Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат


Саясат нақтыланған мақсаттар мен нәтижелерге жетуді көздейді



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі21,16 Kb.
#80614
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саясаттану дәріс 3 апта
Саясаттану дәріс 3 апта
Саясат нақтыланған мақсаттар мен нәтижелерге жетуді көздейді. Саяси қайраткерлер көбінесе сезімге қарағанда, мүддені басшылыққа алады. Мораль әрдайым жеке қатынаста, оның субъектісі – өнегелі таңдау жасайтын жеке адам. Саясат көбінесе топтық, ұжымдық сипатқа ие. Саясаттың маңызды ерекшеліктері қатарына күшке сүйену, талаптардың орындалмауына күштеу қимылдарын қолдану жатады. Мораль өз қағидаларына сәйкес күштеу тәсілдерін жоққа шығарып, ар-ұжданға сүйенеді. Аристотель пікірінше, «Кімде-кім білімде алда болғанымен, адамгершілік жолында артта қалса, ол алға жылжығанға қарағанда, артқа қарай жүреді».
Мораль мен саясат арақатынасының үш негізгі нұсқаларын бөліп көрсете аламыз:
1) саясаттың мораль мен дінге толық бағыныштылығы;
2) саясат пен мораль арасындағы байыпты алшақтық;
3) демократиялық, құқықтық қоғамдағы саясат пен мораль өзара байланыстарының парасаттылығы.
Саясат пен құқық арасындағы арақатынастардың келесі нұсқаларын ерекшелеуге болады:
1) саясат пен құқық арасындағы бағыныштылық;
2) құқықты абсолюттендіру және оған іске аспайтын мүмкіндіктерді белгілеу;
3) саясат пен құқық арасындағы саналы өзара байланыстарды сақтау: демократиялық реформалар бағыты және құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерінің сәйкестілігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет