ОӘк аатк 01-18 Оқу әдістемелік кешен. География. Бірінші басылым


Латын Американың саяси картасының қалыптасуы



бет8/9
Дата09.04.2020
өлшемі0,94 Mb.
#62062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
umk geografiya (1)
Олипиада ойындары
1. Латын Американың саяси картасының қалыптасуы
2. Латын Америка елдерінің геосаси жағдайы
3. Латын Америка елдерінің мемлекеттік құрылымы, топтары


Сабақтың мазмұны:

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық қуаты оның әлемдік саясаттағы орнын белгілейтін аса маңызды көрсеткішке айналған. Жалпы алғанда, Латын Америкасының геосаяси жағдайына баға беруде мынадай факторларды атап өту қажет:

1) аймақ елдерінің басқа дүние бөліктерінен шалғайда орналасуы. Осы себепті мұндағы жеке елдің дамуына халықаралық жағдайға қарағанда аймақ ішілік саяси-экономикалық ахуалдың әсері мол;

2) Латын Америкасының дүниежузіндегі аса күшті дамыған мемлекет — АҚШ-пен көршілес орналасуы. Дүниежүзілік экономика мен саясатта жетекші орын алатын мемлекетпен көршілестігі белгілі бір дәрежеде Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси-әлеуметтік даму бағытын анықтайды десе де болады. Латын Америкасы тарихи-географиялық себептерге байланысты халықаралық деңгейдегі геосаяси орталық болып табылатын АҚШ-тың басты ықпал ету аймағына айналған. Мысалы, АҚШ-тың мұнай өңдейтін ірі кәсіпорын-дары Кариб алабындағы ірі танкерлер тоқтауға ыңғайлы айлақтарда орналасқан және сауда кемелері бұл елдердің «қолайлы жалауларын» пайдаланады. Аймақтағы елдердің көпшілігінің сыртқы саясаты АҚШ мүддесіне сай үйлестіріледі;

3) Латын Америкасында жоғары дамыған елдердің иеліктерінің сақталып қалуы. Іс жүзінде саяси, экономикалық жағынан тәуелді аумақтар Еуропа мен Американың дамыған елдерінің әскери-стратегиялық жағдайын нығайтумен қатар өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік алады. Мысалы, Франция Гвианада ғарыш айлағын орналастырған; Француз Одағына енетін шалғай департаменттердің (Гвиана, Мартиника, Гваделупа, Сен-Пьер және Микелон) дамуына ЕО тарапынан тұрақты түрде қаржы бөлінеді;

4) аймақ елдерінің барлығы дерлік (Парагвай мен Боливиядан басқалары) Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алады; бұл елдердің халықаралық қарым-қатынастарын жақсартуға қолайлы алғышарт болып табылады. Әсіресе Атлант және Тынық мұхиттарын жалғастырып жатқан Панама каналы маңы мен Орталық Америка елдерінің географиялық орнының экономикалық және стратегиялық маңызы аса зор;

5) Кариб алабы елдерінің халықаралық деңгейдегі буферлік (аралық) рөлі; географиялық орнының ерекшелігіне байланысты Кариб алабын-дағы елдердің көпшілігінің экономикасы транзиттік сипат алған; аралдың мемлекеттерде салық жеңілдіктеріне байланысты халық-аралық аса ірі қаржы мекемелері мен офф-шорлық зоналар орналас-қан. Мысалы, Кайман аралдарында (Ұлыбритания иелігі) 500-ге жуық банк орналасқан, дүниежүзіндегі аса ірі 50 банктің 40 шақтысының осы аралдарда филиалы бар;

6) Америка елдерінің өзара ынтымақтастығының жедел түрде дамуы; 1995 жылы Америка елдерінің басшылары 2005 жылға қарай Батыс жартышардағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі құжаттарға қол қойды. Ынтымақтастық ұйымы аясында бірлескен экономикалық жоспарлар ғана емес, экологиялық, есірткіге қарсы және т.б. бағдарламалар да жүзеге асатын болады. Іс жүзінде мұндай ұйымның құрылуы Латын Америкасы елдерінің геосаяси жағдайын нығайта түседі.

Латын Америка-сында орналасңан елдердің басым көпшілігі — унитарлық республи-калар, ал Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Мексика мемлекеттік құрылымы жөнінен федерациялық республикалар болып табылады. Аймақта Британ Бірлестігіне мүше тәуелсіз мемлекеттер де бар. Латын Америкасындағы елдерді тарихи-географиялық жағынан бірнеше топтарға бөледі: 1) Орта Америка немесе Мезоамерика (Мексика, Орталық Америка және Кариб теңізіндегі аралдық мемлекеттер); 2) Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили); 3) Ла-Плата елдері (Парагвай, Уругвай, Аргентина); 4) жетекші ел — Бразилия.

Жер бедері және минералды ресурстар

Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 13 мың км-ге созылып жатыр. Аймақтың жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі екенін сендер «Материктер мен мұхиттар географиясынан» білесіңдер. Енді аймақтың басты құрылымдық бірліктері мен олардағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерімен танысайық.

Аймақтың солтүстігіндегі бірнеше тау жоталары мен таулы қыратты біріктіретін Мексика Кордилъерасы аумағында күшті жер сілкінулер, жанартау атқылаулары болып тұрады. Мұнда Орисаба (биіктігі — 5700 м), Попокатепетль (биіктігі — 5452 м) сияқты сөнбеген ірі жанартаулар орналасқан. Орталық Американың батысын, алып жатқан құрылымы өте күрделі таулы ауданды Кариб Кордилъерасы деп атайды, ол шығысында жағалық ойпаттарға ұласады.

Кариб теңізі алабында орналасқан аралдар Үлкен Антиль, Багам және Кіші Антиль аралдарының тобын құрайды. Олар шығу тегі жағынан әртүрлі (материктік, жанартаулық және маржандық) болып келеді, жер бедері де алуан түрлі. Аралдардың жағалаулары күшті тілімденген, қолайлы қойнаулар да көп. Бірақ маржан рифтілері кеме қатынасына кедергі келтіреді.

Климаты және агроклиматтық ресурстары

Аймақтың климатын қалыптастыруда географиялық орны мен жер бедері шешуші рөл атқарады. Аумағының басым бөлігін екі жартышардың субтропиктік және тропиктік белдеулерінің алып жатуы, қоршап жатқан екі мұхит айдынының ыңпал етуі және аса ірі кедергі қызметін атқаратын тау белдеулерінің болуы аймақішілік климат ерекшеліктерін қалыптастырады.

Экваторлық белдеуде температура жыл бойы тұрақты. Субэкваторлық және тропиктік белдеулерде температураның жыл мезгіліне байланысты өзгерістері таулы үстірттерде айқын байқалады. Биіктікке қарай температураның төмендеуінен Мексика таулы қыраты мен Бразилия таулы үстірттерінде үсіктер болып тұрады; бұл үсіктер Бразилияның кофе плантацияларына көп зиян келтіреді. Латын Америкасындағы ең ыстық аудан — жыл бойы басым түрде құрлықтың ауа массаларының ықпалында болатын Гран-Чако жазығы. Оңтүстік жартышардың тропиктік белдеуінде орналасқан бұл жазықта жаз айларында температура кейде 50°С-қа жетеді. Жалпы Оңтүстік Америка аумағында орташа жылдық температура тек таулы аудандарда ғана теріс шамаға ие; тіпті қиыр оңтүстіктегі Магеллан бұғазы ешқашан қатпайды.

Аймақ климатына мұхит әсері айтарлықтай. Мұхиттағы жылы ағыстар өтетін Колумбияның батыс жағалауларына жауын-шашын мол түседі. Перуде суық ағысы өтетін Чилидің Тынық мұхит жағалауында дүниежүзіндегі ең құрғақ Атакама жағалық шөлі орналасқан. Күзде Кариб алабындағы аралдар үстімен тропиктік циклондар жиі өтеді, олар өз кезегінде күшті дауылдарды тудырып, үлкен апатты жағдайларға алып келеді.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:


  1. Латын Америка елдерінің халқы?

  2. Агроклиматық ресурстары және климаты?

  3. Әдеби ескерткіштері.

  4. Көркемөнер, сәулет өнеріндегі табыстар.

Әдебиеттер мен оқу-құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.


Сабақ №18

Сабақ түрі: лекция

Лекция №18
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзінің ғаламдық, экологиялық проблемалары.

Сабақ жоспары:

1.Ғаламдық проблемалар 

2.Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

3. Парникті эффект (жылу эффекті).



Сабақтың мазмұны:

1.Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.



2.Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.



Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Еуропа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің еуропалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Еуропа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.

Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.



3.Парникті эффект (жылу эффекті).

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.



Бақылау сұрақ-тапсырмалары:

1.Дүниежүзінің ғаламдық проблемаларын ата?

2.Қауіпті ауруларды жоюу үшін қандай шаралар қолдану қажет.

3.Парникті эффект (жылу эффекті) дегенді қалай түсінесіз?


Әдебиеттер мен оқу құралдары:

1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.

2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.

3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.



Сабақ 19

Сабақ түрі: лекция

Лекция№19

Сабақ тақырыбы: Ғаламдық болжамдар, гипотезалар және жобалар

Сабақ жоспары:

1.Ғаламдық болжамдар

2. AD HOC гипотезасы

3. Имре Лакатостың концепциялары

Сабақтың мазмұны: Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.

Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.

AD HOC гипотезасы - тек қана теорияны мүмкін болатын жоққа шығаратын дәлелдерден қорғау үшін оның түсіндірмесіне қосылатын гипотеза. Сапира-Уорфа гипотезасы - лингвистикалық категориялар перцептуалды және когнитивті категорияларды құрылымдайтындығы туралы тезис.

аллибилизм принципі – бұл Поппердің концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.

«Үш әлем» туралы теория – бұл К. Поппердің философиялық концепциясының теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі, екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және 2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз. Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және өсуін анализдеу – ғылым философиясының пәні болып табылады.

Фальсификация (лат. falsus — жалған және facio — істеймін) — гипотезаның әлде теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сәйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау принципінен ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нәтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.

Имре Лакатос (Лакатош) (1922-1973 жж.) Венгрияда дүниеге келген. 2-ші дүние жүзілік соғыста антифашистик қозғалысқа қатысты. Өзінің Липщиц деген еврей фамилиясын венгрлік Мольнарға (Мельник) ауыстырды, содан соң Венгрияда коммунистік үкімет орнаған соң – дүниежүзілік және европа философия әлемінде аты қалған Лакатошқа (Столяр) ауысты. 1947 жылдары Білім Министрлігінде жұмыс атқарды, диссиденттік көзқарастарына байланысты түрмеге отырды. 1956 жылдары Австрияға, одан Англияға жер аударды. Кембриджде сабақ берді, 1960 жылдары Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіндегі К. Поппер бастаған европаның «критикалық рационализмі» орталығы болған философия кафедрасында сабақ берді. Математиканың философиялық сұрақтары бойынша тақырыпқа арналған диссертациясын Москва университетінде дайындады. 60-70 жылдары Имре Лакатос есімі жарқын шыға бастады. Ол өзінің ұстазы Карл Поппермен пікір таластарда бәсекелесе бастады, бірақ Лакатос өз ұстазының жұмыстарын ары қарай жалғастырды. Оның ойынша барлық методологиялық концепция историографиялық, яғни тарихи болуы тиіс, ал оның бағасын ғылым тарихы беруі тиім. Лакатосты «рыцарь рационалист» деп атады, өйткені ол сыншыл рационализм приципін ұстанды. Оның «Очерки по логике математического открытия» /«Математимкалық жаңалық ашу логикасы туралы очерктер»/ деген докторлық диссертациясы кең көлемді әйгілікке ие болды, және сол диссертация негізінде жазылған кітабы «Доказательство и опровержения» /«Дәлелдер және жоққа шығару»/ жарық көрді (орыс аудармасы 1967 ж. шықты). Жоғарғы ұрпақ философтары бұл кітаптан алған әсерлері «таза бір самал жел» сияқты деп атап өтті. Бұл кітап өз оқырмандарын тез тапты, сол еңбектен цитаталар келтірілді, көптеген докторлық диссертациялардың қолданылған әдебиеттер тізімінен көруге болатын. Өз еңбегінде әдеби жанрмен дәстүрлі платондық диалогтарды еске түсірді. Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мәңгілік және күдікті шындықтар болып табылмайды, ол драматикалық процестер мен тұспалдан тұрады, математика басқа ғылым салаларындағы ғалымдардай «жаңалықтар ашады» деген. Лакатос шамалы, бірақ мағнасы жағынан көлемді жұмыстар жазды. Тағы бір атап өтетін еңбегі «Ғылыми – зерттеу бағдарламаның методологиясы» концепциясы.

Имре Лакатостың концепцияларына тәрізді келесі ұғымдар: ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы»/, гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика.

Ғылыми-зерттеу бағдарлама – И. Лакатоспен құрылған ғылым дамуының универсалды логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологисы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойнша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты және бір-бірін алмастыратың зерттеу бағдарламалар. Зерттеу бағдарламаның құрылыстық элементтеріне оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.

Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/» – бұл И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында – оның шарт түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.

Гипотезалардың «қорғау белдігі» – бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа келтіруден сақтайтың негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылыс. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай әлде толық түрде айырбасталуы мүмкін.

«Аd hoc» гипотезасы – «қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.

Жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика – зерттеу бағдарламаның келешегінде перcпективті /«жағымды эвристика»/ және бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтің нормативтік ережелер туралы анықтамалар.

Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогресивтік және азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатың және гипотезалардың ұсынуына активті түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогресивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламаның дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте ad hoc гипотезаларының саны өсе бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет