Қобыз пәнінің II санатты мұғалімі



бет12/12
Дата08.07.2017
өлшемі2,24 Mb.
#20834
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас біркезеңді қамтиды.Ол кәсіби музыкалық білім берудің,музыкалық шығармашылықпен музыкалық ғылымның іргетасын қалады.Академик - композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көшбасында тұр.Ол Л.Хамидимен бірлесіп,“Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын,“Құрманғазы туралы естелік маршын”,“Жезкиік” симфониялық шығармаларын,қазақтың би сюитасын,“Саранжап”,“Көроғлы”фортепьяналық шығармаларын,қобызға арналған «Ария»,«Көктем»,«Вальс»,«Романс» шығармаларын,хорлар,әндер,романстар,театр мен киноға арналған музыкалар,“XIXғ. мен XXғ.басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”,“Ғасырлар пернесі”,“Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”,“Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

IV.Жаңа шығарманы меңгерту: А.Жұбановтың «Вальс» шығармасын талдау.

  1. Танысу

  2. Талдау

  3. Саусақ қою

  4. Дыбыс тазалығын қадағалау

  5. Штрихтік белгілеріне,техникалық ерекшеліктеріне тоқталу.

Соль мажор үндестілігінде жазылған.Соған орай соль мажор үндестілігін әр түрлі (деташе,легато,стаккато) штрихтарымен,арпеджиомен орындаймыз.

Деташе – (detache) – әр дыбысты жеке-жеке бөлек орындау.

Легато (итал.legato – байланысты,созылыңқы,legare-байланыстыру деген сөз)-бір дыбыс екінші дыбысқа алмасып отырған сияқты үзіліссіз байланыстырып орындау. Белгіленуі:U.

Стаккато (итал.staccato,staccare деген сөзден – үзіп,бөліп) – музыкалық аспапта,дауыспен дыбыстарды қысқа,үзіп орындау.Дыбыс шығарудың негізгі әдістерінің бірі болып есептеледі.Ысқышпенойнайтын аспаптарда стаккатоны бір ысқымен (төмен немесе жоғары бағытқа) ойнайды.

Сергіту сәті:

Үнтаспа тыңдату.«Би күйі» (А.Жұбанов)

V.Бекіту:

  1. А.Қ.Жұбановтың өмірбаяны.

  2. Композитордың қандай шығармаларын білесің?

  3. «Вальс» шығармасы қай үндестілікте жазылған.

  4. Шығарма неше бөлімнен тұрады?

VI. Бағалау.

Оқушының сабаққа қатысуы мен шығарманы орындауын ескере отырып бағалаймын.



VII. Үй тапсырмасы.

Үйге тапсырма: Композитордың өмірі мен шығармашылығын оқу.Соль мажор үндестілігі мен «Вальс» шығармасын жаттау.

Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы,өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы,сырнай,жетіген,шертер,шаңқобыз,дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі.Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді.Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.
Б.Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп,тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ,бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді.Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға,әнге,әуенге құмар екендігін,ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор,себебі - ежелгі аспаптарда уақыт үні,ғасыр таңбасы болады, ол –қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып,үнемі жаңарып,толығып отырады.

«Қобыз өнерінің толық сипаттамасын анықтау үшін музыкалық тілінде тән заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау қажет.Бұл бағытта саз өзгешіліктерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі ережелері (этногенезистік, процестері ) тарихта болған елеулі оқиғалар мен сан-алуан құбылыстардың әсері мен ғасырлар бойы бақсылық дәстүрінің шеңберінде жетілгенін байқатады»-деп жазады профессор  С. Күзембаева.

Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара,дарқан даладай мол көсіліп,кең тараған бір жанр бар.Ол - ән.Көркем де келісті, шымыр да шыншыл, бүкіл болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері халықтың ұлттық дәстүр сипатын айқын аңғартатын үлкен фактор болып табылады.Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып,етене өскен өнер қырын,сол өнердің ел өмірімен еншілестігін,үндестігін көреміз.

Әрбір ұлттың өзінше өмір сүру қалпы,тұрмыс-тұрқы,әдет-ғұрыптық өзгешелігі,психикалық - мінездік ерекшеліктері,түсінік-пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер ететіні белгілі.Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада,әр түрлі бояуда әшекелейді.

Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады,оны жаңа дәуір,жаңа заман әкелген жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады.Қазақ музыка творчествосын байырғы негізгі түрлері халық әндері,эпостық шығарма, аспаптық музыка болды.Ән-күйді қазақтың халық творчествосының шыңы дейге болады.Оның тамаша үлгілері.Көрнекі халық композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық музыканың негізін қалады.Ал халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан фольклорлық мұрасы қазіргі профессионалдық музыка салаларының дамуына тікелей зор ықпалын тигізіп отыр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1. Ветлугина Н.А. Балалар бақшасыда музыкалық тәрбие беру методикасы. Алматы, «Мектеп» 1981.
2. Қарамолдаева Д.О Музыкалық тәрюиенің теориясы мен әдістемесі.Алматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2011.
3. Елеуов Б., Жұмашев Ә. Балабақша меңгерушісіне арналған кітап. Алматы, «Мектеп» 1987.
5. Ветлугина Н.А. Музыкальное развитие ребенка. М.,1967.
6. Бахтигулова Л. Становление детского музыкального воспитания в Казахстане. А., ГорИУУ, 1989.
7. Метлов Н.А. Музыка – детям. М., 1985 .
8. Қоңыратбай Ф.М. Музыка әдістемелік құрал. «Алматыкітап» 2011.
9. «Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгерту сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі». – астана , «Арман- ПВ», 2012 .
10. «Музыкалық өнер және болашақ мамандардың кәсіби- педагогикалық дайындығының өзекті мәселелері» . Алматы ,2010.
11. «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы : тәжірибе , проблемалар, преспективалар» 25-26 ақпан 2014жыл Баяндамалар жинағы. Талдықорған, 2014.
12. «Отбасы және балабақша» журналы №1 2014.
13. «Играем и поем» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыкалық ойындар, билер. Метлов Н. А. М., 1978.

14.С.Л. Рубинштейн Основы общей психологии . – М. “ Наука ”, 1989. 
15. Л.Маккиннон. Игра наизусть .- Л. “ Музыка ” , 1967. 
16.Л.А.Баренбойм. Музыкальная педагогика и исполнительство. “Музыка” 1974. 
17.Ғ.Шілдебаева «Қобыз үйрену мектебі» Алматы 2009

18.Ж.Баспаев «Бас қобыз,виолончельге арналған пьесалар» Алматы 1975

19.Ж.Еркімбеков «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар» Алматы 1988

20.З.Бисембаева «Қобызға арналған пьесалар» Алматы 1985

21.Г.Аманжолова,Д.Даукеева «Қыл қобызға арналған пьесалар» Алматы 1984

22.Б.Қожамқұлова «Музыка мектебіне арналған оқу құралы» Алматы 1984

23.Д.Тезекбаев «Қобыз үйрену мектебі» Алматы 1980

24.Д.Тезекбаев «Төрт ішекті қобызға арналған пьесалар» Алматы 1977




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет