сиқырлы үнімен ерекшеленіп тұрады. Бұл күнде әрбір халықтың жыраулары аспаптардың сүйемелімен ежелгі аңыздар мен көнеден жеткен жырларды орындап келеді.Отырықшы өмір салтын құрған – өзбек, тәжік, ұйғыр, ауған, әзірбайжан, түрік, иран, армян халықтарының арасында бұл аспап кеманча немесе ғиджак деп аталады.Қобыздан бастау алған кеманча мен ғиджак аспабы сарай ішінде орындалатын аспапқа айналады.Яғни оның сыртқы пішіні мен түріне көптеген өзгерістер енеді.Аспап жасайтын шеберлер оның шанағын дөңгелентіп, терімен қаптап ал шанақтың астына темірден жерге немесе аяққа тіреп ойнайтын тіреуіш ойлап табады.Кеманча мен ғиджакты түрлі-түсті тастармен әшекейлеп оны нағыз қол өнер бұйымы тәрізді сұлулап жібереді.Кеманча мен ғиджак аспабын көбіне ансамбльдерде ойнауға қолданады.

Қобыздың музыкалық аспап ретінде касиетін жан-жақты суреттейтін қызықты еңбектердің бірі ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрынғы қазақ тілінде жазылған. Бұл еңбек Ахмадидің «Музыкалық аспаптар  айтысы» деп аталады.Қазір «Музыкалық аспаптар айтысы» қолжазба күйінде Британ музейінде сақтаулы тұр.«Қобыз өзінің музыкалық аспаптардың тәңіріне баулайды.  Адамның ұйып тыңдайтын аспабы екенін мақтан етеді. Әрине, мұндай ойдың жосығын ең алдымен сол кездегі тыңдаушының қобыз аспабына берген бағасы деп қабылдау  қажет»-деп жазады Сейдімбек А.

Ықылас Дүкенұлы 1843-1916жж. Қарағанды облысы,Жаңаарқа Ауданында дүниегекелген. Ықылас тың атасы Алтынбек қобыз,домбыра жасаған, ал әкесі Дүкен асқан күйші қобызшы болған.Ықылас 7-8 жасынан бастап әкесінен қобыз үйренеді. 15 жасынан бастап елге таныла бастайды. Ықылас атақты Жанақ пен Шөже ақыннның батасын алады.Ықыластың ұлы Түсіпбек те қобызшы болады.Ал Түсіпбек әкесінің күйлерін Дәулет Мықтыбаев пен Сүгірге үйретіп ізіне шәкірттер қалдырған.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет