ОӘк аатк 01-18 Оқу әдістемелік кешен. География. Бірінші басылым


География пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен ҚР Білім министрлігі бекіткен мемлекеттік білім стандарты талабына сай күндізгі оқу бөлімдеріне арналып құрылған



бет3/9
Дата09.04.2020
өлшемі0,94 Mb.
#62062
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
umk geografiya (1)
Олипиада ойындары
География пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен ҚР Білім министрлігі бекіткен мемлекеттік білім стандарты талабына сай күндізгі оқу бөлімдеріне арналып құрылған.
География пәні студенттерге, географиялық зерттеулердің әдістерін; ең ірі аймақтарды, халықтарды, мемлекеттерді және олардын астаналарын; басқару түрлері және елдердің әкімшілік территориялық құрылғысын білуге мүмкіндік береді;
География пәнін оқып-үйрену қоршаған ортаның дамуының дүниежүзілік процесінің жалпы түрлері мен заңдылықтарын білуге, картамен дұрыс жұмыс жасай білуге көмектеседі.


2.География пәні бойынша негізгі ұғымдар мен атаулар тізімі(глоссарий)
Агломерация- елді мекендер агломерациясы – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. 
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.).
Депопуляция - белгілі бір аумақта халықтың азаюы немесе мүлде жойылуы. Туудың азайып, өлім-жітімнің көбеюі. Депопуляция адам санын өзгертеді, сондықтан, бұл саяси және экономикалық мәселелер тудырады. Депопуляция — адам санының немесе жануарлар дүниесінің азаюы. Өсімдіктер депопоуляциясы олардың сиреуімен түсіндіріледі.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. 
Диаспора (гр.  - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.
Елді мекен – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардыңкәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы (топонимі) болады.
Аумақтық шоғырлану - жалпы географиялық термин, зерттелетін аумақтың жеке орталықтарында (шоғырлану зоналарында немесе орталығында) географиялық нысандардың (географиялық байқау бірліктері) топтануы.Аумақтық шоғырлану нысандар орналасуының біркелкілігі немесе әр келкілігі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Изостера (изо... және грекше: stera - көлем) - географиялық картадағы ауаның тиісті көлемінің бірдей мәндегі нүктелерінің сызықтары
Қырат — жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі. Қыраттың абсолюттік биіктігі 200 м, немесе одан да жоғары болады. Қазақстанда КөкшетауМұзбел, т.б. көптеген ірі қыраттар бар. Қазақ даласындағы қыратты кейде қырқа деп те атайды.
Жер бедері , рельеф (лат.көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардыңмұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Жер бедері таужазықойпаттаулы үстірттөбеқырқааңғаржыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. 
Тау тізбегі - бірінен кейін бірі бір бағытта созылып жатқан, кейде етектері қосылып жатқан жеке жоталар мен алқаптардың қатары. "Тізбек" термині бірінен кейін бірі созылып жатқан ояндармен бөлшектенген бұйраттарға да қолданылады.
Глобус(лат. globus–шар) – ЖердіңАйдыңпланеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы геогр, саяси, тектоникалық, климаттық, т.б. болып бөлінедідәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген,дербес телінбегендігін байқаймыз.
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізатотын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттардыфабрикалардыкеніштердішахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Шұңғыма-тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы орналасқан, оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет