ОӘк аатк 01-18 Оқу әдістемелік кешен. География. Бірінші басылым



бет6/9
Дата09.04.2020
өлшемі0,94 Mb.
#62062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
umk geografiya (1)
Олипиада ойындары

3.Урбандалу түрлері. Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы."Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

Субурбандалу - қалалық агломерациялар қалыптастырудың нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағын өсу және даму процессі.

Контурурбандалу - урбанизацияға кері процесс

Жалған урбандалу  - қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Көші-қонның түрлері?

2. Диаспора дегеніміз не?

3. Ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон түрлері?

4.Халық тығыз қоныстанған дүниежүзі елдерін ата?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.




Сабақ №6

Сабақ түрі: лекция

Лекция №6

Тақырыбы: Ғылыми техника революция сипат белгілері, даму кезеңдері.

Сабақ жоспары:

  1. Ғылыми техника революция сипат белгілері.

  2. Ғылыми техника революцияның даму кезеңдері.

  3. ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы.

Сабақтың мазмұны.

1.Ғылыми техника революция сипат белгілері. Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

2. Ғылыми техника революцияның даму кезеңдері. Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістерәкеледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.

ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.

Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШЖапония және Германия) жетекші орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға "маманданған" қалалар пайда болды, олардың аса ірілерінің көрсеткіштері

3.ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;



4) басқарFTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.
Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1. Ғылыми техникалық революция.

2. Дәстүрлі және жаңа технологиялар.

3. ҒТР-дің маңызды факторлары.

4. ҒТР-дің жер бетіне тигізген әсері.

5.ҒТР-дің даму кезеңдері.


Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.


Сабақ №7

Сабақ түрі: лекция

Лекция №7

Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылық

Сабақтың жоспары

1.Дүниежүзілік шаруашылық

2.Басты даму факторлары:

3.Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.



Сабақтың мазмұны:

1.Дүниежүзілік шаруашылық - дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі.

Әрбір елдің ұзақ тарихының уақыт аралығында қалыптасқан, өзіндік сипаты бар ұлттық шарушылық болатыны белгілі. Жалпы алғанда, дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шарушылық жүйесін дүниежүзілік шарушылық деп атайды. Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуына өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік қатынасының қарқынды дамуы нәтижесінде елдер арасындағы өзара шаруашылық байланыстарының туындауы себепші болды.

Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуы адамзат қоғамының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Бұған ежелгі мемлекеттер арасындағы қарапайым өнім айырбасы дәлел болады. Біртіндеп шаруашылық құрылымының күрделенуі елдер арасындағы қарым қатынастар сипатында жаңа сатыға көтерді.

Даму кезенінің сипаты:

1.Индустриялануға дейінгі кезең - қол еңбегі, мануфактура

2.Индустриялану кезеңі - Бірінші өнекәсіптік революция: Механикаландыру, Еркін бәсекелестік; жеке меншік фирма, акционерлік қоғам. Екінші өнекәсіптік революция: Кешенді механикаландырудан автоматтындыруға көшу, Монополизм, зауыт фабрикалар, мемлекеттік монополия, конвейер

3.Қазіргі кезең - Жүйелі автоматтандыру, Ұлтаралық корпорациялар, шағын фирмалар

Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттары



2.Басты даму факторлары:

Елдер арасындағы интеграцияның күшеюі. Дүниежүзілік шаруашылық құрылымындағы өзгерістер. Дүниежүзілік шаруашылық. Негізгі географиялық ғаламдық өзгерістер. ҒТР. Дүниежүзілік шаруашылықтың орналасуындағы өзгерістер. Ғаламдану. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі географиялық өзгерістер

Адамзаттың әлеуметтік рөлінің артуы

Интеграция - аймақтық экономикалық ынтымақтастық.

( Еркін сауда аймағы - АПЭК, 1989 ж, - Аустралия, АҚШ, Ресей, Жапония, Жаңа Зеландия, Қытай, Мексика, Бруней, Чили және тб 14 мемлекет, және НАФТА, 1994 ж АҚШ, Канада, Мексика; Экономикалық Одақ - 1993 ж - Еуропа мемлекеттері; ТМД - 1992 ж - Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Украина және тб. )

Ғаламдану - ұлтаралық бірлестіктердің белсенді әрекет етуі және дүниежүзілік шаруашылықты біртұтас жүйеге айналдыруын жүзеге асыру.

Шаруашылықтың салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері.

Дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізін бір - бірімен тығыз байланысқан ұлттық шаруашылықтар мен салалық құрылымдар құрайды. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы 4 сектордан тұрады.



3-4 сектор: Балық шаруашылығы,Орман шаруашылығы,Ақпараттық қызмет,Ғылыми зерттеулер,Қызмет көрсету,Көлік

1 сектор: Өндеуші өнеркәсіп,,Құрылыс,Өндірістік емес сала,Тау - кен өнеркәсібі, Ауыл шаруашылығы

2 сектор: Өндірістік саласы

Осының ішінде



1 сектор индустриялануға дейінгі кезеңге жетекші саласы болып табылды Жыл сайын бұл сектордың үлесі экономикаға азайып келеді.

2 сектор - индустриялық кезеңге жатқызамыз

ХХ ғ соңында жетекші орында өнеркәсіп жетекші орында болды



3 - 4 секторларды - постиндустриялық даму кезеңіне жатқызамыз немесе қазіргі кезеңге.

Дамыған елдерде қызмет көрсету саласы жақсы дамыды, аса дамушы елдерде өндірістік саланың оның ішінде ауыл шаруашылығы жақсы дамыды.

Осыдан мынадай қорытынды шығып отыр - дүние жүзінде салалық құрылымы бойынша елдер әр түрлі сатыларында тұр деуге болады.

1 сектор: АҚШ, Ресей, Канада, Қытай, Үндістан

2 сектор: ТМД елдері, Парсы шығанағы елдері

3 сектор: Дамыған мемлекеттер, АҚШ, Канада, Жапония, Италия,

4 сектор: Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония

Сонымен қатар Біздің Шығыс Қазақстан обылысын айта кетсек

Қандай шаруашылық жүйесі бізде бар:

Ауыл шаруашылығы : мал шаруашылық - Ірі қара мал, Қой,

Жылқы, Марал, Ара шаруашылықтарына бөлінеді. Егіншілік-

дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, бақша және жеміс-

жидек дақылдары 1 сектор

шаруашылығы

- балық шаруашылығы

- орман шаруашылығы

- тау кең өндірісі,

- өндеуші өнеркәсіп (химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі) 2 сектор

- құрылыс,

- көлік


- қызмет көрсету 3 сектор

- ақпараттық қызмет

- ғылыми зерттеулер 4 сектор

Шаруашылық ұйымдасуының типтері.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа аумақтық айырмашылықтар тән болады.

Байырғы типі : табиғи (натуралды) шаруашылық жатады; оның негізінде тұрғын халық өзін - өзі азық -түлікпен және бірінші кезектегі тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді. Мамандану мен еңбек бөлінісі баяу дамиды.

Нарықтық экономика: қоғамның дамуына байланысты шаруашылықтың жаңа типі. Еңбек бөлінісіне негізделіп отырып, өнім мен тұтыну үшін қалыптаспайды, сыртқы сұранысқа бағытталған.

Бұрынғы социалистік жүйеде шаруашылық мемлекеттік деп аталады, себебі басқару орталықтанған және жоспарланған.

Өтпелі экономика - ХХ ғ соңына қарай бұрынғы Кеңес одағының елдерінде және Шығыс Еуропа елдерінде кездескен, бұл жаңа мен ескі бағыттардың ортасындағы жүйе.

Қазіргі Қазақстан - нарықтық қатынастарға көштік.



3.Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.

Дүниежүзілік шаруашылықпен бірге халықаралық географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келеді . Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі деп жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын атайды. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылық аясында дами отырып, жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығын өзара байланыстырады.

Географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің арасындағы экономикалық - географиялық және әлеуметтік - экономикалық айырмашылықтардың болуынан туындайды. Сонымен қатар ол елдердің шаруашылық құрылымы мен тарихи дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Дүниежүзілік шаруашылықтың басты факторлары?

2.Нарықтык экономика.
3. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.
4. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.



Сабақ №8

Сабақ түрі: лекция

Лекция№8
Тақырыбы: Өнеркәсіп географиясы

Сабақтың жоспары

1.Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. 
2. Отын-энергетика кешені. Бастапқы энергия көздері. 
3. Электр энергетикасын өндірудегі жетекші елдер.

Сабақтың мазмұны:

1.Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізатотын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттардыфабрикалардыкеніштердішахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнайгазкөміршымтезектақтатастұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтамамашиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді. 

2. Отын-энергетика кешені. Бастапқы энергия көздері.  Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс

Мұнай өнеркәсібі

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда.



Газ өнеркәсібі. Табиғи газ өндіру үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында ғана дамыды. Ресей мен АҚШ –қа өндірілетін дүниежүзілік газ көлемінің шамамен жартысы келеді. Өзге елдер бұлардан анағұрлым артта (Канада, Нидерланды т.б.).

Газ ішкі халықаралық магистралдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасылады. Ресей газының дені өндірілетін Батыс Сібірден ол Ресейдің еуропалық бөлігіне, Украинаға, Белорусьқа, Шығыс және Батыс Еуропаға тасылады.

АҚШ – та газ құбырлары желісінің негізгі бағыты Оңтүстіктен Солтүстік – Шығысқа қарай. Нидерландыдан газ Батыс Еуропаның басқа елдеріне жіберіледі. Кейбір газ құбырлары теңіз түбі арқылы төселген Солтүстік теңіз қайраңы кен орындарынан Ұлыбританияға, норвегияға, ГФР – ге, Алжирден Сицилияға аралына (Италия) тартылған.

Газ тасымалдаудың енді бір әдісі оны сұйық күйінде газ тасушы арнайы кемелермен тасу болып отыр. Ол экспорт порттарында оны қайтадан қалыпты газға айналдыратын қымбат қондырғылар салуды талап етеді. Газды осылай теңізбен таситын тұрақты “ тізбектер” (Таяу Шығыс – Жапония, Австралия – Жааония) қалыптастырылуда.

Газды ең көп экспорттайтын ел Ресей, одан соң Нидерланды, Канада (АҚШ – қа экспорт) және Норвегия келеді. Газды негізгі импорттаушы ел – Жапония.

Көмір өнеркәсібі.

Көмір өнеркәсібінің (жылына орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен, сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз. рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз жолдарымен іске асырылады. . Электр энергетикасын өндірудегі жетекші елдер.



3. Электр энергетикасын өндірудегі жетекші елдер.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын-энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999). Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды өсті. Электр энергетикасы жылу, су және атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір алаптарына немесе энергияны тұтынатын аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп келеді. Энергетиканың тағы бір саласы — атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз. энергетикасындағы үлесі — 22%. Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария, Канада; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд, АҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз. кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның қара металлургия саласы көп уақыт бойы тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ-тағы, шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы, Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болған. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер (млн. т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40), Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160), Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90), АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия (50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн. т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті металлургия өндірісінің көлемі қара металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы, әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамыған. Қазақстан түсті металлургия өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші орын алады. Нақты айтқанда, хром және барит кентастарын өндіруден 1-орынды алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5 елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан 6-орындарды алады. Сонымен қатар, дүние жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының 23-і Қазақстанда өндіріледі.

Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Отын өнеркәсібі қандай саладан тұрады?  
2.Әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдер? 
3. Көмір экспортында жетекші орындағы елдер?
4.Электр энергетикасы қандай салалардан тұрады?
5.СЭС бойынша жан басында шаққанда алдыңғы орындағы елдер?
6.Дүниежүзіндегі ең мықты дәл жүретін сағат қай елде?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.



Сабақ №9

Сабақ түрі: лекция

Лекция №9
Тақырыбы: Ауылшаруашылық және Балық аулау географиясы.

Сабақтың жоспары:

1.Мал шаруашылығы

2.Өсімдік шаруашылығы

3.Балық шаруашылығы



1.Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

2.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады. Дәнді Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.

Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.

Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.

Жүгері (маис)—Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.



Майлы дақылдар Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.

Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы — шөптесін, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері — Франция, АҚШ, Ресей, Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері.

Сергітпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктік (шай субтропикте де) белдеулерде өсіріледі және таралу аймағы айтарлықтай шектеулі. Шайдың отаны — Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Үндістан, Қытай және Шри-Ланка өндіреді. Ал субтропиктерде шай Грузия жерінде өсіріледі. Кофенің отаны — Африка, қазір оның түсімінін; 2/3-сін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао, керісінше Америкадан шыққан, қазір оның негізгі өндірушілері Африканық Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер қатарына Кот-д’Ивуар, одан кейін Бразилия, Гана, Индонезия мен Нигерия жатады.

Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.

3.Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулаутасымалдауқорғау және өсіруменөңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұнымайы, теңіз өсімдіктерінен йодманнитагар, т.б. емдік заттармал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жем балық аулау және аңшылық басқармасыАрал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының еңірілері: Каспий теңізі, БалқашАлакөл, Зайсан көлдері, ҚапшағайБөгенБұқтырма бөгендері, ЖайықЕртісЕсіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.



Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Ауыл шаруашылығында дүниежүзі бойынша шамамен қанша адам еңбек етеді? 
2.Дүниежүзінде ЭБХ-ң қанша пайызы осы салада еңбек етеді? 
3.Латын Америкасы елдерінде жер қорының негізін құрайтын ірі жер иеліктері ? 
4.Интенсивті мал шаруашылығы қай аймақта жақсы дамыған? 
5.Екінші «жасыл революция» немесе биотехнология қай жылдардан басталды?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.


Сабақ №10

Сабақ түрі: лекция

Лекция №10

Тақырыбы: Көлік географиясы.

Сабақтың жоспары:

1.Құрлық көлігі.

2. Әуе көлігі.

3. Су көлігі.



Сабақтың мазмұны:

1.Құрлық көлігі. Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді. Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.

Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:

өндірістік ішкі көлігі

көпшілік пайдаланатын көлік



Өндірістік ішкі көлігі (зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. көтергіш қондырғылар) әдетте белгілі бір кәсіорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Көпшілік пайдаланатын көлік:

еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикада т.б.) бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады.

жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.

Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.

Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.

Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.

Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.



Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

2.Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.

Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.



3.Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.

Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1. Көліктің ең жылдам түрі?

2. Таситын жүк көлемі жағынан ірі көлік?

3. Ең қымбат көлік?

4. Таситын жолаушылар саны жағынан ірі көлік?

5. Жүк айналымы бойынша ірі көлік?

6. Экологиялық лас көлік?

7. Ең арзан көлік?

8. Қақпадан қақпаға жеткізетін көлік?

9. Әуе көлігі жөнінен 1 орындағы мемлекет?


Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.



Сабақ №11

Сабақ түрі: лекция

Лекция№11
Тақырыбы: Дүниежүзілік халықаралық, экономикалық қатынастар.

Сабақтың жоспары:

  1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар.

  2. Халықаралық сауда құрамы. 

  3. Еркiн экономикалық аймақтар .

Сабақтың мазмұны:

1.Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Сыртқы экономикалық байланыс барлық елдерде бiрнеше функцияны қатар атқарады: ол ұлттық және дүниежүзiлік экономикалық дамудың деңгейін теңестiруге әсер етедi, ұлттық және дүниежүзiлік өндірiс шығындарын салыстыруға мүмкіндiк бередi, халықаралық еңбек бөлінісiнің артықшылықтарын iске асыратын және соның негiзiнде ұлттық экономиканың тиiмдiлігiнің артуына ықпал етедi

Халықаралық географиялық еңбек бөлінiсi. Еңбек бөлінiсi коғамның даму процесiнде кызметтің сапалық саралануынан туындайды. Еңбек бөлінісiнің түрлерi көп. Оның ең қарапайымы — ерлер мен әйелдердің, бала мен қарт адамның арасындағы бөлінiс түрі. Кейiннен ол коғамдағы өндiргiш күштердің дамуына қарай коғамдық еңбек бөлінiсiне ұласады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісi капитализмнің мануфактуралы кезеңiнде (ХVII—ХVIII ғғ.) пайда болды. Өндiрiстiк революцияға дейін (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бiрiншi жартысы) еңбек бөлінісі жеке елдердің табиғи-климаттық географиялық жағдайына, шикiзат қорлары мен знергия көздерiнің айырмашылықтарына, т.б. табиғат факторларына негiзделдi.Халықаралық мамандану. Өнімнің жеке түрлерiн немесе оның және бөліктерін шығаруды дербес елдерде немесе кәсіпорындарда шоғырландыруды халықаралық мамандану деп атайды. Мамандандыру үшін белгiлі бiр жағдай қалыптасу керек. Бiрiншіден, халықаралық географияның еңбек бөлінісiне қатысатын елдің басқа елдерге қарағанда қандай да бiр өнiмдi өндiруде басым ерекшеліктерi мен жағдайлары болуы шарт (табиғат ресурстарыпң бiр түрінің бай қоры, т.б.), екiншіден, осы өнiмдерге деген сұраныстың да болуы шарт, үшiншіден, өнiмдi өндiрген елден басқа жерге тасымалдау тиiмдi болуы кажет. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнiнен дүниежүзiнде бiрінші орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің шамамен алғанда жартысын ол баска елдерге экспортка жiбередi. Автомобиль өнеркәсiбi оның халықаралық маманданған саласына жатады. Немесе Канада дәндi дақылдар өнiмiн алудан дүниежүзiнде бiрiншi, ал экспортқа шығару жөнiнен екiншi орынды алады. Астық шаруашылығъi — оның халықаралық маманданған саласы.Халықаралық еңбек бөлінісiнде мемлекеттің маманданған саласының маңызы зор. Елдің мамандану саласының түрлерi де шешушi рөл атқарады. Маманданған тауарлардың саны аз болса, ол дуниежүзiлік рыноктағы бағаға тәуелдi болады және тауар құны өзгерiп отырса, ел экономикасына әжептеуiр әсерiн тигiзедi. Басқаша айтқанда, мұндай елдердi мономәдениеттi мамандану елдерi дейдi.

Халықаралық экономикалық байланыстардың ең дамыған түрі — халықаралық сауда. Халықаралық экономикалық байланыстардың 80%-ы сауданың үлесiне тиесілi.

2.Халықаралық сауда — дүниежүзiлік шаруашылықтың ең ескi бөлігi. Ол ҒТР дәуiрінде дамудың бiр ғана сатысын бастан кешуде. Өндірiске қарағанда сауда жылдам өседi. Дүниежүзiлік өндірiстің 10% өсiмiне дүниежүзілік сауданың 16%- ға артуы сәйкес келедi. Өндірістің дамуына қолайлы жағдай туады.

Халықаралық сауданың географиялық таралуы өте әркелкi. Оның бүкіл айналымының 70%-дан астамы Батыстың экономикасы дамыған елдеріне, оның iшінде 50%-ға жуығы Батыс Еуропаның үлесіне тиедi. Бұл елдердің көпшiлігi сыртқа қымбат дайын бұйымдар шығарады.

Халықаралық сауданың ерекшеліктерi және тауарлық құрылымы. ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап, халықаралық сауда жоғары қарқынмен дами бастады. 1950—1970 жылдар арасындағы кезеңдi халықаралық сауданың дамуындағы “алтын ғасыр” деп сипаттауға болады.

Егер ХХ ғасырдың бiрiiлтхi жартысыяда халықаралық саудавъщ 2/З-сi азңтулік және шикiзаттар үлесiне тисе, цазiргi кезде олар тауар айналымының 1/4- інкүрайды. i(айта еңдеу енеркесiбi ентдерiнің саудадағы үлесi 1/З-ден 3/4-ке дейiн өстi. Сауданың 1/З-i машина және құрал-жабдықтардың үлесiне тиедi (3-диаграмма). Дүниежүзiлік сауданы реттеу үшін дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Оның күрамында 140 ел бар. Олардын үлесiне дүниежүзілік сауда айналымының 9/10 үлесi тиесілі.

Ғылыми-техникалық бiлімдi халықаралық саудаға салу. ҒТ Р дәуiрiнде ғылыми-техникалық бiлім, басқаша айтқанда, технология мен ғылыми ақпараттың маңызы күшейдi. Ғылыми -техникалық шеңбердегi кызметкерлердің көпшiлігi экономикасы күштi дамыған елдердiң (АҚШ Германия, Жапония, т.б.) үлесiне тиедi. Мұнда әрбір өнер табыс тiркеліп отырады. Өнертабыс немесе патент көп ұзамай өндiрiске енгiзiледi. Лицензиялрады экспортка шығарудан дамушы елдердің үлесi басым. Ал лицензияларды көптеп сатып алушы елдер қатарына Жапония, Италия және Германия жатады. Шетелдiк ғылыми-техниқалық тәжiрибелердi сатып алып, оны озық iс-әрекетiне өте тиiмдi пайдалану жағынан Жапония басқа елдерге қарағанда көш iлгерi тұр. 
3.Еркiн экономикалық аймақтар (ЕЭА). 1970—2000 жылдары бүкіл дүниежүзінде кең таралған еркiн кәсіпкерлік айында Одақтың құрылуы ашық экономиқаның жарқын қөрiнiстерiнің бiрi, олардың жалпы саны З мыңнан асады. Қазiр ЕЭА-нын үлесiне Дүниежүзiлік сауда айналымынның 1/3-i тиесілі. Еркiн экономикалық аймақтар құру дүниежүзілік шаруашылықта түбегейлі өзгерiстер әкелмесе де, оған қатысушы елдер ЕЭАда саудада кедендiк кедергiлердi жояды.

Дүниежүзiлік инвестициялық рынок Дүниежүзiлік экономика мен халықаралық экономиқалық байланыстардың ерекше маңызды саласы саналады. Ұзақ уақытқа алған шетелдiк қаржы қандай да болмасын елге кәсіпкерлік iс-әрекет арқылы табыс табу үшiн мемлекеттiк немесе жеке кәсiпорындарға берiледi.



Инвестиция. Дүниежүзiлік экономика мен халықаралық бизнеске елеулі әсер етедi. Оның негiзгi бөлігін өте iрi трансұлттық компаниялар құрайды. 
Дүниежүзiлік несие рыногі деп елдер арасындағы бiрiне-бiрi әртүрлі несие берудi айтады.Несие беруде халықаралық рынокта шетелдiк валютаның басымдылығы байқалады. Қарызға алынған заттардың басым көпшiлігi америкалық доллармен, жапондық йенамен, ағылшындық фунт стерлингпен және Еуропа Одағының еуросымен берiледi. Соңғы жылдары дүниежүзiлік валюта рыногында АҚШтың доллары өз позициясынан айырылуда.

Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1. Дүниежүзiлік “қара” рыноктағы есірткінiң орны қандай? Есірткi жайлы не білесіз? Қандай елдер есірткi сатумен айналысады?

2. Халықаралық сауданың қандай ерекшеліктерi болуы кажет?

3. Еркiн экономикалық аймақтар құрылуының мәнiсiн.

4. Халықаралық туризмнің дамуы неге байланысты? Дүниежүзiндегi iрi халықаралық туризм қалыптасқан аймақтары?.
Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.



Сабақ №12

Сабақ түрі: семинар

Семинар №12

Тақырыбы: Батыс Еуропа елдері

Сабақ жоспары:

  1. Швейцария елі.

  2. Франция елі.

  3. Германия елі.

Сабақтың мазмұны: Еуропа – (гр. Europa, семит тілінің «эреб» батыс деген мағынаны білдіреді. Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азия мен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі. Ол құрлықта Орал тауы Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздеріне ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы арқылы Мәрмар теңізіне, Дарданель бұғазы арқылы Адриат теңізі, Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығады. Еуропа солтүстігінде – Солтүстік мұзды мұхитпен (Ақ, Баренц, Балтық, Солтүстік, Норвег теңіздерімен. Оңтүстігінде – Жерорта, Тиррен, Адриат, Эгей, Қара, Азов теңіздері шайып жатыр.

Батыс Еуропа елдері  - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес

1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия).

Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Ирландия, Люксембург, Нидерланд,

Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет – Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері.

Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы

Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштеқорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айнрі әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда алысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді. 

 Батыс Еуропа елдері: Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Нидерланды, Австрия.

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды.  Ағылшындар англикан мемл. Шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық  мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбританизаңдары көп ғасырлық конституция, дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі). 

 Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент

(Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағыРеюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының

құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андорраменшектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.

Францияның теңіздік шекаралары  Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. 

 Швейца́рия (нем.Schweiz, фр.Suisse, итал. Svizzera, ромш.Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische



Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш.  Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде  Германиямен, батысында  Франциямен,  оңтүстігінде  Италиямен,

шығысында Австрия және  Лихтенштейнмен  шектеседі. Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар. Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель. Швецария — федеративтік парламенттік республика.  Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған  күн, 1 тамыз (1291). Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі. 

 Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлинқаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр. Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлермемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

 Бельгия  Бельгия Корольдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 11 млн. адам (2007). Астанасы – Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні – католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – бельгия франкі. Ұлттық мейрамы – жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия – конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы – король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) және сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері – Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3 ӘС, шілдеде 18 – 19 ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 – 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді. 


Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

  1. Франция елінің өнеркәсібі?

  2. Германия елінің халқының саны, және көші-қөн түрлері?

  3. Швейцария елінің ауылшаруашылығы?

  4. Бельгия елінің географиялық орны ?

  5. Ұлыбритания елінің мәдениеті?


Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.


Сабақ №13

Сабақ түрі: лекция

Лекция№13
Тақырыбы: Азия елдері

Сабақ жоспары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет