Образовательная программа курса повышения квалификации руководителей организаций среднего образования «инновационный менеджмент в управлении школой»


-МОДУЛЬ. ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ. 3.1.2-ТАПСЫРМА



бет14/19
Дата28.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#133713
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
3.1 Мектеп басшысының өзіндік дамуы (3)
9 Ә 4 тоқсан әдеб ТЖБ, 0007df-f4e3, 160642
3-МОДУЛЬ. ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ. 3.1.2-ТАПСЫРМА.
«Көшбасшылық және менеджмент»: айырмашылықтар мен ұқсастықтар кестесін толтырыңыз:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Сіздің ойыңызша менеджмент пен көшбасшылықтың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?
-Сіз өзіңізді кім деп санайсыз: көшбасшы ма, әлде менеджер ме?
-Мектептің жұмысында не маңыздырақ: менеджмент пе, әлде көшбасшылық па?
3-МОДУЛЬ. ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ. 3.1.3-ТАПСЫРМА.

Көшбасшылық
(ерекшелігі)

Ұқсастығы

Менеджмент
(ерекшелігі)

Кейс. Ұсынылған кейстегі мектеп директорының басқару стилін анықтаңыз (мысалдар келтіріңіз).
Сіздің ойыңызша, ситуациялық басқарудың қандай стилі қазіргі жағдайда тиімді болады?
Сіз мектеп директоры болып жұмыс істейтініңізді елестетіп көріңіз. Сіздің оқу жұмысы және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларыңыз болып істейтін екі педагог – осы мектепке өзіңіз алып келген ЖОО-да бірге оқыған бұрынғы сіздің курстастарыңыз. Сіздерде көп нәрсе ортақ: достар, жұмыстан басқа да ортақ қызығушылықтар, естеліктер. Әрине, сіздер бір-біріңізге «сен» деп сөйлеп, аттарыңызды атайсыздар.
Бірде жұма күні мәжілісте Сіз аудан әкімінен тапсырма аласыз: бір апта ішінде алдағы жылға аудан мектептерінің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу керек. Сіз бұл өте маңызды тапсырма екенін және өзіңіздің болашақ мансабыңыз осы тапсырманы орындау сапасына байланысты екенін түсінесіз. Сізге аса көлемді ақпаратқа талдау жасап, жоспардың бірнеше нұсқасын әзірлеу керек болады.
Дүйсенбіде Сіз алған тапсырманы қол астындағылармен егжей-тегжейлі талқылап, өз командаңыз ішінде тапсырмаларды бөліп бергіңіз келеді, бірақ өзіңіздің оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарларыңыздың біреуі аяқ астынан сырқаттануына байланысты демалыс алғанын естисіз, өйткені оның баласы ауырып қалғандықтан, ол кем дегенде он күн жұмыста болмайтын болыпты. Екінші орынбасарыңыз Сізден өзін келесі аптаның ішінде жұмыстан ертерек жіберіп отыруыңызды сұрайды, өйткені ол ағасына ұлының үйлену тойын ұйымдастыруға көмектескісі келеді. Сіз жұмыстың басым бөлігін өзіңіз орындауға тура келетінін, бірақ жалғыз өзіңіз оны тиісті деңгейде орындап шыға алмайтыныңызды түсінесіз. Екінші жағынан, Сіз өзіңіздің орынбасарларыңыздың «жағдайын түсінесіз», өйткені олардың проблемаларымен таныссыз және оларға шынымен көмектескіңіз келеді.
Уақыт кешкі сағат тоғыз болды, мектепте ешкім жоқ, ал Сіз жалғыз өзіңіз сандарды есептеумен және жоспар құрумен айналысып отырсыз.
СҰРАҚТАР:
- Сіз дұрыс істедіңіз бе?
- Сіздің әрекеттеріңізге қандай түзетулер енгізу керек?
- Сіздің жағдайыңызда ең оңтайлы шешім қандай?
- Сіз менеджер әлде көшбасшы ретінде әрекеттендіңіз бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет